Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Бұлар тарихи сөздердің қатарына жатады.  42 - жаттығу



Pdf көрінісі
бет66/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
Бұлар тарихи сөздердің қатарына жатады. 
42 - жаттығу.
Өлеңді оқып шығып, мағынасы көнерген архаизм сөздерді табыңдар да 
дәптерлеріңе теріп жазыңдар.олардың мағыналарын түсіндіріңдер. 
Мықшима аяғымда былғары етік. 
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп. 
Үлкен кісе жанымда жез салдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ – жұрқ етіп. 
Күәлпара басымда пұшпақ тымақ. 
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ. 
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ. 
Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер. 
Қанжығамда байлаулы жіптен шідер. 
Жарғақ көпшік жастығы жезді мыстан
Бір келісті сайманым топқа мінер. ( А. Қ. ) 
§ 32. Неологизмдер 


67 
Адамның күнделікті өмірінде қолданылудан қалған қару-құрал, бұйым, 
киім-кешек атаулары болған сөздер ескіріп, күнделікті тұрмыстың қажетіне 
жарамай, тілде қолданылудан шығып қалып жатса, оның есесіне өндірістің, 
ғылым мен техниканың , мәдениеттің, сауда мен транспорттың жаңа 
түрлерімен байланысты жаңа ұғымның атаулары ретінде жаңа сөздер туып 
жатады. Тілдің өсу, даму процесінде ескіріп, тілде қолданылудан шығып 
қалып жататын архаизм сөздердің санынан жаңа ұғымның атаулары түрінде 
тілге еніп жататын жаңа сөздердің саны әлдеқайда көп. Сондықтан тіл, оның 
сөздік құрамы үнемі, үздіксіз толысу, баю үстінде болып отырады. 
Қоғамдық тұрмыста өндіріс тауарларының бұрын болмаған жаңа түрінің 
шығуымен , өндірістік қатынастарда жаңа ұғымдар мен түсініктердің пайда 
болуымен жаңа сөздер пайда болады. Ол сөздік құрамға жаңадан енген сөздер
атаулар бірден жалпы халықтың бәріне бірдей түсінікті бола бермейді. 
Мысалы, қазір бәрімізге бірдей түсінікті, күнделікті қолданылып жүрген
т і л 
ш і, е ң б е к к ү н

ж а л а қ ы
деген сөздер тілімізге жаңадан ене бастаған 
ХХ ғасырдың жиырмасыншы- отызыншы жылдарында қалың бұқараға 
түсінікті болған жоқ. 
Сөйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет