Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 107. Күрделі бастауыш болатын сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет281/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 107. Күрделі бастауыш болатын сөз тіркестері 
 
Бірнеше сөздер тіркесе айтылып, бір сұраққа жауап береді де, сөйлемнің 
кім, не жайында айтылғандығын білдіріп, күрделі бастауыш болады. Күрделі 
бастауыштар мына жолдармен жасалады: 
1. Бірнеше сөздердің тіркесінен болған жалқы есімдер күрделі бастауыш 
болады. Мысалы: 
1)
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті-
 
қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны.
 
2)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 
тікелей эфир арқылы
селекторлық жиын өткізді. 
2. Кісі аты, тегі, жолдас, азамат, мырза, ханым сияқты сөздермен тіркесе 
айтылса да күрделі бастауыш болады. Мысалы: 
1)
Конгресс жұмысына Пакистан Республикасының Премьер –Министрі 
Биназир Бхутта ханым 
қатысты

2)
Қасымызға Орталық Партия 
Комитетініц өкілі 
Өтпеғалиев жолдас 
келе қалды. (С. М.)
3. Ілік жалғаудың жасырын түріндегі сөз бен үшінші жақтық тәуелдік 
жалғаулы сөздердің тіркесі бір атауды білдіреді де, күрделі бастауыш болады. 
Мысалы: 1) 
Бұрын, ерте заманда, 
Арал теңізі 
Каспий теңізімен қосылып 
жатады екен. («Қазақстан тарихы»).
4. Кісі атына сол адамның' мамандығын көрсететін айқындауыш сөздердің 
тіркесіп айтылуы арқылы да күрделі бастауыш жасалады. Мысалы: 
1)
Айдынғали инженер 
әр түрлі жобаны көлденең тарта берді. (Ғ. Сл.)
2) — 
Бригадада барлығы отыз шақты ғана үй бар,
— 
дейді 
бригадир
Елшунов Мүхаметжан.
(С. М.)
5. Есім сөздер мен тұйық райлы етістіктер тіркесіп айтылу арқылы да 
күрделі бастауыш болады. Мысалы:
Отан қорғау 
— 
Қазақстанның әрбір
азаматының қасиетті борышы.
6. Жіктеу есімдіктеріне, кісі аттарына тәуелдік жалғаулы жинақтық сан 
есімдер тіркесе айтылып та күрделі бастауыш бола береді. Мысалы: 
1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет