Қазақ тілі және іс-қағаздары пәндері бойынша "Ресми – іскерлік қатынас тілінің жазбаша және ауызша түрі"


сұрақ . Қаратпа сөз әдебі туралы айтып берсеңіз



бет22/22
Дата07.02.2022
өлшемі489,81 Kb.
#83017
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Қаз тіл ашық сабақ қысқаша түрі

6 сұрақ . Қаратпа сөз әдебі туралы айтып берсеңіз.

7 сұрақ. Қазақы әдепке байланысты қаратпа сөздің ерекшелігіне тоқталсақ. Қазақы қаратпа сөз деген қандай болу керек? Неге қазақы?

8 сұрақ. Ісқағаз стилінің ауызша формасы жайлы әңгіме қозғасақ.

9 сұрақ. Қазақ тілі қандай тіл?


Жүргізуші. Жақсы түсіндіріп бердіңіз, Нұргелді аға. Көп рақмет сізге! 


Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Сөз тіркестерінің орысша-қазақша баламаларын жұптастыру, латын қарпімен жазу:

Қазақша

Орысша

Латын қарпімен жазу

Іскер адам

Деловой человек




Іс қағаздары

Деловые бумаги




Іскерлік қатынас

Деловые отношения




Іскерлік құжаттама

Деловая документация




Іс жөнінде бару

Деловой подход к вопросу




Іскер адам

Деловой человек




Іскерлік бедел

Деловая репутация




Іскерлік әдеп

Деловая этика




Іс туралы әңгіме

Деловой разговор




Іскерлік байланыс

Деловой контакт




Іс қағаздар тілі

Деловая речь




2-тапсырма. Тіл сөзімен жасалатын тұрақты тіркестердің баламасын табу, латын қарпімен жазу:

Тіл сөзімен жасалынған тұрақты тіркестер

Баламасы, мағынасы

Латын қарпімен жазу

Тілі мірдің оғындай.

Шағып сөйлейтін адам.




Тілге жүйрік.

Сөзге шешен, өткір тілді, ділмар.




Тіл мен жағына сүйенді.

Мылжыңдап бос сөз айтты.




Тілдесе алмады.

Сөйлеудің реті келмеді.




Тілдің майын тамызады.

Тыңдаушысын ұйыта сөйледі.




Тіл қысқа.

Ойындағысын жеткізіп айтып бере алмады.




Тілі ащы.

Сөзін тигізіп сөйлейді.




Тілі өтті.

Көз тиді.




Тілге (біреудің) ерді.

Біреудің ықпалында болды.






тест тапсырмалары:
1. Орофоэпиялық нормаға сай сөз қайсы?
А) өлең
В) құндұз
С) жұлдыз
Д) көпір
Е) лақ
2. Ресми ортада қолданылатын сөз орамдары:
А) ағай, апай, тәте, әжей.
В) ханым, мырза, бикеш.
С) қарындас, інім, қалқам.
Д) айналайын, шырағым
Е) балапаным, қарағым
3. Орфографиялық нормаға сай сөз қайсы?
А) қыйын
В) тиым
С) сиық
Д) сыйлық
Е) жиын
4. Мәдениетті адам сөйлесу кезінде қандай ережелерді орындайды?
А) бұрылады, шыдамсызданады
В) сағатқа қарайды, асығады
С) дөрекі сөздерді қолданады
Д) өз ойын дұрыс грамматикалық нормада жеткізеді
Е) ұялы телефонға жауап береді
5. Адамдармен қарым-қатынас орнатуға ...........................бар.
А) бейімділік
В) бейімі
С) бейім
Д) бейімді
Е) бейімсіз
6. Адам бойындағы қандай қасиет іскерлік қарым-қатынастың тиімділігін төмендетеді?
А. Ұялшақтық
В. Алғырлық
С. Шешендік
Д. Әріптестерін сынау
Е. Қарсы пікірге келу
7. Іскерлік қарым-қатынастың сапасына оң әсер ететін факторды атаңдар.
А. Шешен сөйлей білу
В. Ресми сөйлесу әдебін білу
С. Дауыс ырғағын сақтап сөйлеу
Д. Асықпай сөйлеу
Е. Ойланып сөйлеу
8. Іскерлік қарым-қатынасқа тән белгіні көрсетіңіз.
А. Дос-жаранмен сыйластық
В. Отбасындағы қатынас
С. Қызмет бойынша қатынас
Д. Қоғамдық көліктегі сөйлесу
Е. Аудиториядағы сөйлесу
9. Сізбен кездесіп жоспардың кейбір мәселелерін анықта... деп едім.
А) –ейін
В) –айын
С) –йын
Д) –айық
Е) - аңыз
10. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз:
А) өз сөзіңді мойындата білу.
В) тыңдаушының ойынан шығу.
С) тіл тазалығын сақтау.
Д) оқшау сөздерді қолданбау.
Е) оқшау сөздерді қолдану.
Оқытушы: Адам баласы табиғатында темірдей төзімді, гүлдей нәзік. Бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту да оңай.
Қорыта келгенде, әр саладағы маман сөз байлығын игеру нәтижесінде кәсіби білікті іскер ретінде таныла алады. Іскерлік қарым-қатынаста тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін, рухани құндылықтарын айқындай алады.
Топтың басшылары спикерлердің бағалауы. Бағалау критерийлері: «3-4-5» толық қамтылса.

Рефлексия "Бәрі сенің қолыңда". Студенттер ақ параққа алақандарын қойып, қаламмен сол қолдарының суретін салып, әр саусаққа өз ойларын жазу.
1. "Бас бармақ" -мен үшін маңызды және қызықты болды.
2. "Балан үйреу"- мен бүгін түсіндім
3. "Ортан терек"- мен үшін қиын болды
4. "Кішкене бөбек"- менің бағам
5. "Шылдыр шүмек"- менің білгім келеді


Студенттер жазған пікірлерін қоржынға салады. Кері байланыс «Мадақтау» әдісі
Бағалау қағаздарын жинап алу. Топ басшысы критериалды бағалау жүргізеді.
Бағалау: Әр топ басшысы шығып топ мүшелерінің барлығын өздері стикерге жазып бағалайды.


Үй тапсырмасы: Жоба дайындау «Менің іскерлік қабілетім».


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 2010ж.

  2. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. 2006 ж.

  3. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997. 

  4. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984. 

  5. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986. 

  6. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздеріФилология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. – Алматы, 2007 ж.

  7. Б.Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы әдебиет»

  8. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi, 1993.

  9. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы: 1988.

  10. Күдеринова Қ. Бiрге және бөлек жазылатын сөздердiң орфографиясы: Алматы, 2005

  11. Түрлі баспасөз, ғаламтор ақпараттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет