Дәріс Тақырып Инфекция туралы ұғым



бет1/2
Дата12.09.2020
өлшемі41,84 Kb.
#78239
  1   2
Байланысты:
ИнфекцияБАЛА 2020
Фарм 2 лекция (1), Фарм 2 лекция (1), Балалардың ИНФ Ауру 2020 3-4, ИнфекцияБАЛА 2020, ИнфекцияБАЛА 2020, Анатомия, Анатомия, КӨКЖӨТЕЛ ПАРОТИТ 5-6 лекц

Дәріс Тақырып Инфекция туралы ұғым 
 
 «Инфекция» - латын тілінен аударғанда жұқтыру деген ұғым береді. Инфекция дегеніміз эволюциялық процесс барысында биологиялық құбылыс ретінде қалыптасқан макро- және микроорганизмдер арасында өзара қарым-қатынасты анықтайтын күрделі процесс. 
 Инфекциялық процесс патогенді микробтар (ауру тудыратын) әсерінен макроорганизмде туатын күллі процестер мен физиологиялык және патология-лық реакциялардың жинағын сипаттайды. Ол тізбекті түрде дамиды және организмде болатын биохимиялық, цитохимиялық, морфологиялық өзгерістер-дің күрделі жинақ-түйіндерінен құралады. Инфекциялық процестің өзіне тән сипаттамасы болады. 
 Инфекциялық немесе жұқпалы ауру инфекциялык процестің клиникалық көрінісі ретінде қаралады және бірқатар клиникалық симптомдармен (белгілермен) сипатталады. Бұл аурудың өзіне тән клиникалық белгілері болады. 
 Инфекцияны екі топқа бөледі: 
 а) Манифестті инфекция типті, атипті, созылмалы т.б. түрінде өтетін 
инфекциялық ауру; 
 б) Симптомсыз инфекция — тасылдаушылық, латентті, абортивті, ұйқылы 
 т.б. 
 Инфекциялык процестің негізгі факторлар қасиетгері бойынша (яғни коздырғыш пен макроорганизм) инфекцияның негізгі формалары аныкталған: 

  1.  Абортивті форма. Қоздыргыш организмге енеді, бірақ онда ол көбеимейді (организмнің табиғи төзімділігі мұқтаж болғандықтан немесе қоздырғышты тежейтіп пайда болған спепификалы иммунист нәтижесінен). Сондыктан инфекциялық процесс дамымайды, ал коздырғыш ерте немесе кеш уакытта өледі немесе организмнен шығады.

  2. Латентті (инаппарантты) форма. Қоздырғыш организмге енеді, онда ол көбейеді, оның салдарына макроорганизм иммунобиологиялык реакция түрінде жауап қаитарып, иммунитет пайда болады және қоздыргыш организмнен шығады. Бірақ организмде инфекциянын клиникалық көріністері байқалмайды, олар корінбей өтеді (латентті). Адамдар жиі латентті түрде полиомиелит, бруцеллез, вирустық гепатиттің кей түрлері және басқа аурулары өтеді.

  3.  ұйқылы инфекция. Латентті инфекциядан соң немесе аурудан сауыққан соң қоздырғыш организмде симптомсыз түрінде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Мысалы, өкпе туберкулезі кезінде. Егер организмнің төзімділігі төмендесе, онда сақталып қалган қоздырғыш активтеніп көбейеді, нәтижесінде ауру немесе рецидиві (қайта қозуы) байқалады. Сондықтан, патогемді микроорганизмдер организмде ұйқылы жағдайда болуы мүмкін. Осындай ұйқылы жағдайда. бірақ патогенді қасиеттері сақталган микроорганизмдер сыртқы ортадан түседі. Егер осы микробтар жергілікті ошақта сақталып қалса және сол жерде ауру тудыратын болса «фокальді иифекция» термині колданады (мысалы, кариесті тісте тоқтап қалған қабыну процесі, осы жерде - қоздырғыш ұйқылы түрде оған қолайлы жағдай туғанша сақталып қалады).

  4.  Нақты қоздырғышқа типті инфекция формасы. Қоздырғыш организмге енеді, сол жерде белсенді көбейіп, аурудың клиникалық көріністерін тудырады және циклды түрде отеді.

  5.  Латентті форма. Қоздырғыш организмге енеді, онда ол белсенді көбейеді, организм оған иммунобиологиялық реакция түрінде жауап береді, нәтижесінде активті иммунитет қалыптасады. Бірақ аурудың клиникалық көріністері айқын көрінбейді, атипті түрде өтеді. Бұл жағдай қоздырғыштын патогенді қасиеттері әлсіз болуы немесе организмнің табиғи резистенттілігі (төзімділігі) жоғары болғандықтан, немесе антибактериалді емі қарқынды көмектескен немесе аталған факторлардың барлығы әсер еткен.

  1.  Персистентті (созылмалы). Қоздырғыш организмге енеді, онда ол көбейеді, аурудың активті формасын дамытады, бірақ организмнің иммунды жүйесі және химиопрепараттар әсерінен олар L-трансформацияға ұшырайды. Ал L-формды бактериялар көптеген антибиотиктерге және химиопрепараттарға төзімді болып келеді, яғни оның механизмі клетка кабырғасы синтезі бұзылуымен және антидене синтезі тежелуімен байланысты болғаннан, олар организмде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін (персистеппия, ағылшын тілінен регsistепсе - тіршілік ету). Өз калпына' келген соң қоздырғыш патогенді қасиеттерін қалыптастырады, қайтадан көбеіп ауруды қоздырады (рецедив). Мысал ретінде туберкулез ауруын айтуға болады. Науқас адамның организмінде сақталып қалған L-формды туберкулез микобактериялары (таяқшасы) аурудың созылмалы түрінде өтуінің негізгі себебі, ал L-формды микобактериялары қайталап Місоbасtегіum тubегсulosis түріне ауысуы — аурудың қозуы мен рецидивінің негізгі себебі.

  2. Бәсеңдеп дамитын инфекция. Қоздырғыш организмге енеді де ұзақ уақыт — айлар, жылдар бойы клетка ішінде латентті түрде сақталып қалады. Бәсеңдеп дамитын инфекция қоздырғышынын биологиялық қасиеттері бойынша оларды организмнен шығару өте қиынға соғады, сондықтан, оларға қолайлы жағдай туғанда еш нәрсеге қарамастан қарқынды көбейе бастайды. Нәтижесінде ауру өте ауыр түрінде дамиды, науқас қайтыс болады. Бәсендеп дамитын инфекция ұзақ өтетін инкубациялық кезеңімен, ауру ұзақ прогрессивті түрде дамуы, иммунды жауап әлсіз байқалуы және нәтижесі ауырлығымен сипатталады. Бәсеңдеп дамитып инфекция қатарына мысалы, СПИД аурын жатқызуга болады.

  3. Бактерия тасымалдаушылық. Латентті инфекция дамыған соң немесе аурудан сауыққан соң адам организмі қоздырғыштан толық ажырай алмайды. Адам сау болғанымен, көпгеген айлар немесе жылдар бойы қоздыргыштың тасымалдаушысы болып келеді. Басқа адамдарға жұқтыру көзі болғандықтан. бактерия тасымалдаушылар көптеген аурулардың эпидемиологиясында маңызды ролъ алады (іш сүзегі, дифтерия т.б.), себебі олар сыртқы ортаға қоздырғышты шығарып отырып, ауа, суды, тағамдарды ластайды. Іш сүзегімен ауырғандардың 5-8% созылмалы түрде S.tурһі тасымалдаушы болып келеді және табиғатта негізгі резервуар ретінде қоздырғышты сақтап келеді.

Реинфекция, суперинфекция, микст-инфекция, екіпші рет дамитын инфекция түсініктемелері  бар. 
 Реинфекция бір қоздырғышпен қайтадан инфинирлену және 
 инфекцияның клиникалық көріністері, айқын көрініс береді, себебі аурудан сауыққан кезде қаркынды иммунитет дамымайды. 
 Суперинфекция бір қоздырғыш тудырған аурудан сауықпай сол қоздырғышпен қайтадан инфицирлену. 
 Микст-инфекция бір мезгілде түрлі микроорганизмдер тудыратын екі инфекциялық пропестің дамуы. Қарама-қайшы түсіпік — моноинфекция. 
 Екінші ретте дамитын инфекция бірінші ретте дамыған жұқпалы ауру кезінде иммуиитеттің әлсіреу нәтижесінде екінші ретте дамитын ауру пайда болды. Ауру түрлі қоздырғыштармен (бактерия, вирустар, сацырауқүлақтар) пайда болуы мүмкін. Сау адамға патогенді емес немесе әлсіз патогенді болатын қоздырғыштар тудырған екінші ретте дамитын инфекциялар иммунодефицит байқалатын науқастарда оппортунистік инфекпия деп атайды. 
 Аутоинфекция ағзаның тері және кілегей қабығының өз микрофлорасы (жиі, шартты-патогенді) ортацизмнің басқа биотонына түскенде (мысалы, жарага), яғни өзін инфицирлену нәтижесінде дамитын инфекциялық процесс. 
 Инфекцияны- тағы экзогенді және экзогенді (аутоиифекция), ошақты (локалді) және жайылмалы (геперализацияланган) деп бөледі. 
 Жұқпалы аурулардың даму динамикасы 
 Жұқпалы аурулар дамуы нақты циклмен, кезеңдер ауысуымен сипатталады. Инкубациялық және продромалды кезендері, аурудың қарқынды (айқын) және сауығу (реконвалесценция) кезеңдері анықталған. 
 Инкубациялық кезең - жүру уақытынан бастап аурудың бірінші клиникалық белгілері көрінгенге дейінгі кезең. Осы уақытта организмде қоздырғыштың белсенді көбеюі байқалады. Қоздырғыш және оның токсиндері арнайы деңгейге жеткенде (табалдырық деңгейі) организмде аурудың клиникалық көріністері көріне бастайды, яғни келесі продромалді кезең басталады. Инкубациялық кезең ұзақтығы әр түрлі болады: бірнеше сағаттан көп айларға созылуы мүмкін, алапес ауруында — көп жылдар бойы. Оның себептері - қоздырғыштың жұғу дозасы мен патогенділік дәрежесі, және организмнің төзімділік жағдайы. 
 Продромалдык, кезең, немесе алғашқы кезеңі. Бұл кезең жалпы көріністермен басталады - әлсіздік, бас ауырсынуы, жалпы күйі нашарланады, дене қызуы т.б. Ұзақтъггы 24-48 сағат аралығы. 
 Аурудың қарқынды (айқын) кезеңі. Нақты циклмен сипатталады. Симптомдардың ұлғаю сатысы (іпсгеmепtum сатысы), аурудың қарқынды сатысы (асте сатысы) және симптомдардың бәсендеу сатысы (dесгеmеntum сатысы) анықталған. Аурудың манифестті түрінде осы ауруда байқалатын симптомдар айқын көрінеді және жалпы симптомдардың кей түрлері кездесуде -кызба, интоксикация, қабыну процесс, кейде бөртпелер. 
 Сауығу кезеңі, немесе реконвалесценция. Адамның клиникалық белгілерден сауығуы патологоанагомиялық және бактериологиялық сауығуына қараганда ерте басталады. Адам сау болғанымен, зақымданган жерде патологоанатомиялық өзгерістер кете қойған жоқ (мысалы, дизентериядан кейін тоқ ішектің кілегей қабығында). Реконвалесценция толық жетілген болса - барлық процестер асқынусыз қалпына келеді. Бірақ, кей ауруларда ауыр асқынулар пайда болады, мысалы: полиомиелит, энцефалит ауруларынан соң бұлшық ет параличі байқалуы мүмкін; вирусты гепатит В соң бауыр циррозы т.б. Назар аудару қажет, жұқпалы аурудан соң бактериологиялық сауығуға, яғни организмнен қоздырғыш толық сыртқа шығуы керек. Түрлі жұқпалы ауруларда бактериологиялық сауығу уақыты түрлі құбылмалы болып келеді. Бұл жағдайды науқастың емханадан шығуында есептейді. Мысалы, іш сүзекте реконвалесценттердің 80% бірінші екі аптасында бактерия тасымалдаушылығы байқалады. Бактериологиялық сауығу лабораторлы бактериологиялық тексерулермен - қадағаланып тұрады. Бактерия тасымалдаушылықтың эпидемиологиялық маңыздылығы жоғарыда айтылды. 
  Инфекцияның негізгі көздері. Адамның жұғу жолдары мен механизмдері 
 Инфекция негізгі үш көзі бар: адам (науқас, реконвалесцент, бактерия тасымалдаушы), жануарлар және сыртқы орта объектілері. Науқас адам немесе жануар сыртқа шығарған продуктілермен бірге шыққан кей патогенді бактерияларына сыртқы орта объектілері олардың тіршілік етуіне табиғи орталар болып келеді. Осыған байланысты жұқпалы аурулар бөлінеді: антропонозды (адам ғана ауырады, мысалы, іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ т.б.); зоонозды (жануарлар ауыратын ауру, мысалы, ірі қара малдың обасы, шошқа обасы, т.б.); зооантропонозды (жануарлар ауырады, ал олардан адамдарға жұғады). Зооантропонозды аурулардың 100 түрі анықталған (оба, туляремия, бруцеллез, лептоспироз т.б.), кей түрлерінің -- табиғаттық ошақтары сақталып тұрады. Себебі, ауру қоздырғьшы қансорғыш бунақ аяқтылармен тасымалданып отырады, олар организмінде қоздырғыш ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, кей кезде өмір бойы және ұрыққа трансовариалды жолмен беріледі. Осындай табиғи ошақтар, мысалы, кей риккетсиоздар, туляремия, вирустық энцефалиттер т.б. аурулар иксодов, гамазов, қызыл бұзау кенелермен және басқа қансорғыш бунақ аяқтылармен берілетіндер көп елдерде кездеседі. Олардың ұзак уақыт сақталуы қосымша екінші резервуары болуында, ал басқалары бірге өмір сүру кезінде сақталып отырады. Сондықтан, табиғи ошақта қоздырғыштың тұрақты айналымы сақталуы: науқас жануар-->қансорғыш бунақ аяқтылар (немесе сыртқы ортаның түрлі факторлары) —>сау жануарлар, көптеген аурулардың табиғи резервуары. Адам осы айналымға тіркелуі, қан сорғыштар шағуы кезінде жұғуы мүмкін немесе науқас жануарға тура және тура емес жолдармен байланысқанда. Осындай табиғи эндемиялық ошақтарға басқа жақтан көшіп келген адамдарға қауіп төнуі мүмкін, себебі бұрыннан тұратындар ертеде ауырып осы ауруларға тұрақты иммуиитет қалыптастырған. 
 Адамның үшінші жұғу көзі — сыртқы орта, ең алдымен топырақ пен су. Топырақта тұрақты патогенді бактериялар кездеседі — Сlоstridіum тұқымы — жара инфекциялары мен ботулизм қоздырғыштары, ұзақ уақыт сібір түйнеме қоздырғышы кездеседі. Сонымен қатар, топырақ және кей су кұбырларда қалыпты микрофлора ішінде кездесетін сапронозды аурулар қоздырғыштары —легионеллдер, иерсиниялар т.б. Теңіз суда ауру тудыратын түрлі вибриондар кездеседі. 
  Адамның жұғу жолдары 
 Адам патогенді микроорганизммен инфицирленуі тек зақымдалған тері мен көздің кілегей қабықтары, тыныс алу, асқазан-ішек тракті және несеп-жыныс жолдары арқылы байқалады. Зақымдалмаған теріден жұғу өте сирек кездеседі, себебі тері бетінен көптеген микроорганизмдер өте алмайды. Бірақ, өте ұсақ зақымданулар кездессе (құмырсқа шағуы, ине кіруі, микротравмалар т.б.) инфицирлену себебі болады. Адам немесе жануар организміне микробтар ену жері - кіру есігі дейді. Егер кіру есігі кілегей қабығы болса, инфекцияның үш типі байқалуы мүмкін: эпителиалді клетка беткейінде микробтар көбееді; клетка ішіне енуі және сол жерде көбеюі; қоздырғыш енген соң организмде таралуы байқалады. 
 Адамға инфекция жұғуы келесі жолдармен беріледі:  
 1. Ауа-тамшы немесе ауа-шаң арқылы

  1.  Нәжістік-оралді. Қоздырғыш нәжіс немесе несеп арқылы бөлінеді, ал жұғу инфицирленген су немесе тағамдар организмге ауыз арқылы түседі.

  2.  Трансмиссивті, яғни қансорғыш бунақ аяқтылар шағуы арқылы.

  3.  Жанасу жолдары науқас адам, реконвалесцент, бактерия тасымалдаушымен тікелей контакт немесе бірге қолданған ластанған үй жиһаздары арқылы — тікелей емес контакт.

  4.  Жыныстық жолмен

  5. Стерилді емес медицииа приборлары, әсіресе шприц т.б. қолдану арқылы

  6. Тік жолмен, яғни анадан балаға плацента арқылы, туу кезінде немесе бірден туған соң.

Инфекция қоздырғышының кіру жерінен  байланысты жұғу жолдары ауру дамуында едәуір роль атқарады, себебі кей қоздырғыштар түрлі жолмен организмгс ене алады. Мысалы, Ү.реstіs құмырсқа шағуы (бүрге) кезінде берілсе, оба бубон түрде жеңіл өтеді, ал егер ауа-тамшы жолмен жұғылса аурудың ауыр түрі - өкпелі оба дамиды. Тап осылай туляремияның клиникалық көріністері өтеді: бубонды немесе жаралы-бубонды (трансмиссивті жолмен қансорғыш бунақ аяқтылар" шаққанда), көзді-бубонды (көздің кілегей қабығы арқылы жұғуы), өкпелі (ауа-тамшы жолы) т.б.; сібір түйнемесінде кездеседі — терілік, өкпелік, ішектік формалары. 
 Бірақ, басқа қоздырғыштарда, мысалы СПИД ауруында жұғу жолдары маңызды роль атқармайды: ауру барлық түрінде ауыр өтеді. Сонымен қатар, ішектік инфекция қоздырғыштары ең алдымен нәжіс-оралді жолмен беріледі, респираторлы аурулар қоздырғыштары — ауа-тамшы арқылы т.б. 
 Организмге енген қоздырғыш таралуы әр түрлі жолмен таралады, микроорганизм қасиеттері бойынша: жанасу жолмен, яғни бір клеткадан екінші клеткаға, лимфа немесе гемагогенді жолмен; кей микроорганизмдер жүйке жолдарымен таралады. 
 Сау адамның және жануардың қаны стерилді, себебі күшті антимикробты қасиеті қандағы комплемент жүйесі мен түрлі иммунокомпетентті клеткалар қызметімен артады. Бірақ, организмде инфекциялық процесс дамығанда қанға қоздырғыш немесе оның токсині түседі және олар ыдырағанда бөлінетін антигендері. Қан арқылы қоздырғыш организмде жиі таралады, яғни инфекциялық процестің жайылуы (генерализациясы) байқалады. Қоздырғыш немесе онып антигендері көп мөлшерде қанға түсуі лихорадкамен сипатталады, бұл бір жағынан қоздырғыш қанға түскенін көрсетеді, ал екіншіден организмнің қорғаныс қызметі артуын байқатады. 
 Қанға қоздырғыш, оның токсині және антигені түскендігі келесі сипаттамалар береді: антигенемия, бактериемия, вирусемия, сепсис, септикопиемия, септицемия, токсемия, токсииемия. 
 Антигенемия - қанда генотипі бөтен антиген және аутоантиген айналуы. Егер қанда осы антигенге антидене болса, олар құраған комплексті айналымды иммунды комплекс дейді АИК (антиген антидене), нәтижесінде организм антигеннен босайды. АИК арқылы антигендер организмнен шығады. Қандағы антигендер мен АИК түрлі серологиялық реакциялар арқылы анықтайды, мысалы бруцеллезде агрегат-агглютинация реакцияда анықтайды. 
 Бактериемия - айналымды қанда бактериялар кездесуі — макроорганизмнін табиғи барьерлер арқылы және қансорғыш бунақ аяқтылар шағуы арқылы қоздырғыш қанға түседі. Қансорғыш бунақ аяқтылар тарататын ауруларда (сыпной тиф, қайталамалы тиф, оба, туляремия, риккетсиоздар т.б.), бактериемия — ауру патогенезінің негізгі сатысы. Қоздырғышты бір қожайын-нан келесіге беріп, қоздырғыш түрін сақтайды. Бактериемия себептері хирургиялық операциялар, травмалар, сәулелі ауру, қатерлі ісіктер, шарттыпатогенді микроорганизмдер тудырғаң- аурудардың ауыр түрі т.б. Сепсис, септикопиемияға қарағанда бактериемия кезінде бактериялар қанда тек тарала-ды, бірақ көбеймейді. Сондықтан, бактериемия — аурудың симптомы және оның бір кезеңі. Бактериемия диагнозы қоздырғышты гемокультурада анықтау немесе лабораторлы жануарлар қанында тапқанда дәлелденеді (қойылады). 
 Вирусемия - вирустар қанда кездескенде айтады. 
 Сепсис, шіріген қан — ауыр геперализацияланған жедел немесе созылмалы адамның қызба ауруы, іріңді ошақтан тұрақты немесе арнайы мезгілде қанға қоздырғыш түсуі. Сепсис кезінде жалпы көріністері жергілікті өзгерістерге сәйкес келмейді және жаңадан іріңді қабыну ошақтар түрлі мүше мен тіңдерде кездеседі. 
Бактериемияға қарағанда, сепсисте қанның бактерицидтік қызметі тежелген соң бактериялар қан және лимфа жүйелерінде көбееді. 
 Сепсис жиі іріңді ошақтар локализациясы генерализацияланғанда байқалады. Сепсистің этиологиясы түрлі болуы мүмкін. Жиі кездесетін қоздырғыштары — стафилококкалар, стрептококкалар, Еntегоbасtегіасеае және Рsеudоmопаdасеае тұқымдастығына жататын теріс грамды бактериялар, менингококкалар, басқа шартты-патогенді және патогенділігі әлсіз бактериялар және кей саңырауқұлақтар. Бірінші іріңді ошағы және қоздырғыштың енген жері бойынша белгілі пуэрпералді (туғаннан соң әйелде), отогенді, одонтогенді, аборттан соң, перитонеалді, жаралы, қүйіктен соң, ауыз куысты (стоматогенді), кіндіктік, уросепсис т.б. Нәресте сепсисі (пеонаталді сепсис) кездеседі, нәресте туу кезінде немесе жатырдың ішінде ұрықтың инфицирленуі. Сепсистің криптогенді түрі анықталған, бірақ бірінші іріңді ошағы белгісіз. 
 Септикопиемия - сепсистің бір түрі, организмнің жалпы интоксикация-сынан басқа іріңді метастазды ошақтар түрлі тіңдер мен мүшелерде кездеседі. қоздырғыш бір жағынан қанда және лимфа жүйелерінде көбейіп таралуда. 
Септицемия - сепсистің бір түрі, метастазды ірінді ошақтар болмайды, ал. қоздырғыштың көбею жері тек қан мен лимфа жүйесі. 
 Токсемия - адам және жануар қанында бактериалді эндотоксиндер кездеседі. 
Токсинемия адам және жануар қанында бактериалді экзотоксин немесе басқа токсин кездеседі. Қоздырғыш қанда болмайды, ал токсин қан және лимфа жүйесі арқылы нысана-клеткаларға енеді. Экзотоксин түзетін қоздырғыштар тудырған ауруларда кездеседі (ботулизм, дифтерия, сіреспе, анаэробты инфекция т.б.; сондықтан, осы ауруларды токсинемиялық дейді). 
 

1.Қандай процесс инфекциялық процесс деп аталады :

A қоздырушы мен адам организмiнiң өзара әсер етуi

B адам мен паразиттiң екi гетерогендi популяцияларының өзара әрекеттесуi

C паразит пен жануардың екi гетерогендi популяцияларының

өзара әрекеттесуi

D адам мен қоршаған ортаның өзара байланысуы

E қоршаған ортада қоздырушылардың айналымы

2.Инфекция қоздырғышының көзі кім болады:

A генофонд біріктілген популяция жиынтығы

B сырқаттылық жоғары деңгейі бар ұжым

C қоздырғышты тасымалдайтын қоршаған орта элементтi

D қоздырғыштың табиғи өмір сүру ортасы

E қоздырғышты тасымалдайтын орта элементтi

3.Қоздырғыштың берілу механизмін таңдаңыз:

A су арқылы

B қан арқылы

C ауа-тамшы

D аэрозольді

E алиментарлы

4.Инфекцияның горизонтальді берілу механизміне зақымдалудың қай әдісі жатпайды:

A фекальді-оральді

B аэрозольді

C трансмисссивті

D парентеральді

E трансплацентарлы

5.Эпидемия – бұл:

A бірен саран сырқаттылық

B сырқаттылықтың төмендеуі

C шек қойылған аймақта сырқаттың жоғарылауы

D сырқаттың бір неше мемлекеттерде таралуы

E сырқаттың ошағы пайда болуы

6.Инфекция көзіне қандай шаралар жатады:

A дезинфекция

B оңашалау

C санитарлы-гигиеналық

D жедел профилактика

E дезинсекция

7.Инфекция қоздырғышының көзіне қандай шара бағытталған:

A күнделікті дезинфекция

B науқасты госпитализациялау

C қорытынды дезинфекция

D дезинсекция

E медициналық бақылау

8.Қоздырғыштың берілу механизміне қандай шара бағытталған:

A дезинсекция

B клинико-диагностикалық

C химиопрофилактика

D иммунопрофилактика

E жедел профилактика

9.Қатынаста болған адамдарға қандай шара жүргізіледі:

A госпитализация

B дератизация

C медициналық бақылау

D диспансерлік бақылау

E дезинсекция

10.Эпидемиялық ошақта алғашқы эпидемияға қарсы шараларды кім жүргізеді:

A эпидемиолог

B эпидемиологтың көмекшісі

C учаскелік фельдшер

D инфекционист

E бактериолог

Эталон ответов

1A
2D


3D
4E
5C
6B
7B
8A
9C
10C



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет