Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 154. Шартты бағыныңқылы сабақтас



Pdf көрінісі
бет374/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
§ 154. Шартты бағыныңқылы сабақтас
 
Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі іс, амал, әрекет, оқиғаның
шартын білдіріп тұратын сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ш а р т т ы
б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с
дейді.
Шартты бағыныңқы сөйлем қ а й т с е ? н е е т с е ? қ а й т к е н д е ?
н е е т к е н д е ? деген сұраулардың біріне жауап беріп тұрады. 
Шартты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы мына сияқты 
морфологиялық тұлғаларда тұрады:
1. Шартты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік 
болып келеді. Шартты райлы етістік болған баяндауыш тәуелдік жалғауының 
I, II және III
 
жақтарының бірінде айтылып, өзінің бастауышымен жақтасып 
тұрады. Мысалы: 
1) 
Егер де 
барлық жол мүлкі салынған чемоданымнан айырыларымды 
білсем, 
темір торы бар бөлме алар едім деп өкінді. (К. Т.) 
2) 
Ынта салып 
жігерлене 
істесең, 
бітпейтін жұмыс бола ма? (Ғ. М.) 
3) 
Іші пысқандар не 
еріккендер мені қисса оқуға 
шақырса, 
сұлыға дәніккен аттай жортып барам. 
(С. М.)
Бұл үш сөйлемнің үшеуі де шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. 
Өйткені тұлғалық көрінісі жағынан бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлем 
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістікте тұруы арқылы 
синтаксистік байланысқа енген. Мағыналық белгісі жағынан бағыныңқы 
сөйлем басыңқы сөйлемдегі оқиғаның шарты ретінде айтылып түр. 
Бағыныңқы сөйлемдердің шартты райлы баяндауыштары тәуелдік жалғау 
қосымшаларын қабылдап, өз бастауыштарымен жақтасып тұр. 


Сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемі мен басыңқы сөйлемінің шарттық 
қарым-қатынасы бірде жеткілікті түрде айқын айтылса, бірде жеткіліксіз, 
көмескі түрде де айтылады. Мүндай жағдайда бағыныңқы сөйлемнің шартты 
не шартты емес екендігін айқындау үшін, бағыныңқы сөйлемнің алдына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет