Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет312/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 121. Мекен пысықтауыш 
Сөйлемде қимылдық процестің, іс-әрекеттің, оқиғаның болу орнын 
(мекенін), бет алыс бағытын білдіретін пысықтауышты м е к е н п ы - с 
ы қ т а у ы ш дейді.
Мекен пысықтауыштар қ а й д а? қ а й д а н ? қ а л а й қ а р а й ? қ а й
ж а қ т а н ? қ а й ж е р г е ш е й і н ? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
Мекен пысықтауыштар мына сияқты сөз таптарының түлғалық 
ерекшеліктері арқылы жасалады.
1. Мекен пысықтауыш, көбінесе, мекендік үстеулерден болады. 
1) 
Кеме жай жүріспен 
алға 
жылжыды..2) Машина 
кейін қарай 
жұмыс 
істей бастады. (Л. К.) 
3) 
Біз де ерегісе 
ілгері 
ұмтыламыз. (С. М.) 
4) 
Жәнібек 
артта 
келе жатыр еді. (М. Ә.)
2. Көлемдік ұғым беретін есім сөздері мен сілтеу есімдіктері жатыс септік 
жалғауында айтылып, мекен пысықтауыш болады.
 2)
Біздің ауылда
 Тұрман 
дейтін жігіт бар. (Ғ. М.)
3. Сілтеу есімдіктері мен
жақ, маң, жер 
сияқты көлемдік мағынадағы 
есім сөздері тіркесіп, соңғы сөздері жатыс, шығыс, батыс, көмектес септік 
жалғауларының бірінде келіп мекен пысықтауыш болады.1) 
Бұл маңда 
ел 
жоқ-ты. (Ғ. Сл.) 
2) 
Бұл жақта 
жерден астық алу алтын алудан қиын. (Ғ. М.) 
3) 
Осы арада ол 
Тоқмолдамен арасындағы келіспеушілік жайлы айтсам ба 
екен деп тұрды да, айтпады. (Б. С.)
4. 
Бір, оң, сол 
сөздері есім сөздерімен тіркесіп айтылу арқылы да мекен 
пысықтауыщ болады.
Оң қанаттан зеңбірек үні жұмсарып, талып жетсе, 
сол қанатта мылтық даусына дейін анық. (Т. А.)
5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет