"Астанаэнергосбыт" компаниясымен іскерлік қатынас – адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынас түрі.
1. Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары:
Іскерлік әңгіменің басталуы
Сіздің (мәселе жөнінде) бізген әңгімелесуге келгеніңізге қуаныштымын.
(мәселелерді) талқылауға уақыт бөлгеніңізге алғысымды білдіремін.
Сізбен (мәселе) жөнінде кеңескім келеді.
Сіздің (мәселеге) деген көзқарасыңыз қандай?
2. Іскерлік әңгіменің барысы:
(барысы) жөніндегі біздің ұстанған бағытымыз мынадай.
Сіздер (мәселені) бірлесе орындауға қалай қарайсыздар?
Сіздің ойыңызша, (мәселені) қалай шешуге болады?
Меніңше, (мәселенің) шешімін былай табуымыз жөн.
Сіз (мәселе) жөнінде келісесіз бе?
Бізге (мәселе) жөнінде істің басқа нұсқаларын (варианттарын) қарастырғанымыз жөн болар.
Достарыңызбен бөлісу: |