Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 57. Аналитикалық септік



Pdf көрінісі
бет149/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 57. Аналитикалық септік 
Септік категориясы мағынасының көмекші сөздердің қатысуы арқылы 
күрделіленген түрі 
аналитикалық септік 
деп аталады. 
Мысалы: үйдің іші, 
үйдің ішіне, жұмыстан кейін, үйге қарай, үй ішін, үйден гөрі, мерзімінен 
бұрын, жолдасымен бірге 
сияқты көмекші сөздер арқылы септелген зат 
есімдер немесе септелген зат есім мен септеулік шылау тіркескен сөздер 
аналитикалық септікке жатады да, ол сөздер 
септіктің аналитикалық 
тұлғасындағы сөздер
деп аталады.
Аналитикалық септікте әр септіктің негізгі мағынасы сақталады, ол 
мағынаның үстіне қосымша мағына үстеледі. Көмекші есім мен септеулік 
шылау көрсеткіштері септік категориясының мағынасын кеңейтіп, нақтылай 
түседі. Аналитикалық септік көмекші есімдер мен септеулік шылаулардың 
қатысуы арқылы жасалады да, 
көмекші есімді аналитикалық септік
және 
септеулік шылаулар арқылы жасалған аналитикалық септік
болып
бөлінеді. Көмекші есімдер тек септік құрамында ғана, яғни, септелген зат есім 


143 
құрамында ғана қолданылады. 
Мысалы, Күй ішінде кербезі арман деген, 
Арман деген сұлуы сөз ішінде (Қ.М.) 
деген жолдардағы 
күй ішінде
дегенді 
күйде

сөз ішінде
дегенді 
сөзде
деп те айтуға болар еді. Бұл олардың 
мағыналас екенін білдіреді. Сонда, 
күй, сөз
деген зат есімдерге жалғанатын 
септік жалғауы көмекші есім арқылы негізгі сөзге жалғанып тұр. Демек, 
күй 
ішінде, сөз ішінде
тіркестері -біртұтас сөзтұлға. Бұдан көмекші есімнің 
сөздерге грамматикалық мағына үстейтін грамматикалық көрсеткіштер 
қатарындағы тілдік бірлік екенін көруге болады.
Көмекші есім тіркескен зат есім барлық септік жалғаулары бойынша 
түрленеді, септік жалғаулары көмекші есімдерге жалғанады. Мысалы: 
А.с.
ауылдың маңы, мектептің жаны, қаланың іші;
І, с.
ауылдың маңының, мектептің жанының, қаланың ішінің;
Б.с.
ауылдың маңына, мектептің жанына, қаланың ішіне
;
Т.с.
ауылдың маңын, мектептің жанын, қаланың ішін;
Ж.с.
ауылдың маңында, мектептің жанында, қаланың ішінде;
Ш.с.
ауылдың маңынан, мектептің жанынан, қаланың ішінен; 
К. с .
ауылдың маңымен, мектептің жанымен, қаланың ішімен; 
Аналитикалық септіктің екінші түрі септеулік шылаулар арқылы 
жасалады, сондықтан септеулік шылаулар септік жалғаулы сөзге тіркесіп, 
септіктің мағынасына түрлі реңк қосып, оны күрделілендіріп тұрады. 
Мысалы: Жалт қарасам, шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б.М.). 
Жұмыстан кейін кездесейік (С.М.). Бидаймен қатар тары да ектік (С.М.).
Осы мысалдардағы
 үйіне қарай, жұмыстан кейін, бидаймен қатар 
деген 
сөздер аналитикалық септіктің барыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларында 
тұр.
Септеулік шылаулар 7 септіктің ішінен тек а т а у , б а р ы с , ш ы ғ ы с ,
к ө м е к т е с септіктердің аналитикалық сөзтұлғаларын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет