Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет134/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
Бұл шаруашылықтың
малы аудан орталығынан 200 шақырымдай 
жерде екен. (Ғ. М.) 2. 
Бүл үйдің 
ішінде де көп жүк, сандық, биік төсек жоқ. 
(М. Ә.) 
Бұл сөйлемдердегі 
шаруашылықтың, үйдің 
деген ілік жалғаулы 
сөздердің алдында өздеріне қатысты 
бұл 
деген анықтаушы болғандыктан, ілік 
жалғау қосымшасын түсіріп айтуға келмей, ашық түрде қолданылып тұр. Ол 
анықтауыштар болмаса, 
колхоз малы, үй ішінде 
болып ілік жалғаудың 
жасырын турінде де айтуға болар еді. 
71-жаттығу.

Мәтінді оқып шығып, ілік жалғаулы сөздерді табыңдар. Оларға ілік 
жалғау қосымшасының жалғанып не жалғанбай тұрғаңдығын айтыңдар.
Жер жүзі еңбекшілерінің қуанышты мейрамы Бірінші мамырға
Алматының қаласы, адамдары түгіл, табиғаты да әзірленіп жатыр. Биыл 
кешірек басталған Алматы көктемінің салқындау ауа райы екі-үш күннен 
бері мейірлене маужырап, ағаштары көктей бастаған кең, тік көшелердің 
бойын өрлей жанға жайлы жұмсақ самал еседі. Алматының күнгей жағына 
созыла біткен Іле Алатауының етегіне дейін бүркеп жатқан кар соңғы бір 
жұманың ішінде биікке карай жиырылып, бергі беттегі белесті жоталар 
ашылған. Енді ол жоталар теп-тегіс жасыл жамылғыға орана бастады. Биікке 
сырғыған қар Алатаудың орта тұсын белуарлап өскен шырша орманына кіріп 
ол бір тұс, алыстан қараған кісіге, қара қылшық қасқырдың жонын елестетеді. 
Одан арғы жоталардың үстінде аппақ қар. Қыс пен жаздың түйіскен сол бір 
тұсында екі мезгілдің де бейнесін өзіне тартқандай боп, ақ пен қарасы 
сапырылысқан қоңырқай бұлт биік белестердің басына қонып қапты. Бұлттан 
бойын асыра, аспанға шаншыла көтерілген «Үлкен Алматы» мен «Қіші 
Алматы» шыңдары таудың төбесін баса ұшқан екі ұшаққа ұқсайды. 
(С. М.) 


133 
3. 
Барыс септік.
Барыс септік жалғаулы сөз әрқашан да сөйлемдегі 
етістіктен болған мүшеге, көбінесе етістік баяндауышқа меңгеріліп тұрады 
да, мына сияқты грамматикалық мағыналарды білдіреді: 
а) Зат есім сөздеріне жалғанып, негізінде, қимылдың беталыс немесе 
мекендік бағытын білдіреді. Мысалы: 1.
Дәрменнің 
жігіттері
 бірнеше рет 
Абайға хабар жіберген-ді. (М. Ә) 2. Ертеңіне Бораш Москва консер-
ваторйясына жүріп кетті де, мен баяғы шаштаразға келдім. (Ғ. Мүсір.) 
Бұл 
сөйлемдегі 
Абайға 
деген сөз 
жіберген-ді
етістігіне, консерваториясына деген 
сөз 
кетті
етістігіне, шаштаразға деген сөз 
келдім
етістігіне меңгеріліп, 
етістіктегі айтылған қимылдың бағытын, бет алысын көрсетеді. 
ә) Заттық ұғымға айналған қимыл есімдеріне барыс септік жалғау қосым-
шасы жалғанып, мақсаттық ұғым береді
Мысалы: 
Қартайғанда бір көріп,
Зират етіп қайтуға
Жамбыл келді алыстан. (Ж. Ж.) 
деген сейлемдердегі 
қайтуға 
сөзі барыс септік жалғауы тұлғасында тұрып
келді 
деген етістік баяндауышқа меңгеріліп, сол етістіктердегі айтылған 
қимылдың не мақсатпен істелгендігін білдіріп тұр. 
б) барыс септік жалғау қосымшасы мезгілдік ұғым беретін зат есім сөз-
деріне жалғанып, етістіктегі қимылдың мезгілін білдіреді. 
Мысалыі: 
Ол екі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет