Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 54.  Зат есімнің грамматикалық категориялары



Pdf көрінісі
бет122/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 54. 
Зат есімнің грамматикалық категориялары
Зат есімнің сандық категориясы және оның көріну жолдары 
 
Грамматиканың негізгі мәселелерінің бірі -грамматикалық категория. 
Грамматикалық категория деп біртектес жүйелі грамматикалық 
мағыналардан тұратын және оларды білдіретін арнайы грамматикалық 
көрсеткіштері бар тілдік құбылысты айтады.
Грамматикалық категория 
грамматикалық мағына мен гамматикалық көрсеткіштердің бірлігінен 
құралып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады.
Зат есімнің өзіне тән төрт түрлі грамматикалық категориясы бар. Олар: 
зат есімнің көптік (сандық) категориясы, тәуелдік категориясы, септік 
категориясы, жіктік категориясы. Бұл категориялардың әрқайсысының өзіне 


123 
тән формалары болады. Ол-көптік жалғаулары, тәуелдік жалғаулары, септік 
жалғаулары, жіктік жалғаулары. Яғни, зат есім сөздері сөйлем ішінде осы төрт 
түрлі формада тұлғаланып қолданылады. 
 
Зат есімнің сандық категориясы және оның көріну жолдары 
 
Зат есім сөздерінің өзге сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі –бұлардың 
жекеше және көпше түрінің болатындығы. Өйкені зат есім сөздері белгілі 
заттың, заттық ұғымның атын білдіреді. Ал ол заттар мен ұғымдар біреу 
болуы да, бірнешеу болуы да мүмкін. 
Зат есім сөзі заттың біреу-ақ екендігін білдіріп тұрса, оны з а т е с і м
н і ң ж е к е ш е т ү р і (жекелік категориясы) дейді.
Мысалы: 
кітап, 
қалам, оқушы, үй, көл, ит, құс, арба.
Зат есім сөзі бір түрлі нәрсенің біреу емес, бірнешеу екендігін 
көрсететін болса, оны з а т е с і м н і ң к ө п ш е т ү р і ( көптік 
категориясы) дейді.
Мысалы: кітаптар, қаламдар, оқушылар, үйлер, 
 көлдер, 
иттер, құстар, арбалар.
Зат есімнің сандық мағынасы - жекелік ұғым мен көптік ұғымның қарама-
қарсылығына құрылатын абстрактылы мағына. Ол жекелік мағынаны 
білдіретін нөлдік жалғау және көптік мағынаны білдіретін көптік жалғау 
арқылы көрінеді. Көптік жалғау қосымшасы зат есім сөзінің түбіріне қазақ 
тіліндегі буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сай жалғанады:
а) сөздің түбірі дауысты дыбыстарға және үнді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет