Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


қырдағы  елмен араласып. (А. Қ.)  4)  Менің



Pdf көрінісі
бет300/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

қырдағы 
елмен араласып. (А. Қ.) 
4) 
Менің 
белгім осы.5)
Ұлыған 
қасқырдың даусы жан-жақтан естілді. (С. М.) 
6) 
Ойда 
он 
сиырдың мүйізі 
сырқыраса, қырда 
қыры
қ сиырдың мүйізі сырқырайды. («М. М.») 
Анықтауыш пен анықталушы сөздердің қай сөз табынан болып келуіне 
қарай олардың мағыналық қарым-қатынастары да түрліше болады. Қазақ 
тіліндегі анықтауыштарды мағыналық ерекшеліктеріне карай негізгі екі топқа 
бөлуге болады: 1) сапалық анықтауыш; 2) меншіктік анықтауыш. 
Өзінен кейінгі зат есім сөзімен қабыса байланысып, нәрсенің түр-
түсін, сан-сапасын, мөлшері мен неден жасалғанын көрсетіп тұратын 
анықтауыштың түрін с а п а л ы қ а н ы қ т а у ы ш дейді. 
Сапалық анықтауыштар сын есім, сан есім, есімдік, есімше және атау 
тұлғалы зат есімдерден болып келеді. Мысалы: 
қызыл жалау, көк шөп, бес 
саусақ, екінші сынып, бұл үй, осы бала, туған ай, қатқан мұз, ағаш арба, 
темір жол.
Ілік жалғауы тұлғасында келіп, анықталушы сөзбен матаса 
байланысып, нәрсенің кімге меншікті, тән, тиесілі екендігін көрсетіп 
тұратын анықтауыштың түрін м е н ш і к т і к а н ы қ т а у ы ш дейді. 
Мысалы: 
Асанның машинасы, сиырдың сүті, шөптің бояуы, есіктің 
тұтқасы, заводтың гудогі. 
162-жатптығу. 
Мәтінді көшіріп жазып, әрбір сөйлемдегі анықтауыштардың астын 
сызыңдар да, анықтауыштан кейін жақша ішіне сұрауларын жазыңдар. 
Қаңтар айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға 
айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып, қызыл торғынның түсіндей 
боялып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың 
өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың 
бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған, асыл нұрдың буын ғана 
жалатқандай. Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған Күн шарасымен тұтас 
көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала шұбар бұлттар кең 
жиһанның жүзіне перде болған жоқ. Күні бойы тыныш болған жел 
Күшікбайдың баурында ғана ызғырықтап, жаңадан жауған көбік қарды жаяу 
борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне 
кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып 
көрінеді. 
(М. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет