Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Ең кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, бірі басыңқы



Pdf көрінісі
бет269/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Ең кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, бірі басыңқы, 
екіншісі бағыныңқы болып сабақтаса байланысқан сөздердің синтак-
систік тобын с ө з т і р к е с і дейді
.
Кез келген екі сөзді тіркестіріп айтып, сөз тіркесін құрауға бола бермейді. 
Бір-бірімен мағыналық байланысы бар сөздер ғана тіркесіп, сөз тіркесі деп 
аталатын синтаксистік топ құрай алады. 
Мысалы, 
асау, жуас
деген сөздер жанды заттың белгісі ретінде зат есім 
сөзінің алдында тіркесіп айтылып, анықтауыш бола алады. Сөйте тұрса да, ол 
сөздер кез келген жанды затты білдіретін сөзбен тіркесе алмайды. 
Асау ат, 
асау бие, жуас ат, жуас түйе 
деп айтуға болады да, 
асау қозы, асау мысық, 
жуас үйрек 
деп айтуға болмайды. Сөз тіркесі басыңқы сөз бен бағыныңқы 
сөздің байланысу тәсіліне қарай екі түрлі ыңғайда құрылады. 
1) Тіркеске енген сөздер бір-бірімен сатылана байланысады. Мысалы, 
Біздің ескі мектебіміздің жайын өздерің білесіңдер ( Ғ. Сл.) 
деген сөйлемде 
біздің ескі мектебіміздің жайын білесіңдер деген сөздер сатылана байланыс-
қан. Олардың байланысын кестеге түсірсек, мынаны көруге болады:
 
Бі л е с і ң д е р 
н е н і ? 
ж а й ы н
н е н і ң ? 
м е к т е б і м і з д і ң
қ а й ? к і м н і ң ? 
е с к і б і з д і ң 
Тіркеске енген сөздердің біреуі басыңқы, жетекші сөз болып, өзгелері сол 
басыңқы сөзге ортақтаса байланысуы да мүмкін. Мысалы, 
Олар қаладан 
кеше машинамен келді
деген сөйлемде бір етістік баяндауышқа қазықталып 
ортақтаса байланысқан мына сияқты сөз тіркестері бар: 
Олар келді қаладан келді кеше келді машинамен келді 
 
§ 103. Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысу формалары 
Сабақтаса байланысқан тіркестің құрамындағы сөздер әр түрлі 
синтаксистік тәсілдер мен морфологиялық тұлғалар ар-қылы біріне-бірі 
бағынып тұрып, әрқайсысы сөйлемнің бір-бір мүшесінің қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет