Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін заттардың, нәрселердің



Pdf көрінісі
бет115/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін заттардың, нәрселердің 
атауларын білдіретін зат есімдер д е р е к т і з а т е с і м деп аталады. 
Мысалы: айна,
 тарақ, қалам, қағаз, тау, тас, орман,ай, жұлдыз, аспан, шаян, 
қасқыр т.б. 
Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, адамның ойлау қабілеті 
арқылы топшылаумен ғана түсінілетін заттық ұғымдардың атауын
д е р е к с і з з а т е с і м дейді.
Мысалы: 
ақыл, ой, сана, сезім, қуаныш, 
реніш, уайым, қайғы, жақсылық, жамандық , оқу, ғылым, мәдениет т.б. 
 
64-жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазып, деректі зат есімдердің астын бір, дерексіз зат 
есімдердің астын екі сызыңдар.
1.
 
Бетінде қайғы да жоқ, қасырет те жоқ, қорқыныш қана бар (Ғ.М.). 2. Сан-
дыбай қарғаның тұзын екі қолымен ұстап, айнаға қарағандай жымиып отыр
( Ғ. М.). 3. Бойында әдет пен әдепке сия бермейтін мінездері болғандықтан 
жынды Бижан атанған адам
 
(Ғ.М.). 4. Ар-ұят, намыс-кек - бәрі ортақ болған 
соң, әскер достығы терең бір мағына табады (Ғ.М.). 5. Әдемі шана мен қамыт-
саймандары сықырлай түсіп, жегулі дара аттар да көрінеді ( М. Ә.). 6. Жуырда 
болып өткен республикалық ақындар айтысында бірнеше жас талапкерлер 
есімі белгілі болды («Егемен Қазақстан»). 
§ 52. Жалпы есім және жалқы есім
Зат есім сөздері қандай нәрсенің атауы болуына қарай мынадай үлкен екі 
топқа бөлінеді: 1) жалпы есім, 2) жалқы есім. 
Бір өңкей, біртектес нәрселердің тобына я соның бір тарауына 
жалпылама қойылған атауларды білдіретін зат есім сөздерін ж а л п ы
е с і м
дейді. Мысалы: 
мал, ағаш, шөп, жәндік, құс, киім, адам
десек, бір 
өңкей нәрсенің бір тобына қойылған жалпылама атаулар болады да, ал
сиыр, 
қой, ешкі, жылқы, түйе 
десек, мал деген жалпы ұғымды даралап; 
қарағай, 
қайың, терек, емен, шырша 
десек, 
ағаш 
деген жалпы үғымды даралап; 
көде, 
мия, бетеге, шағыр, жусан, қаңбақ 
десек, 
шөп 
деген жалпы ұғымды даралап; 
шегіртке, маса, құрт, құмырсқа, шыбын 
десек, 
жәндік 
дегең жалпы ұғымды 
даралап; 
ителгі, сауысқан, қарға, жапалақ, қызғыш, үйрек, қаз 
десек, 
құс 


деген жалпы үғымды даралап: 
қалпақ, шалбар, шапан, тон,, көйлек, етік, 
бөрік 
десек, 
киім 
деген жалпы ұғымды даралап; 
бала, қыз, кемпір, шал, жігіт, 
келіншек 
десек, 
адам 
деген жалпы ұғымды даралап жалпылама атаймыз. Бұл 
сөздердің қай-қайсысы да бір ғана нәрсеге тағылған атау болмай, біртектес 
бірнеше нәрселердің жалпылама атауы болғандықтан, ж а л п ы е с і м деп 
аталады да, сөйлем ішінде кіші әріптерден басталып жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет