Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет375/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

егер, 
егер де 
сөзін келтіріп айтып көру керек. Бұл сөзді бағыныңқы сөйлемнің 
алдынан қосып айтуға келетін болса, ол сөйлем шартты бағыныңқылы 
сабақтас болады да, ол сөзді қосып айтуға болмайтын болса, ондай сөйлемнің 
бағыныңқы сөйлемі мен басыңқы сөйлемінің қарым-қатынасы шартты болмай, 
өзге бағыныңқылы сөйлем болады. Мысалы: 
Тәттіні 
бермесе
г
 
ащыны білер 
ме едік. (Ғ. М.) 
деген сейлемнің алдынан 
егер 
сөзін қосып айтуға келетін 
болғандықтан, бұл сөйлем — шартты ба-ғыныңқылы сабақтас сөйлем. 
Жалма-
жан, түра-сала далаға шықсам, сәске түс болып, күн ыси бастаған екен. (Б. 
М.) 
деген сөйлем — мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем, өйткені оның 
алдынан 
егер 
сөзін келтіріп айтуға келмейді. 
Бағыныңкы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік болып келгенде, 
бағыныңқы сөйлем мен басыңқысөйлемнің арасындағы шарттық қатынасты 
білдіру үшін, бірі бағыныңқының құрамында, еқіншісі басыңқының 
құрамында айтылатын 
неғүрлым-соғұрлым, қалай-солай, қандай-сондай, 
кімді-соны
деген сияқты жұп сөздер де қолданылады. Мысалы: 
Арқасын жапқан қалың шашы күннен қандай қорғаса, ардақтап сақтаған ар-
ұяты жамандықтан 
сондай
қорғап тұр. ( Ғ. М. ).

2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің болымсыз түрі болып, 
оның үстіне 
-йынша, -йінше 
жұрнағы жалғанып айтылса да, бағыныңқы 
сейлем басыңқы сөйлемдегі ойдың шартын білдіреді. Мысалы: 
1)
 
Мектепте саналы тәртіп 
болмайынша, 
сапалы білім болмайды. («X. 
мұғ.»)

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімшенің жатыс 
септік жалғау тұлғасында және 
-й 
жұрнағы жалғанған көсемше тұлғасында 
айтылса да, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың шартын білдіреді. 
Мысалы: 
1) 
Осы интернаттар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет