Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет231/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 88. Бұйрық рай 
 
Етістік сөздерінің лексикалық мағынасындағы айтылған іс, қимыл, амал 
тек аталып қана қоймай, белгілі жаққа айтылады. Сөйлеуші адам істелуге 
тиісті істі, қимылды не тыңдаушы адамға не бөгде біреуге, я бөгде бірдемеге 
қаратып айтады. Мысалы:
 бар, күл, оқы, жаз, сөйле, 
дегенде немесе 
барғыз, 
келтір, оқыт,жаздыр, сөйлеттір 
дегенде қимыл, амал тыңдаушы ( ІІ 
жақтағы) адамға қаратып, міндеттеп айтылса, 
барсын, келсін, оқысын, 
жазсын, сөйлесін, барғызсын, келтірсін, оқытсын, жаздырсын сөйлетсін
дегенде сол қимыл, амал бөгде (ІІІ жақтағы) адамға қаратып, міндеттеп 
айтылады.
Іс, қимыл, амалды орындау біреуге міндеттей, бұйыра айтылатын
етістіктің райы б ұ й р ы қ р а й деп аталады. 
Бұйрық рай сөйлеуші, тыңдаушы (бөгде) адамдарға қаратылып айтылады. 
Сондықтан бұйрық райда да үш жақ болады. Бірақ бұйрық райдағы жақ ашық 
райлы етістіктің жіктелуіндегі жақтан өзгеше. Өйткені жіктік жалғаудағы 
жақта істің істелгендігі, істеліп жатқандығы, істелгендігі және оны істеуші 
жақ көрсетіледі. Ал бұйрық райда әлі істелмеген, басталмаған іс, қимыл, 
амалдың кімге арналғандығы көрсетіледі. Сондықтан бұйрық райда шақтық, 
мезгілдік ұғым жоқ та, тек істі қай жақтағы адам істеуге тиісті екендігі 
көрсетіледі. 
Істелуге тиісті іс, қимыл, амал негізінде тыңдаушы (ІІ жақтағы) адамға 
және бөгде (ІІІ жақтағы) адамға жүктеле, міндеттеле, бұйыра айтылады.
Сондықтан да қазақ тілінде етістіктің негізгі түбірі де, туынды түбірі де 
жекеше ІІ жақ бұйрық райға тең болады. Мысалы: 
Ал, бер, тыңда, көр, байла, 
жар, сана, ойла, шегеле, алма, берме, тыңдама, көргіз, байлат, жарғыз 
т.б.


219 
Бұйрық райдың ІІ жағының анайы түрімен қатар сыпайы түрі де болады. 
Бұйрық райдың (ІІ жағының) сыпайы түрі етістіктің түбіріне, яғни ІІ жақ 
бұрық райдың анайы түріне, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет