143
құрамында ғана қолданылады.
Мысалы, Күй ішінде кербезі арман деген,
Арман деген сұлуы сөз ішінде (Қ.М.)
деген жолдардағы
күй ішінде
дегенді
күйде
,
сөз ішінде
дегенді
сөзде
деп те айтуға болар еді. Бұл олардың
мағыналас екенін білдіреді. Сонда,
күй, сөз
деген зат есімдерге жалғанатын
септік жалғауы көмекші есім арқылы негізгі сөзге жалғанып тұр. Демек,
күй
ішінде, сөз ішінде
тіркестері -біртұтас сөзтұлға. Бұдан көмекші есімнің
сөздерге грамматикалық мағына үстейтін грамматикалық көрсеткіштер
қатарындағы тілдік бірлік екенін көруге болады.
Көмекші есім тіркескен зат есім барлық септік жалғаулары бойынша
түрленеді, септік жалғаулары көмекші есімдерге жалғанады. Мысалы:
А.с.
ауылдың маңы, мектептің жаны, қаланың іші;
І, с.
ауылдың маңының, мектептің жанының, қаланың ішінің;
Б.с.
ауылдың маңына, мектептің жанына, қаланың ішіне
;
Т.с.
ауылдың маңын, мектептің жанын, қаланың ішін;
Ж.с.
ауылдың маңында, мектептің жанында, қаланың ішінде;
Ш.с.
ауылдың маңынан, мектептің жанынан, қаланың ішінен;
К. с .
ауылдың маңымен, мектептің жанымен, қаланың ішімен;
Аналитикалық септіктің екінші түрі септеулік шылаулар арқылы
жасалады, сондықтан септеулік шылаулар септік жалғаулы сөзге тіркесіп,
септіктің мағынасына түрлі реңк қосып, оны күрделілендіріп тұрады.
Мысалы: Жалт қарасам, шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б.М.).
Жұмыстан кейін кездесейік (С.М.). Бидаймен қатар тары да ектік (С.М.).
Осы мысалдардағы
үйіне қарай, жұмыстан кейін, бидаймен қатар
деген
сөздер аналитикалық септіктің барыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларында
тұр.
Септеулік шылаулар 7 септіктің ішінен тек а т а у , б а р ы с , ш ы ғ ы с ,
к ө м е к т е с септіктердің аналитикалық сөзтұлғаларын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: