Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет249/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Қарағанды үшін 
азаптан, тыным таппа деп 
едім? (Ә. Ә.) 2. 
Ибрагим Қүнанбаев сияқты 
кісіні айыптау керек болса, 
қандай жаманшылық жаланың бәрінен де тартынатын емес. (М. Ә.) 
3. 
Со-
лар арқылы 
әр кеңсенің үлкенді-кішілі чиновниктеріне де осы күнде білікті, 
көзтаныс арызшы болып алган. (М. Ә.) 
Бұл сөйлемдердегі 
үшін, сияқты, 
арқылы 
шылаулары өзінің алдындағы атау тұлғалы зат есімдермен ғана 
тіркесе алады, өзге септік жалғауындағы сөзден кейін бұлар айтылмайды. 
ә) 
Тарта, таман, жуық, дейін, шейін 
шылаулары тек барыс септік 
жалғаулы сөзден кейін ғана тұра алады, екінші сөзбен айтқанда, өзінен 
бұрынғы сөздің барыс жалғауында тұруын талап етеді. Мысалы: 1) 
Қайтадан 
құнанын жетектеп 
шұқырға қарай 
жүрді. (С. Б.) 2. Біз сайлау 
сағатына 
дейін 
Қызыл Алаңда, орталық көшелерде серуендей тұруға бекіндік. (С. М.) 
3. 
Бұл жөнінде де анықтап соңгы 
сөзге шейін 
ашық айтпаса да, Оразбай екеуі 
бірін-бірі аңдысып алды. (М. Ә.) 
Бұл сөйлемдердегі 
қарай, дейін, шейін 
шылаулары барыс септік жалғаулы сездерден кейін қолданылып тұр. 
б)
Басқа, соң, кейін, бұрын, әрі, бері, гөрі 
шылаулары тек шығыс септік 
жалғаулы сөздерден кейін ғана қолданылады. Мысалы: 1) 
Оның үстіне ол 
келіншек 
сенен гөрі 
үлкенірек офицер болып шығып, өзің атып тұрып, 
қолыңды шекеңе бұрын апарып қалсаң, қалай болар. (Ғ. Мүсір.) 2. Бірақ өзбек 
халқының мәдениеті де, Россиядағы өзге ұлттардың мәдениеті де кең өріске
Ұлы Октябрь 
революциясынан кейін 
ғана шықты. (С. М.) 
3. 
Содан соң 
шұбырып әңгіме кетеді. (Ғ. Мүсір.) 
Бұл сөйлемдердегі 
гөрі, кейін, соң 
деген 
шылаулар шығыс септік жалғаулы сөздерден кейін айтылып тұр. 
135- жаттығу. 
Мына сөйлемдерді көшіріп, септеулік шылаулардың астын сызындар. 
Олардың қай септік жалғаулы сөзден кейін колданылып тұрғанын айтыңдар. 
1. Баршагүл оған жалт қарады да, құлағына дейін қызарып шыға келді.
(Ғ. Сл.) 
2. Күн сайын опырыла түсіп, сағат санап аласара түскен үйдің ең 
астыңғы қабатына түскенімізге әлі он-ақ күн өткен екен. 
(Ғ. Мүсір.) 
3. 
Қаламен бірер күн танысқаннан кейін іздеп келген темір жолымның 
мәселелерімен шұғылданбақ болып, жақсы білетін адамдарды сұрастырдым. 
(С. М.) 4.) 
Сіз Абайға жалғыз ғана мен қарсы деп ойламаңыз, мен сияқты ел-


235 
дің инабатты атқамінер, абыройлы аксақал-қарасақалдарының бәрі де қарсы. 
(М. Ә.) 
5. Сәтжан ителгісі үйрек алғаннан бері өзіне де бұрынғысынан өзгеше 
тәрізді. 
(С. Бег.) 
6. Мырекеннің айтып тұрғаны көмір шабатын машина 
жайында болып тұр ғой. 
(Ә. Ә.) 
7. Кітап магазинінің ішіне жауыннан бұрын 
қамсыз кірген он шақты адам өз жұмыстарын бітірсе де, жауыннан сескеніп, 
кеткісі келмей, әрқайсысы әрбір кітапты карап, беттерін аударыстырып тұр. 
(С. Б.) 
8. Радио арқылы күнбе-күн байланысып тұру керек кой. 
(Ғ. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет