Қазақ тілі және іс-қағаздары пәндері бойынша "Ресми – іскерлік қатынас тілінің жазбаша және ауызша түрі"



бет16/22
Дата07.02.2022
өлшемі489,81 Kb.
#83017
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Қаз тіл ашық сабақ қысқаша түрі

Іс-қағаздар пәнінің оқытушысы "Өмірбаянды" тексеріп, деректемелеріне тоқталады.
М. Мақатаевтың «Менің анкетам» өлеңі бойынша қысқаша рөлдік ойын.
Туған жеріңіз?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылыңыз?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысыңыз кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және - дағы тәуірмін...
Шыққан тегіңіз?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Біліміңіз ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Ана тіліңіз?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
Қайда істедіңіз?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
Сөгіс алып көрдіңіз бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
Шетелдерде болдыңыз ба?
– Болғаным жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
Мекенжайыңыз?
– Мекенжайым – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет