(редукция), соңғы күнiне шәк(i)рт (редукция) бала барын салды.
Қорықтан күн шыға атқа мiнейiк деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзi оятып тұрғызып ед(i) (редукция). Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргiншiлерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзiне таныс Көкүйiрiм мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестiсiн ағызып-ағызып та алады. Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай: – Мына баланың ауылға асығуын-ай! – Сорлы бала қыстай iш құста болып қалған-ау, – деседі. Шәк(i)рт (редукция) бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетедi. Жорға Жұмабайдың тақымында қара шоқпары бар. Байтастың да аяғының басына iлген ұзын қайың сойылы барды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп: – Ендi бiзден кетпе! Анау Есембайдың жырасын бiлесiң ғой! Ұры жатады…– дедi. – Сенi мен бiздi манадан көрiп отыр!»қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түс(i)рiп (редукция) атын әпкел (алып кел) (элизия) өзiнiң!»– дейдi де, сенi төбеден бiр-ақ нұқып, мына бәйге бестiңдi алады да кете барады, – дедi Жұмабай да. – Е, сендер ше? Сендер берiп жiбересiңдер ме? – Ойбай, бiзде не қауқар бар? Бiз екеу-ақ. – Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бiздi өзiмiздiң елдiң адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман, – деп Жұмабай шошыта сөйлегiсi келедi. Баланың қытығына тиетiнi. Осы жерi. – Әйтеуiр сендерден дәрмен жоқ(е)кен (аферезис), ендеше бiрге жүрдiм не, жеке жүрдiм не? Ал кеттiм!– деп, соқтырта жөнелдi. Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны едi.