Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет255/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
ОДАҒАЙ 
 
§ 97. Одағайлар туралы түсінік 
 
Одағай сөздердің, өзге сөз таптарымен салыстырғанда, мағыналық жағынан 
да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өзіне тән 
көптеген ерекшеліктері бар. 
Мағыналық жағынан одағайлар белгілі заттың атауы да, сыны да, саны да 
немесе қимылы да бола алмайды. Сондықтан синтаксистік қызметі жағынан 
сөйлемде ешбір сөйлем мүшесінің қызметін аткара алмайды. Одағай сөздер 
өздерінің негізгі ұғымында тұрып тұлғалық өзгерістерге түспейді, яғни 
есімдерше көптелмейді де және етістіктерше жіктелмейді де. 
Сөйтіп, 
адамның түрлі көңіл күйін, ішкі психологиялық сезімін 
білдіретін, адамға, жан-жануарларға бұйыру, ренжу, шақыру 
ишарасында қолданылатын сөздерді о д а ғ а й
деп атайды. 
Одағайлар лексикалық мағыналары жағынан қорқу, қуану, шаттану, ренжу, 
күйіну, өкіну, түңілу, таңырқау, шошыну сияқты көңіл күйін білдіреді. 
Мысалы: 
Ойбай,
 мынау немене? 
Бәрекелді
, ат-ақ екен
. Ау,
 сен не айтып 
тұрсың!! 
т. б. 
Одағайлар мағынасына қарай үш топқа бөлінеді:


239 
І.Көңіл күй одағайлары. Бұларға мына сияқты сөздер жатады: 
уһ, аһ, еһе, 
аһа, оһо, пәлі, ойпырай (ойпырмай), алақай, бәрекелді, әй, ей, өй, ой, ау, әттең, 
қап, әттеген-ай, беу, уа, ту.
2. Жекіру немесе ишарат одағайлары. Бұлар сан жағынан көп емес: 
жә, 
кәні, тәйт, тек.
3. Шақыру одағайлары. Бұлар негізінде үй хайуанаттарына қаратылып
айтылатын шартты шақыру, тәртіп сөздері. Олар: 
Көс-көс! Ка-ка! Шөре-шөре! 
Құру-құру! Ауқау-ауқау! Моһ-моһ! Шөк! ШЕК! Сорап-сорап! Пыс-пыс! 
Шәйт! т.б. 
Одағай сөздерінен, түрлі жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер
жасауға болады.Мысалы:
уһле, ойбайла,
алақайла, аһла, уһлеген, 
ойбайлаған,алақайлаған, аһлаған, уһлей, ойбайлап, аһлап, алақайлап т.б

Одағайлар бастапқы мағынасында сөйлемге мүше бола алмайды, 
сондықтан сөйлемдегі өзге сөздерден оқшауланып, үтір (,) , леп белгілері (
!

арқылы бөлініп тасталады.Сөйлем ішінде одағай сөз айтылса,ол сөйлем, 
әдетте, лепті сөйлем болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет