Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Жеке бір сөзбен айтылған мүшені д а р а м ү ш е, а л бір ғана



Pdf көрінісі
бет278/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Жеке бір сөзбен айтылған мүшені д а р а м ү ш е, а л бір ғана 
сұраққа жауап беріп, бір-бірінен бөліп алуға келмейтін екі я одан да көп 
сөздер тізбегінен тұратын мүшені к ү р д е л і м ү ш е дейді.
Сөйлемдегі атқаратын қызметіне карай сөйлем мүшелері негізгі екі топқа 
бөлінеді: а) тұрлаулы мүшелер, ә) тұрлаусыз мүшелер. 
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР 
Сөйлем болу үшін ең басты шарт — сөйлемдегі ойдың негізгі желісін 
құрайтын бастауыш пен баяндауыштың болуы. 
Сөйлемдегі айтылған ойға негіз болатын, сөйлем құрауға қазық 
болатын бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің т ұ р л а у л ы
 м ү ш е с і деп атайды. 
§ 105. Бастауыш 
Сөйлемдегі айтылған ойға негіз болып, баяндауыштағы қимылдың не 
басқа да сапаның иесі болатын тұрлаулы мүшені б а с т а у ы ш дейді.
Бастауыш атау тұлғалы сөз болып келеді де, к і м ? н е ? , к і м д е р ? н е
л
 
е р? к
 
і м і м ? н е м ? к і м і ң ? н е ң ? к і м і ? Н е с і ? қ а й с ы с ы ? қ а н ш 
а с ы ? н е ш е у і ? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
1. 
Штурман 
(к і м?) 
бағытты баяндады. 
2. 
Командир 
(к і м?) 
үндемеді. (Л. 
К.) 
3 .Атың 
(нең?) 
әдемі екен. (Б. С.) '
4. 
Бәрекелді, 
май
(н е?)
келді.
Маймен бірге 
жаз 
(н е?) келді.
5.
Мен
(к і м?)
жазбаймын өлеңді ермек 
үшін. (А. Қ.)
6.
Екеуі 
(н е ш е у і?) 
бірінші шахтаны өзгерту қамын қа-
растырып отыр. (Ғ. М.)
Бұл сөйлемдердегі бастауыштар — 
штурман, командир, атың, май, жаз, 
мен, екеуі 
деген сөздер. 
Бастауыштар бір сөзден де, бірнеше сөздердің тіркесінен де келе береді. 
Бір сөзден болған бастауышты д а р а б а с т а у ы ш , екі не одан да көп 
сөздердің тізбегінен болған бастауышты к ү р д е л і б а с т а у ы ш дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет