Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет19/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

13-жаттығу.
 
Қөп нүктенің орнына э, ё, я, ю әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп
жазыңдар да, ережесін айтыңдар. 
А...родром, по...ма, а...лдау, б...джет, а...ым, да...рлау, ду...ль, о...лады, 
пулем...т, параш...т, револ...ция, то...ттаған, ...пизод, за...м, қи...қ, са...хат, 
қо...ланды, ка...та. 
Тақырып бойынша сұрақтар
 
1.Тіл дыбыстары қандай белгілеріне қарай дауысты және дауыссыз
дыбыстар болып бөлінеді ? 
2. Физиологиялық (артикуляциялық) тұрғыдан алып қарағанда, дауысты
дыбыстарды айтуда фонациялық ауаның қозғалысы қандай жағдайда
болады ? 
3. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай жіктеледі ? 
4. Жуан дауыстыларды айтқанда, тіл қандай қалыпта болады ? Жуан
дауыстыларға қандай дыбыстар жатады ? 
5. Ашық дауыстылар қалай жасалады ? Ашық дауыстыларға қандай
дауыстылар жатады ? 
6. Езулік дауыстылар қалай жасалады ? Оларға қандай дауыстылар 
жатады ? 
7. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесіне түсінік бер.
 
 

§ 8. Дауыссыз дыбыстар 
 
Дауыссыз дыбыстарды айтуда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да
бұлардың айтылуында дауыс қатысы болмайды. Дауыссыздар буын құрай 
алмайды. 
Қазіргі қазақ тілінде мына сияқты 25 дауыссыз дыбыс бар: 
б, в, г, ғ, д, ж, з, 
й, к, ң, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

Сонымен қатар дауысты 
дыбыстардың құрамында көрсетілген
у 
 
дыбысы дауысты дыбыстан кейін 
айтылғанда, өз алдына буын құрай алмай, үнді дауыссыз дыбыс ретінде түсі-
ніледі. Мысалы: 
бау, тау, белбеу, ауыр.
Сөйтіп, 
у
 
әрпі бірде дауысты, бірде 
дауыссыз дыбыстың таңбасы ретінде жұмсалады. 
Дауыссыз дыбыстар дауыстың қатысына және жасалуына қарай өзара 
бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. 


1. Д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р д ы ң д а у ы с т ы ң қ а т ы с ы н а 
қ а р а й ж ү й е л е н у і 
Дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы не мүлде жиыры-
лып тұрады, не сәл ғана керіліп тұрады. Сондыктан ешқандай діріл пайда 
болмайды да, дауыссыз дыбыстарда дауыс қатысы болмай, ауыз қуысындағы 
дыбыстау мүшелерінің бір-біріне соғылысуынан пайда болған салдыр ғана 
болады. Бірқатар дауыссыз дыбыстарда үннің ғана қатысы болады. Сөйтіп, 
дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына қарай, ең алдымен, үнсіз және үнді 
(сонор) дыбыстар болып екіге бөлінеді. Бұлар өзара тағы да екіге бөлінеді. 
Үнсіз дауыссыз дыбыстар: 1) қатаң, 2) ұяң болып; үнді дауыссыздар: 1) ауыз 
жолды, 2) мұрын жолды болып жіктеледі.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді (сонор ) 
болып жүйеленуінен дыбыс үндестігі деп аталатын, көрші дыбыстардың 
бірінің-біріне тигізген әсерінен пайда болатын ықпал заңдары туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет