Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 148. Сабақтас құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің



Pdf көрінісі
бет366/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
§ 148. Сабақтас құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің 
байланысу тәсілдері 
Сабақтас құрмалас сөйлемге енген басыңқы сөйлемдер алуан түрлі 
мағыналық қарым-қатынаста келеді де, әрбір мағыналық қарым-қатынастың
грамматикалық жағынан көріну жолы, тәсілі болады. 
Қазақ тілінде,орыс тіліндегі сияқты,құрмаласқа енген жай сөйлемдердің 
бірінің екіншісіне мағыналық жағынан бағынышты екендігін көрсете байла-
ныстыратын жалғаулықтар болмағандықтан, қазақ тіліндегі басыңқы сөйлем 
мен бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық арақатынасы, грамматикалық
байланысы бағыныңқы сөйлемнің б а я н д а у ы ш т ұ л ғ а с ы арқылы 
көрінеді. 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы сөйлемдері мен бағыныңқы 
сөйлемдерінің грамматикалық байланысы бағыныңқы сөйлемнің 
баяндауышының төмендегі морфологиялық тұлғаларда қолданулы арқылы 
болып отырады.: 
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемше етістік болып келуі 
арқылы; 
2) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жатыс,шығыс,көмектес септік 
жалғауы немесе шылау сөздер тіркесіп айтылған есімшелер арқылы; 
3) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты райлы етістік болып келуі
мүмкін; 
4) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы негізгі етістікке 
де
көмекші етістігі 
тіркесіп айтылу арқылы. 
§ 149. Көсемше бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемше тұлғалы етістік болып
келгенде,бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі айтылған ойдың не 
мезгілін, не себебін , не қимыл-амалын білдіріп сабақтас құрмалас сөйлем 
жасалады. 
Мысалы:
1) 
Қыр мұрны 
қоңқайып

көк көзі тостаған түбіндегі жұлдыз құртындай 
жылтырайды. ( К. Т.). 
Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде бірі бағыныңқы 
,екіншісі басыңқы қатынаста айтылған екі жай сөйлем бар. Бағыныңқы сөйлем 
басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай өткендігін көрсетіп, қимыл-сын 
пысықтауыш бағыныңқылық қызмет атқарып тұр. Бұл екі сөйлемді біріне –
бірін бағындыра байланыстырып тұрған морфологиялық тұлға-бағыныңқы 
сөйлемнің баяндауышы қызметінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет