Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет364/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

196-жаттығу.
 
Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да,салалас құрмалас сөйлемдерді 
түр-түріне ажыратыпкөшіріп жазыңдар.Жалғулықтарының астын сызыңдар. 
1.Бикен әуелгі кезде өзінің жеңілтек мінезіне мән бермеді, бірақ күндер 
зымырап өтіп жатты.2) Олжабек бәріне түсінген кісідей ыңылдады да, қош 
айтып жүріп кетті.3) Сүгірбай біреу инемен сұғып алғандай селк етті, бірақ тез
есін жинап мырс-мырс күлді. 4) Біресе балгерді іздеп жан-жаққа шапқылады, 
біресе Әшімге хабарламақшы боп асыға жөнелді .5) Осы айтқанын бұлжытпай 
орындады да,қашқындар тарта берді.6) Бұл сөз Кенжетайға ауырлау 
тиді,өйткені ол ауыл жігіті болғанымен қазақша сауатты еді. 7) Асқар онша 
әнші жігіт емес еді және оның даусы да пәлендей қоңыраулы болмайтын. 8) 
Осындаймен бірнеше күн өткізеді де, жалғыз-ақ түннің ішінде жолдастарының 
бетін Найманға қарай бір-ақ түзейді. ( М.Ә.). 
Сабақтас құрмалас сөйлемдер 
§ 147.
 Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік 
Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен 
айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар,негізінде құрмалас сөйлемге 


енген жай сөйлемдердің өзара грамматикалық байланысқа ену тәсіліне және 
мағыналық қарым-қатынастарына байланысты болып келеді. 
Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің әрқайсысының баяндауыш 
тұлғасы тиянақты түрде (не ашық райлы етістіктен,не есім сөздері мен 
модальдық сөздердің тіркесінен) қолданылады да,олар мағыналық жағынан 
тең дәрежеде айтылып,әрқайсысы дербес өз алдына бөлек сөйлем боларлық
дәрежеде жұмсалады. 
Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары біркелкі 
болмай,әр түрлі болып келеді.Бірінің баяндауышы морфологиялық тұлға 
жағынан тиянақты түрде болып келеді де,екіншісінің баяндауышы тиянақсыз 
түрде қолданады.Сабақтасқа енген жай сөйлемдер мағыналық жағынан тең 
дәрежеде байланыспай,бірі өз алдына дербес сөйлем боларлық-тай тиянақты 
ойды білдіріп тұрады да,екіншісіндегі ой тиянақталмай, мағыналық жағынан 
тиянақты сыңарына бағынышты түрде айтылады. 
Сабақтас құрмалас сөйлемдер компаненттерінің (құрамының) тұлғалық 
көрінісі мен мағыналық қарым-қатынастарына қарай екі топтан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет