Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


өндірістің, ғылымның, мәдениеттің жаңа түрлерімен



Pdf көрінісі
бет67/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

өндірістің, ғылымның, мәдениеттің жаңа түрлерімен 
байланысты тілдің сөздік құрамына енген жаңа сөздерді н е о л о г и з м с 
ө з д е р дейді. 
Тілге енген жаңа сөздер , неологизмдер , тілдің бүкіл өмірі бойына 
неологизм сөздері бола бермейді. Ол сөздер тілдің сөздік құрамына жаңадан 
еніп, сол тілде сөйлейтін жұртшылыққа, жалпы халыққа түсінікті сөзге 
айналғанша ғана неологизм сөздерінің қатарында болады. Ал қолданыла келе 
, жалпы халыққа бірдей түсінікті сөзге айналып, неологизм болудан қалады. 
Белгілі тарихи кезеңде тілдің сөздік құрамына жаңадан еніп, сол тілде 
сөйлеуші қалың бұқараның бірқатарына түсініксіз болып, қалыптасу 
процесінде жүрген кейбір сөздер тілдің өсу, даму процесінде неологизм 
сөздері болудан қалып, тарихи сөздерге айналып жатады. Мысалы , архаизм 
деген тарауда келтірілген
я ч е й к а
(кейде
ұ я
деп те аталған), 
қ о с ш ы
 о д а ғ ы 
деген сөздер Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған алғашқы 
жылдарда белгілі қоғамдық ұйым атауы ретінде, тілде бұрын болмаған жаңа 
ұғым атауы түрінде жаңа сөз болып еніп, неологтзм сөздерінің қатарында
қолданылып жүрді де, кейін қатардағы сөзге, ал қазіргі дәуірде тарихи 
сөздерге айналды. Бұл келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамының 
өзгеруге бейім, үнемі өсу, даму процесінде болып отыратындығына толық 
дәлел бола алады. 
Неологизм сөздері қазақ тілінде үш түрлі тәсіл арқылы жасалып отырады. 
а)
аффикстік тәсі
л. Тілде қолданылып жүрген жалпыхалықтық түбір 
сөздерге жұрнақ жалғану арқылы бұрын тілде болмаған жаңа ұғым атауларын 
білдіретін неологизм сөздері жасалады. Мысалы : бұрын қазақ тілінде
ү й і
р 
( әуес ), 
т і л
(дене мүшесі ), 
ш ы ғ а р
(қимыл), 
т ө р
т
(сан есім ), 
е к
п і н
(дерексіз зат есім ) сөздері болды. Бірақ қазіргі тілі-міздегі сияқты
ү й і 
р м е,
( бір нәрсені үйрену үшін ұйымдасқан адамдар тобы ) , 
ш ы ғ а р м а



ақын , жазушылардың жазып шығарған еңбегі, мектепте қазақ әдебиеті 
пәнінен өткізілетін бақылау жұмысының түрі),
т і л ш і
(лингвист- ғалым немесе газет, жұрналдарға мақала жазып тұратын 
арнаулы маман қызметкер) , 
т ө р т к ү л
(геометриалық термин ),
е к п і н д 
і
(белгілі өндіріс орнында еңбекті өндіріп істейтін адам немесе адамдар тобы)
деген сөздер болған жоқ. Бұлар - сол дәуірде жаңа сөздер (н е о л о г и з м д е 
р) болды. Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы (ү й і р – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет