Факультеті: «Биология және биотехнология» Кафедрасы: «Биотехнология» Тақырыбы: Адам аскаридасы, балалар острицасы, ришта, даму циклдары, аурудың жұғу жолдары мен алдын алу шаралары. Коловратканың даму циклы



Дата08.02.2022
өлшемі181,7 Kb.
#124730
Байланысты:
сөж зоология










Факультеті: «Биология және биотехнология»
Кафедрасы: «Биотехнология»
Тақырыбы: Адам аскаридасы, балалар острицасы, ришта, даму циклдары, аурудың жұғу жолдары мен алдын алу шаралары. Коловратканың даму циклы.
Қабылдаған: Омарова Ж.
Орындаған: Үшкемпір Аружан,
БТ 19-11 топ


Нағыз жұмыр құрттар жануарлардың ішіндегі сан жағьшан ең көбі. Қазірдің өзіңде ғылымға 27 000 түрі белғілі. Олар теңіздер мен мұхиттарды, тұщы суларды, топырақ арасын мекендейді. Көптеғен тұрлері үй малдары мен құстардың, адамдар мен өсімдіктердің паразиті. Бүл қасиеті олардың кең таралуына және жаңа мекендерге бейімделуіне үлкен себеп болады. Академик К.И.Скрябиннің үсынысы бойынша үрықтанған жүмыртқаның сыртта аралық иесінің қатынасуынсыз дамитын паразиттік қүрттарды геогельминттер деп атады. Мысалы, адам аскаридасы, ал үрықтанған жұмыртқаның сыртга аралық иессіз дами алмайтын паразиттік қүрттарды биогельминиттер деп атайды. Мысалы, цепендер, таспа және жалпақ қүртгар. Жүмыр қүртгардың ішінде малдарда паразиттік тіршілік ететіндердің биологиясын білудің маңызы зор. Олардың малдар мен адамдардың ішінде шоғырланатын жерлері: ішекте, тыныс жолдарында, өкпеде, қанда, лимфа қуыстарында, теріасты клетчаткаларда, еттерде, аздаған өкілдері – бауырда, қуықта, көзде т. Б. мүшелерде. Жүмыр қүртгар бірнеше отрядқа (12) бөлінеді, соның ішінде малдардың паразиті, биологиялық жағынан маңызы бар төрт отряд толығырақ қаралады: аскаридалар , острицалар, власоглавтар, Нитчаткалар . Аскарида отрады – Азсагіёаіа. Адам ішегінде тіршілік ететін ірі жұмыр қүртгың бірі аскарида. Оның адам аскаридасы, жылқы аскаридасы, шошқа аскаридасы деген түрлері бар. Денесінің алдыңғы үшында үш ерін төмпешіктері болады, аузы, денесінің артқы үшының қүрсақ жағында аналь тесігі орналасқан, содан кейінгі бөлігін құйрық деп атайды. Аналығының денесінің ұзындығы 20-40 см, аталығынікі 15-25 см болады. Аскаридалар жылқыда, шошқада, бұзауларда, мысық пен итте, тауықтарда және басқа жануарларда паразиттік тіршілік етеді. Әсіресе аскарида балалардың арасында көп тараған. Жануарлардың түрлеріне сәйкес, аскариданың да белгілі бір тұрі кездеседі. Өмірінің үзақтығы түріне қарай бірнеше айдан бір жылға дейін созылады. Аскаридалар бір жылдан артық өмір сүрмейді. Аскариданың патогендік маңызы, оның кеңінен таралуында. Әсіресе балалар организмінде жиі кездесіп, айтарлықтай залал келтіреді. Әдетте аскаридиоз ауруы кезінде бас ауырып, жүмысқа қабілет нашарлайды. Сонымен қатар аскариданың қалдық затгары улы болады да жас балалардың өсуіне, нерв жүйесіне әсер етеді. Аскаридалардың кауіптілігі ішекте аса кобейіп кетсе, ішекті бекітіп, өлімге соқтыруы мүмкін. Кейде ішек керегесін тесіп қүрсақ қуысына өтіп, перитонит ауруына үшыратады (20- сурет). Аскариданың биологиясын білу және олардың жүғу жолдарын түсіну, саналы түрде олармен қарсы күрес жүргізуімізге мүмкіндік береді. Ол үшін қолды, денені, төсек- орынды таза үстау керек. Жеміс жидектерді қайна- ған сумен жуып жеу керек. Суды қайнатып ішу керек. Үйде адамдармен бірге тіршілік ететін насеком- дарды (шыбындар, тара- кандар. Т. Б.) жойып отыру керек. Аскариданың үрықтанған жүмырткасы қалай дамиды, олардың биологиясы жалпы сипаттамада баяндалған. Шошқа аскаридасы - - онымен көбінесе торайлар жиі ауырады. Аскаридиоз шошқа өсіретін шаруашы- лықтарда көп зиян келтіреді. Ауруға шалдыққан торайлардың өкпесі қабынады, бауыры зақымдалады т. Б. Аскаридалардың өніп-өсу циклы аралық иелерінің катынасынсыз дамиды. Морфологиялық жағынан адам аскаридасына ұқсас. Жылқы аскаридасы ересек құрттары түрақты иелерінің ащы шегінде паразитгік тіршілік етеді, ал личинкалары өсу кезеңцерінде бауыр және өкпеде кездеседі. Параскаридозға негізінен құлын, жабағылар шалдығады. Олар параскаридозбен қатгы ауырады, кейде өліп қалады. Ащы ішекке түскен личинкалардың 2-2,5 айда жыныс мүшелері толық жетіліп, ересек қүртқа айналады. Жылқьща параскарис қүрты бір жылдан астам уақыт паразиттік (тоғышарлық) тіршілік ете алады. Морфологиялық жағынан ол шошқа және адам аскаридаларына үқсайды. Острицалар отряды. Бұл отрядтың өкілдері адамдардың, омыртқалы жануарлардың, оның ішінде ауыл шаруашылық малдарының (жылқы, қой, қоян т.б.) ішегінде паразитгік тіршілік етеді. Оның негізгі окілі адамда, көбінесе балалардьщ ащы ішегіңде паразиттік тіршілік ететін балалар острицасы Оның денесінің үзындығы 5-10 мм, дамуы кезінде иесін ауыстырмайтын ұсақ қүрт. Аналығы үрықтанғансын тік ішек арқылы аналь тесегі арқылы сыртқа шығып айналасыңцағы теріге жүмыртқаларын салады. Содан кейін қатты қышытып, балалардың мазасын кетіреді. Қышыған жерді қасыганда, оның жұмыртқасы адамның тырнағына ілігеді де, тырақтан ауызға түсуі мүмкін. Сөйтіп, үқыпсыздықтан острицаларды жүқтырып алу оңай болады. Бір аналық острица орта есеппен өзінің барлық өміріңде 11 мың жүмыртқа салады. Жүмыртқалары өте үсақ болғандықтан олар тез таралады. Оларды балалардың төсегінен, ішкиімдерінен, парталарынан, еденнен т. б. жерлерден тауып алуға болады. Балалар острицасының тудыратын (шалдықтыратын) ауруын энтеробиоз деп атайды. Острицадан сақтану үшін тазалық ережелерді, жеке бастың тазалығын мүқият сақтау керек. Ол үшін ыдысты, қолды таза жуып, жемістерді жуып жеп, қайнаған су ішіп, төсек орынды таза үстаған қажет. Сонымен қатар дврігерге қаралып отыру керек.
малдар, түиелер, қояндар, үи қояндары, тышқандар т. б.), сол сияқты кейбір қүстардың бауырымен жорғалаушы- лардың, қосмекенділердің ішектерінде паразиттік тіршілік етеді. Власоглав Жылқы острицасы - өте ірі паразит құрттар. Еркегінің ұзындығы 6-15 мм, үрғашынікі 40-180 мм. Құрт жылқының, есектің, зебрдің тоқ ішегінде (толстая кишка) паразитгік тіршілік етеді. Оның тудыратын ауруын оксиурез деп атайды. Құртгың ұрғашысының денесінің алдыңғы жағы жуан да қысқа, ал арт жағы - ұзын да жіңішке болып келеді. Үрғашысы ұрықтанғансын иесінің аналь тесігі арқылы көптеген жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың терінің арасына бекінуі қатты қышытады, осы кезде жылқылардьщ мазасы кетіп, қабыргаға, көлденең тұрған сырықтар (ағаштарға) денесінің арт жағын үйкеп жұмыртқалардың таралуына мүмкіндік туғызады. Содан кейін жаңағы жүмыртқалар шөппен немесе жеммен тағы басқа себептермен екінші сау жылқының асқорыту жүйесіне түседі. Ішке түскеннен кейін екі төуліктің ішінде жүмыртқадан личинка дамиды, ол жылқының ішегіне түседі. Ішектің ішінде олар 6 апта дамып, ересек қүртқа айналады, содан кейін көбейе бастайды. Ішінде личинка дамыған жүмыртқаны инвазийлі жүмыртқа деп атайды немесе жұқтыру қабілеті бар деген сөз. Дөлірек айтқанда ол жұмыртқа емес, жүмыртқа қабығымен қоршалған личинка. Даму циклы жылқы және адам острицаларыныкі бір-біріне үқсас (21- сурет). Власоглавтар отряды .Бүл қүрттар адамдардың, сүтқоректілердің (шошқалар, адамның соқыр ішегінде тіршілік етеді. Түсі ақ, еркегі 30-40 мм, ал ұрғашысы 50 мм болады. Негізгі бір ерекшелігі денесінің бас жағы жіптәрізді болып, ішектің шырышты қабатына бүрғылап кіріп тіршілік етеді. Власоглавтың жүмыртқасы тек қана сыртқы ортада суда немесе дымқыл топырақта дамиды. Адам көбінесе қайнамаган су ішіді, жуылмаған жеміс жеп паразиттік жүмыртқасын ішіне түсіреді. Ішекке түскен жүмыртқадан бірден личинка шығып, соқыр ішекке келіп, оның шырышты қабатына еніп, бір айдан кейін ересек қүртқа айналады. Спиральды трихинелла. Адамның және шошқаның қауіпті паразиті. Сонымен қатар егеуқүйрықтың, мысықтың жөне басқа етпен қоректенетін жануарлардың да паразиті. Трихинелла еркегінің үзындығы 1 мм, үрғашьшыкі 4 мм-ге дейін. Оның власоглавтан ерекшелігі иесін ауыстырмай, сыртқа шықпай бір иеде дамиды. Олар тіршілігінің біраз уақьпын ішекте өткізсе, қалған уақытын иесінің етінде өткізеді. Осыган сәйкес екі кезең байқалады: ішек трихинелласы және ет трихинелласы. Трихинелланың негізгі иелері шохпқа мен егеуқүйрық жөне адам. Адам мен жануарларды ерекше ауру трихинеллез ауруына шалдықтырады. Трихинелла адамға етінде трихинелласы бар, шошқа етін шала пісіріп жегенде жүғады. Ал шошқаға етінде сыртында қабьпы бар трихинелланың личинкасы бар егеуқүйрықтың етін жеген кезде жүғады. Шошқаның ішегінде қабығы жарылып личинка шығып тез дами бастайды. 30-40 сағаттың ішінде жыныстық жағынан жетіліп, ересек қүртқа айналады, еркегі үрғашысын үрықтандырады да, озі өледі (еркегі). Үрықтанған аналықтар ішектің шырышты қабатының астына және лимфалық бездерге личинкаларьш салады (1500-ге дейін). Олар алдымен лимфа тамырларына, одан кейін қан тамырларына өтіп, қанмен бірге бүкіл денеге тарайды (бүлшық еттерге, көмекейге, мойын етіне, козге, аяқ етгеріне т. б.). Адамның ішінде трихинелла қауіпті аурулар туғызады. Ішек ауырады, бет ісінеді, ет сыздайды, қанның қүрамы өзгеріп, дене қызуы көтеріледі. Егер трихинелла шамадан тыс көп болса, өліммен аяқталуы ықтимал. Ал аурудан айыққан күннің өзінде де бүлшық еттерінде олардың личинкалары 25 жылға дейін тіршілік етеді. Трихинелланың дамуы аралық және ақырғы иесіз өтеді, сондықтан личинкалары және ересек түрлері бір жануардың немесе адамның ішінде тіршілік етеді. Нитчаткалар отряды. Бұл отрядгың негізгі бір өкілі ришта немесе медициналық струнец. Еркегінің денесінің ұзындығы 29 мм, ұрғашысыныкі 120 мм. Бұл паразиттің ақырғы иесі (дефинитивный) адам және кейбір сүтқоректілер, ал аралық иесі өртүрлі шаяндар - циклоптар. Ришта лимфа тамырларында, тері астындағы шел қабатында паразитгік тіршілік етеді. Аурудың алғашқы кезеңінде терінің белгілі бір жері қышып, іріңденіп, сол жерде жара пайда болады. Егер назар салып қарасаң жараның жарылған жерінен риштаның денесін көруге болады. Ауру адам аяқты суға жуған кезде, личинка - суға түсіп, одан кейін үсақ шаяндардың - циклоптың ішіне түседі. Циклоптың ішінде 1,5 ай уақыт жетіліп, ересек құртқа (микрофилярияға) айналады. Егер ішінде микрофиляриялары бар үсақ шаянды сумен бірге адам ішіп қойса, личинкалар ішекке барып, одан қанға өтіп, маңызды мүшелерді аралап ең соңында аяқтағы шелғе барып ауруға шалдықтырады. Біздің елімізде жоспарлы жүргізілген жүмыстың нәтижесінде бүл паразитгің тудыратын ауруларынан арылған. Сонымен қатар ауру адам, аяқты ағын суларға жууға тиым салып, қайнамаған су ішуге болмайтынын көрсетгі.Ішек құрт ауруы — паразитарлық ауруға жатады. Ең көп таралғаны — домалақ құрттар, олардың ішінде көбінесе аскаридалар. Бір қарағанда ұсақ паразиттер қауіпсіз көрінгенімен, ағзаны улайтыны есте болсын. Әсіресе олар сәби ағзасына тез еніп, өз туған мекеніндей орналасып алады. Бұл адам денсаулығына, әсіресе бала ағзасына кері әсерін тигізеді. Алайда олардан тез арада құтылу амалдарын жасауға болады.

Ішек құртын жұқтыру өте оңай. Олардың жұмыртқасы барлық жерде болады. Тіпті таза үй ішінің өзінде кез келген заттың беткі бөлігі бала үшін қауіпті. Алайда паразиттерді үй ішінен гөрі серуенде жүргенде, дүкенге барғанда, балабақшадан жиі жұқтырады. Көбінесе балаларда тексеру барысында жыланқұрт немесе үшкір құрт түрлері анықталады. Ауруды анықтау және емдеу


Ішек құрттарды көзбен көру мүмкін емес. Оны тек анализ тапсырып қана анықтауға болады. Себебі олардан ағзаны тазарту үшін қандай түрімен күресу керегін білу қажет.
Копрограмма. Бұл тәсіл қалыпты, алайда тиімсіз. Тек нәтижесі анық боу үшін зәр, нәжіс, қан тапсырып, анализдерін анақтаған дұрыс. Мұндай анализдерді педиатр-дәрігерлер 3 рет жасатады.
Қан анализі. Жалпы анализге қан талдауы (аш қарынға тапсырылады) ішек құрттардың іште бар екенін көрсетеді. Ең бірінші орында эозинофилдер санына қарайды. Егер де осы көрсеткіш дұрыс шықпай, гемоглобиннің түсіп кетуі қосылса, онда тез арада ем қабылдау керек.
Негізі ішек құртына арналған ем тек қана дәрі-дәрмекпен жүргізіледі. Ал балалар үшін мұндай дәрілер суспензия түрінде шығарылады. Кейде дәрігерлер ішек құртқа қарсы дәрілермен қоса сурбенттерді жазады. Бұл құрамында улы токсиндері бар азықтардан ағзаны қорғап, ішек құрттардан тазартады. Дәрі қабылдағаннан кейін міндетті түрде үй ішін таза ұстап, зарарсыздандырып және күн сайын шомылып, бала ойнайтын ойыншықтарды тазалап жуып тұрған дұрыс.
Ішек құрттар пайда болмас үшін, сақтану (профилактика) қажет. Ол үшін тамақтанар алдында қолды міндетті түрде жуып, тамақты таза пісіріп, көкөністер мен жеміс-жидектерді тазалап жуып жеу қажет. Сонымен қатар бала сарымсақ, қаражидек, сәбіз шырынын немесе одан жасалған салатты (салатқа өсімдік майын араластыру керек) көп тұтынғаны жөн. Паразиттерден сақтанудың ең тиімді тәсілі асқабақтың шикі дәні. Ішек құрттардан сақтану үшін емдік шөптерден жасалған шайларды да пайдаланса болады.
Коловратка(Rotatorіa) – жұмыр құрттар типінің бір класы. Жер шарында кең тараған. Көбінесе тұщы суларда тіршілік етеді. 1500-дей түрлері белгілі. Қазақстандағы барлық тұщы суларда кездесетін 220-дай түрі белгілі. Коловратка өте ұсақ (0,04 – 2 мм) көп клеткалы жануарлар. Олардың денесінің бас жағында орналасқан, күрделі кірпікшелер жинағынан құралған, ерекше айналмалы аппараты болады. Егер Коловратка суда қалқып жүрсе, айналмалы аппараты бұранда сияқты бұралып жүзу мүшелерінің міндетін атқарады, ал қозғалмай бір орында тұрса, жәндіктің суда қозғалуын және суда толқын туғызып ұсақ жәндіктерді аузына әкелуіне қызмет етеді. Дене пішіні, көбінесе, созылыңқы, көлденең қимасы не дөңгелек, не жалпақ пішінді. Әдетте, Коловратканың денесі үш бөлікке бөлінеді: кірпікшелі бас, кеуде (онда барлық ішкі органдары орналасқан) және аяқ (дененің бұлшық етті өсіндісі). Аяғы болмауы да мүмкін. Коловратканың аяғы буынды қабықшамен қапталған жылжымалы екі бармақтан тұрады. Бармақтарында жабысқақ заттар шығаратын бездері болады. Соның көмегімен Коловраткалар уақытша, кейде тұрақты бекініп тұрады. Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бұлшық ет қапшығы болмайды. Тері жамылғысы – қалың эпителий, оның үстін сауыт жауып тұрады. Тері-бұлшық еттері тұтас қабат жасамай, денеде топтасып орналасады да оның қозғалуын қамтамасыз етеді. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың (схизоцель) ішінде орналасқан. Ас қорыту жүйесі айналмалы аппаратының ортасында кірпікшелер арасында орналасқан ауыз тесігінен басталып жұтқыншаққа және кеңейген бұлшық етті жұтқыншақтың шайнағыш мастакс (mastax) деп аталатын бөліміне жалғасады. Мастакстың ішкі бетін хитин жапқан және осыдан қатты хитинді пластинкалар – балғашық пен төс түзіледі. Жұтқыншақтан тар өңеш, одан соң көлемдірек келген қарын орналасады. Оған жұп ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Қарынның ішіндегі қорытылмаған заттар денеге тарап, қалдықтары артқы ішекке өтеді. Оның артқы ұшы кеңейіп клоакаға айналады. Кейбір түрлерінде артқы ішегі мен аналь тесігі болмайды (Asplanchna, Ascomorpha), қорытылмаған қалдықтар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Зәр шығару жүйесі протонефридияльды. Ұштарында кірпікшелер шоғыры бар, дененің бүйірі арқылы өтетін екі негізгі каналдардың артқы ұшы қуыққа айналып, ол клоакаға ашылады. Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды. Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті ганглийдан және одан жан-жағына тараған жүйке талшықтарынан тұрады. Соның ішінде екі бүйір жүйке талшығы ғана дененің аяқ бөліміне дейін жетеді. Сезім мүшелеріне қарапайым көздері және қармалауыштары жатады. Көздерінде қызыл не қара пигмент дақтар болады. Коловраткадың көбісінде бас бөлімінің екі жағында бір-бірден көзі болады. Коловраткалар – дара жыныстылар, сондай-ақ жынысты диформизм байқалады. Аналықтары ірі, аталықтары өте ұсақ болады. Даму циклінде ұрпақтық алмасу немесе гетерогония байқалады, яғни партеногенезді және қос жынысты ұрпақтары алмасып отырады. Қыстап шыққан жұмыртқадан көктемде партеногенезді аналықтары шығып амиктикалық (хромосомы диплоидты) жұмыртқа салады. Бұл жұмыртқалар тек партеногенезді әдіспен ғана өсіп жетіледі және одан тек аналықтары дамиды. Күзге қарай жыныстық жолмен көбею кезеңі басталады, яғни амиктикалық жұмыртқадан шыққан аналығы бұрынғыдан 2 – 3 есе кіші миктикалық (хромосомдары гаплоидты) жұмыртқалар салады. Олардан өте майда аталықтары дамиды да аналықтарымен шағылысқаннан кейін өліп қалады. Ұрықтанған аналықтары енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салып, өздері де тіршілігін жояды. Бұл жұмыртқалар ірі, қабықтары қатты болады, қыстап шыққаннан кейін партеногенезді аналықтардың бірінші ұрпағын береді. Осылайша даму циклі қайтадан басталады. Дамуы – метаморфозсыз,яғни мүшелер құрамындағы клеткалар саны тұрақты. Коловратка балдырлармен, бактериялармен және детритдетритпен (өлексемен) қоректенеді, арасында жыртқыштары да бар. Коловраткалар планктонды тіршілік етуіне байланысты суды тазартып отырады және басқа организмдерге, әсіресе, балықтарға қорек ретінде маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет