Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет148/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

- Мүмкіндіктің 
бәрі бірдей бола бермейді. 
Күшті, уақытты
есептеу керек. 
Колхоз алдымен тамақ, шикізат байлығын жасасын. Бес жыл бойы 
соғыстан 
бүлінген дүние осыны тілейді. Содан кейін сіз айтқан жаңа 
сатыға 
аяқ 
басамыз. 
- Менің 
жоспарымда 
осы максат 
артығымен 
орындалады. Сонымен қабат 
колхозды жаңа сатыға көтереді. Көріңіз,— деп, Жомарт та өз жоспарын 
столдың үстіне жайды. Жоспардың дұрыстығын дәлелдейтін қиын-қиын есеп, 
диаграммаларды қоса жайды. Есжан үңіліп отыр. 
Өңінде 
титтей де толғану 
нышаны байқалмайды. Бұдан бірнеше күн бүрын Сатан екеуі Жақыптың 
жоспарын қарап, қатты ұнатқан. 
Тосыннан 
кездескен жаңалықты
 
лаулаған ой 
қапелімде кабылдай қоя ма? Оған 
секретарьдың 
пікірін, жоғарыдан келген 
нұсқауды мықты ұстайтын әдеті қосылып кетті де: 

Мазмұнын 
қысқаша айтыңызшы,— деді келтесінен. —
Цифрдан 
қысқа сөз бола ма?—деп, күмілжіді Жомарт.— Бұның өзі қысқа, 
шағын бір жылдық қана жоспар. Сауын сиырының жүзден жиырма бесі асыл 
тұқымды болса, жүздің бергенін береді. Сонда 75 сиырдың беретіні 
қалпымен 
пайдаға қалады. Егістің жүзден елу 
гектарына 
агрономияны 
толық пайдалансақ, бұ да жүздің бергенін береді. Елу гектардың өнімі пайдаға 
қалады. Толық есептерін бірінші, екінші кестеден қараңыз. Осы екеуінің өзі-ақ 
миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр. Тиірменді, ұста дүкенін, фермаларды, 
колхозшылардың үйін электрлендіру арқылы 
жылына 
ең кемі екі мың сағат 
жұмыс уақытын үнемдеуге болады. Бұл — неше 
жұмысшының 
неше жұмыс 
күніне тұратынын есептей беріңіз. Осынша ен байлықты көре-тұра айтпауға 
бола ма, ол үшін айтыспауға бола ма? 
(Ғ. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет