Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет260/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Қалатаң-құлтаң
 амалдар. (А. Қ.). 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Қандай сөздер одағай деп аталады? 
2)
 
Одағайлар мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Көңіл-күй одағайларына 
қандай сөздер жатады? 
3)
 
Жекіру, ишарат, шақыру одағайларына қандай сөздер жатады? 
4)
 
Одағайлар сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсала ала ма? 
5)
 
Қандай сөздер еліктеу сөздер деп аталады? 
6)
 
Еліктеу сөздер нешеге бөлінеді? 
7)
 
Еліктеу сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма? 
141-жаттығу. 
Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшеліктеріне түсінік беріңіздер. 
1.Тайынша тайғанақтап барып, тыраң ете түсті ( Б. Т. ). 2.Шегебай зілдей 
саптама етігімен сылқ еткізіп теуіп оятты ( Б. Т. ). 3. Үйдегілер тегіс есік 
жаққа қарап, елең ете қалысты ( Б. Т. ). 4. Ақлима шаңын қағып, бұлқан-
талқан боп сілкініп қалды ( Б. Т. ).5. Өрт шарпыған ағаш үйдің ішінде шыр-
шыр етіп әйелі, жалыз баласы қалған ( Б. Т. ). 6. - Бермеймін демеймін-у, 
салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын ( Ә. О.). 7.Аюкеніме оңашалана бергенде, 
күңк ете қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті ( Б. Т. ). 8. Жаяу-жалпы сан-
сапалақ жұрт та тапыр-тұпыр етіп, сапырылысып жатады ( Б. Т.). Тастан-тасқа 
ырғыған ат дүбірінің өзі-ақ маңайды жаңғырықтырып, үрейлі айқайға ұласқан 
тасыр-тұсыр жер-көкті көтеріп тастағандай болады ( К. О. ). 
142-жаттығу. 
Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, еліктеуіш сөздердің астын бір, 
бейнелеуіш сөздердің астын екі сызықпен сызыңдар. 
Сыбдыр-сыбдыр, аяғын еппен басқан сақтық (З. Ш.). 2. Кучмеев күміс 
құтыны сырт еркізіп ашып, сигар алып тұтатты да, көк түтін арасынан 


243 
сығырая қарады ( К.Т.). 3. Ондайын байқаған да емес едім, Жалт беріп атып 
кеткенде, жалына жабыса бердім (Қ. О.). 4. Іші жарқ-жұрқ етеді ( З.Ш.). 5. 
Әлсін-әлсін қойдың шеті дүр етіп басылып, маңырап, пысқырғандары естіледі
(К. О.). 6.Басы бұлғаңдап, сылқ-сылқ күлген Евдокия Кириловна :
- Жә, жасырмай-ақ қой, - деді (К. Т.). 7. Монтиған мінезбен маң-маң басып 
Тоқаштың қасына барды (З. Ш.). 8. Бекбосын мырс етіп қалды да, бет-аузын 
тыржитып, тымағының бауын шешті (К .О.). 9.Одан басқа не бітіреді дейсің 
олар десіп, жұрт гу-гу етіседі (К. Т.). 10. Тоқаш сылқ етіп томарға отыра кетті
(З. Ш.) 11. Әлден уақытта сарт етіп есік ашылады (З. Ш.). 12. Төргі бөлмеде ақ 
болскей кереуетте екі-үш жасар еркек бала ұйқтап жатыр (Ғ. М.).
143-жаттығу. 
Еліктеу сөздердің түрлеріне төменде көрсетілген үлгі бойынша мысалдар 
келтіріп, олардың үш-төртеуімен сөйлем құрап жазыңдар.
1.
 
Күлкінің түрлері: 
қарқ-қарқ, мырс-мырс. 
2.
Қимыл, қозғалыс түрлері: 
кердең-кердең, сылаң-сылаң.
3.
 
Адамның бет құбылысының (мимикасының) түрлері: 
тыржың-тыржың, 
жәутең-жәутең. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет