көптің бірі боп, біз қандай оп-оңай араласып кете берер едік! Сол сияқты сырт
киімді өзгертіп киіп, жаудың барлаушылары да қаптап-ақ араласып келе
жатқан болу керек. Жолға жоламауымыздың себебі де осы.
(Ғ. Мүсір.)
212-жаттығу
.
Мәтінді оқып шығыңдар да, құрмалас сөйлемдерді
тауып, олардың түрлерін ажыратыңдар.
Әбдірақыман школды бітіргенде, дабысы жер жарды. Өте зирек болғаны
ғой, учительдері де мақтаса керек. Дуандағы начальник «тілмаш» бол деп
өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың писары өліп,
писарьсыз тұр еді. Әбдірақыманға писарь бол деп жабысты, оған да болмады.
Жамантық болысындағы бір байдың школына барып бала оқытты. Содан бері
қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас кезінде келіп
еді. Содан бері Әбдірақыманды көргенім осы, ол «Маған көріспейсің бе?» деп,
қалжыңдады. Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қожабай әңгімені көпіртіп
отыр екен, бізді көрген соң жым болды.
Үй ішімен Әбдірақыман тегіс амандасты, Есімбек бай онша жақсы
көрмеген адамның қалыбын істеді. Бұрынғы сөздерін тастай беріп, «оқығандар
анау, оқығандар мынау болады» деп, шатпа тілге айналды. Мен ғажапқа
қалдым. Артынан Әбдірақыманнан себебін сұрасам, өткен жылы бұрынғы
қалыбымен, күзгі астыққа бай киізін сатқанда, Әбдірақыман тілін алар
адамының біріне де алдырмапты: «Әзір асығып екі бағасына алғанша,
астықтарыңды жиып алған соң, шалқайып отырып жарты бағасына
аласыңдар» деп. Әбдірақыманның тілін алғандар бірталай пайда қылыпты.
«Мені олжамнан қақты» деп, байдың тырысып отырғаны сол екен.
(Б. М.)
Достарыңызбен бөлісу: