Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет103/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

59 - жаттығу. 
Сөйлемдерден сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы жасалған 
сөздерді тауып, олардың жасалу ерекшеліктерін және қай сөз табына 
жататынынтүсіндіріңдер 
1.Жұмаш темекі тартып далада тұрып қалды да Дәнеш ішке кірді. Үй толы 
адам: баяғының сал-серілері секілді кестелі мешпет-шалбар киген жігіттер, 
қос етек көйлек, қызылды-жасылды камзол киген үкілі қыздар ( Қ.Жұмд. ). 
2.Бұлар сол күні Жылқыайдар аулына қонып шықты. Ертеңінде таңертең 


105 
Сарыбай бастаған бір топ совхозға қайтып кетті де, Жұмаштар маңайдағы 
шопандарды аралап, малшы қауымның жай-күйімен танысу үшін осында 
аялдап қалды. Орталықтан келген еміс-еміс хабарға қарағанда, Машанов 
ауылға аман-есен жеткен көрінеді ( Қ.Жұмд. ). 3. Айнала жым-жырт 
тыныштық. Әлдеқайдан көктем шуағына мас болған бозторғайдың шырылы 
талып жетеді. Аспан әлемі көгілдір шыныдай тұп-тұнық. Сонау алыс 
солтүстікте үлпілдеген ақ мамақ бұлттар қалықтайды ( Қ.Жұмд. ) 
 
§ 47. Біріккен сөздер және кіріккен сөздер 
 
Қазақ тілінде жаңадан сөз тудырудың сөздің түбіріне жұрнақ жалғаудан 
соңғы ең өнімді түрі — екі сөзді біріктіріп бір сөз ретінде жұмсау. Біріккен 
сөздердің қазақ тілінде қолданылмайтын орны жоқ. Біріккен сөздер: 
кемпірауыз, басқұр, желбау 
сияқты күнделікті қолданылып жүрген бұйым 
атауы түрінде де, 
Ақтөбе, Жезқазған, Талдықорған, Сарыөзек, Ақсу, 
Қандыағаш,
Екібастұз 
сияқты географиялық атаулар түрінде де, 
Амангелді,
Есенжол, Досжан, Әлімқұл, Жолдыбай 
сияқты кісі аттары ретінде де, 
Темірқазық, Ақбозат, Жетіқарақшы 
сияқты астрономиялық атаулар ретінде 
де, 
жолбарыс, көксерке, аққу, қарақұс 
сияқты айуанат, жәндіктердің атауы 
түрінде де, 
қоңыраубас, итмұрын, асқабақ 
сияқты өсімдік атауы түрінде де 
кездесе береді. 
Екі сөз бірігіп бір ұғымды білдіретін біріккен сөз тудырғанда, біріккен 
сөздің сыңарлары әр түрлі сөз таптарынан болып келе береді. Екі сыңарының 
екеуі де зат есім болып келеді. Мысалы: 
асқабақ, Құнанбай, балабақша, 
кәсіподақ, белбеу, тасбақа. 
Бірінші сыңары сын, сан есім, екінші сыңары зат 
есім сөзі болып та келеді. Мысалы: 
аққу, Ұзынағаш, Көктөбе, Жаңақорған, 
қараторғай, Сарыөзек, оңтүстік, Үштөбе, Жетісу, жетіқарақшы. 
Бірінші 
сыңары зат есім, екінші сыңары етістік сөзі болып келуі де мүмкін. Мысалы: 
ұлтабар, қаптесер, демалыс, атшабыс, атқамінер, Ұлмекен, Құдайберген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет