Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет28/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

1.Ашық буын.
Бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе
дауыс-сыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын 
буынды а ш ы қ б у ы н дейді. 
Мысалы: 
а-на, ә-ке, и-не, е-не; ше-ше, ба-ла, са-на, қа-ра. 
Алдыңғы төрт 
сөзде көрсетілген сияқты жалғыз дауысты дыбыстан тұратын жалаң ашық 
буын сөз басында ғана келеді. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты
дыбысқа аяқталатын екі дыбысты ашық буын, көбіне, сөздің соңында 
келеді. Соңғы ерекшелік сөз басында да, сөздің орта шенінде де келе береді. 
2. Тұйық буын. Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа 
бітетін буынды т ұ й ы қ б у ы н дейді. 
Тұйық буын, негізінде, бір 
дауысты, бір дауыссыз дыбыстан тұрады. Бірқатар бір буынды, үш дыбыстан 
құралған сөздерде тұйық буын бір дауысты, екі дауыссыз дыбыстан да тұрады. 
Мысалы: 
ант,ұлт, өрт, аст, үст.
3. Бітеу буын. Дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен 
қоршалып тұратын буынды б і т е у б у ы н дейді.
Бітеу буын негізінде, 
үш дыбыстан тұрады. Мысалы: 
бал, тас, мал, көз, тор жол, тіл, қол, нан, шаң, 
мұз, қыз, пеш, жаз 
сияқты жеке сөздер болып келеді де, 
мек-теп, бал-дыр-ған, 
жат-қыз, жыл-дам, бал-дай 
деген сияқты сөздердің басында, ортасында және 
соңында да келеді. Қазақтың кейбір байырғы сөздерінде бітеу буын төрт 


27 
дыбыстан да құралады. Бітеу буын төрт дыбыстан болып келгенде, дауысты 
дыбыстан кейін әуелі үнді (сонор), одан соң қатаң дауыссыз дыбыстардың 
бірі келуі міндетті, дауыссыз дыбыстардың бір буын ішінде езгеше болып 
орналасуы мүмкін емес. Мысалы
төрт, бұлт, қант, жент, тарт, сүрт, саңқ.
Сөзді буынға бөлудің дұрыс жазу үшін маңызы зор. Жазу кезінде үнемі 
сөздер бір жолға тұтас сыя бермейді. Жолдың аяғына сыймай қалған сөздің 
бөлегін келесі жолға шығару керек болады. Мұны грамматикада т а с ы м а л 
немесе с ө з д і т а с ы м а л д а у дейді. Әдетте мұндай жағдайда жол 
аяғында сөздің сыймаған бөлігін қалай болса солай, тәртіпсіз тасымалдау ға 
болмайды, тек сыймаған буынды ғана тасымалдайды. Сөзді тасымалдауда 
қате жібермеу үшін, әуелі сөзді буынға бөліп алу керек. Бірақ жолға сыймаған 
буынды тасымалдағанда, бір ғана дауысты дыбыстан тұратын жалаң ашық 
буынды жолдың аяғында қалдыруға да, жаңа жолдың басына шығаруға да 
болмайдыі Мысалы: 
ке-реге 
немесе 
кере-ге; сай-раған 
не 
сайра-ған 
түрінда 
буынға бөліп тасымалдауға болады. Ал 
кер-еге, сайр-аған, сай\ рағ-ан 
деп 
тасымалдауға болмайды. Сол сияқты 
әке, апа, әжі 
деген сәздерді 
ә-ке, а-па, ә-
же 
деп буынға бөлуге болғанымен: 
ә, а 
дыбыстарынан тұрған ашық буынды 
жол аяғында қалдырып тасымал жасауға болмайды. 
Түбір сөзге қосымшалар жалғағанда, түбір сөздің соңындағы буынның бір 
дыбысы қосымшадағы буынға ауысып, буынның сапасы өзгеріп отыруы — 
тілдегі заңды құбылыс. Екі дыбыстан құралған тұйық буынға жалаң ашық 
буын немесе тұйық буын жалғанса, бұрынғы тұйық буын ашық буынға 
айналады. Мысалы: 
ат+ы — а-ты, оқ + ы — о-қы; ар + ым — а+рым, ат+ақ 
— а-тақ.
Үш дыбыстан құралған тұйық буынға жалаң ашық буын немесе 
тұйық буын қосылса, түбірдің соңғы дыбысы қосымшаға ауысады. Мысалы,
ант + ы 
— 
ан-ты. 
Үш дыбыстан құралған бітеу буынға жалаң ашық буын 
немесе тұйық буын қосылса, бұрынғы бітеу буын ашық буынға айналады да, 
екінші тұйық буын бітеу буынға айналады. Мысалы: 
мал-\-ы 
— 
ма-лы; бас + 
ы 
— 
ба-сы, жас-\-ым 
— 
\жа-сым, көз + ім
— 
кө-зім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет