Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет205/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 Көсемшенің екінші түрі 
етістіктің түбіріне –
ып, -іп, -п
жұрнақтары 
жал-ғану арқылы жасалады. Мысалы: 
айт+ып, бар+ып, кел+іп, сез+іп, 
ойна+п, төле+п (айтып берді, барып келді, келіп отыр, сезіп қойды, ойнап 
болды, төлеп келді). 
Көсемшенің бұл түріне жіктік жалғаулары жалғанып, ащық райдың өткен
шағының бір түрі жасалады. Мысалы: 
бар+ып+пын, бар+ып+сың, 
бар+ып+ты; кел+іп+пін, кел+іп+сің, кел+іп+ті; сөйле+п+пін, сөйле+п+сің, 
сөйле+п+ті. 
б) 
Көсемшенің үшінші түрі 
етістіктің түбіріне
 –қалы, -келі, - ғалы, -гелі,
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 
айт+
қалы, 
кет+
келі

бар+
ғалы
, кел+
гелі
,( айтқалы отыр, кеткелі жатыр, барғалы жүр, келгелі 
жатыр). 
в) 
Көсемшенің төртінші түрі
етістіктің түбіріне
-қанша, - кенше, -
ғанша, -генше
кел - 
генше
, көр - 
генше
, айт – 
қанша
жұрнақтары жалғану 
арқылы жасалады. 
Көсемшенің бұл түрі сөйлемдегі айтылған ойға келер шақтық мән үстейді. 
Көсемше сөйлемде ашық райлы етістіктің қимылдық сапасын, белгісін 
көрсетіп пысықтауыш болады. Мысалы: 
Абайлар үйге сөйлей кірді. Ол Алма-
тыға оқығалы кетті. 
Бұл сөйлемдердегі
сөйлей
(қалай?), 
оқығалы (
не үшін? 


не мақсатпен?) деген көсемшелер 
кірді, кетті
деген етістік баяндауыштарды 
пысықтап тұр. 
Көсемше етістіктер көмекші етістікке тіркесіп айтылып , күрделі баянда-
уыштың құрамындағы баяндауыштық ұғымға ие болатын негізгі сөз ретінде 
де қолданылады. Мысалы: 
Келгендегідей басын болар-болмас иді де, Құрба-
нов тіс жарып жауап қатпастан шығып кетті.(Х. Е) Хош, сау бол , ей 
ағайлар, біз келгенше. 
113- жаттығу.
Мәтінді оқып шығып, көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын, 
сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар. 
1.Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар 
еді ( Х. Е. ). 2. Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, 
Шынтас шешініп, жатып қалыпты ( Т. Ахт. ). 3. Абай өзін де, айнала жұртты 
да тегіс ұмытыпты (М. Ә. ) 4. Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – 
Машан тауының желке тұсы екен. Алда Абылғазы бастап жортып келеді. 
Оның қасында қатарына ілесіп, әңгімелесіп келе жатқан-Ербол. Әлі күнге тың, 
ширақ басып келе жатқан құла жирен атын Абай алдыңғы екеуінің артына 
тақау бастырып, ілестіріп, қатты бір мең-зеңде келеді. Өзінің ауру-сауын да 
айыра алмайды. Өне бой соққы жеген кісідей мылжа-мылжа (М. Ә. ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет