Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет369/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

қайтқанда, 
Абдуллаходжаев асыға 
күтіп отыр екен. (К. Т.) 
Бұл сабақтас құрмалас сейлемде бір бағыныңқы, бір 
басыңқы сөйлем бар. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жатыс септік 
жалғаулы есімше тұлға-сында қолданылуы арқылы басыңқымен байланысып, 
басыңқы сөйлемдегі ойдың мезгілін білдіріп тұр. 
2)
Өткендегі тексеру нәтижелері кеңшар өмірін қанағаттан-
дырмайтын 
болғандықтан, 
біз табылғанның көлемінде қалмаймыз. (К. 0.) 
Бұл — басыңқы және бағыныңқылық қатынаста келіп байланысқан екі жай 
сөйлемнен құралғаи сабақтас құрмалас сөйлем. Бағыныңқы сөйлемнің 
баяндауышы 
~дық 
жұрнағы 
жалғанған шығыс септік жалғауы тұлғасында 
айтылған есімшеден келіп, басыңқы сөйлеммен байланысып, басыңқыдағы 
айтылған ойдың себебін көрсетіп тұр. 
3)
Ержанның сырты қалың 
болғанымен, 
іші тым жұқа еді. (Ғ. М.) 
Бұл да 
бір бағыныңқы, бір басыңқы сөйлемнен құралған сабақтас құрмалас сөйлем. 
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көмектес септік жалғауында айтылған 
есімшеден келіп, басыңқымен байланысып, басыңқы сөйлемдегі ойға қарсы 
мағынада айтылып тұр. 
4)
Ой ауырлап иықтан баса 
түскен сайын, 
Шернер де өз бастарына 
төнген қауіпті бар жанымен сезіп түнжырай түседі. (Ә. Нұр.) 
Мұнда да бір 
бағыныңқы, бір басыңқы сөйлем өзара байланысып, сабақтас құрмалас сөйлем 
кұрап тұр. Басыңқы сөйлем мен бағыныңқы сөйлемнің грамматикалық 
байланысы есімшеден болған күрделі баяндауышқа 
 сайын 
шылауының 
тіркесіп айтылуы арқылы көрінген. 
Есімшеден болған баяндауышқа тіркесіп айтылып, бағыныңқы сөйлемді 
басыңқы сөйлеммен байланыстыратын , әр түрлі мағыналық қарым-
қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлем тудыратын шылау сөздер мыналар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет