Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


құралып, ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық



Pdf көрінісі
бет97/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 құралып, ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық 
жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға 
болып бірлесіп тұрақталған құрама сөздерді
( я сөз тіркестерін) айтады. 
Мысалы,бүгін, биыл, ағайын, қолғанат, бүгін-ертең, ағайын-туыс, айта 
отыр, қол қой, темір жол, бас киім, ала жаздай, құр алақан, жалаң аяқ, жеті 
қарақшы,көз бояу, сол себепті, сөйте тұра 
сияқты сөздердің бәрі де күрделі 
сөздерге жатады.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер , сыртқы кескін-тұрпатына қарай я 
біріккен 
я 
қосарланған
, я
тіркескен
( құрама) сөздер түрінде кездеседі.
§ 44. Қос сөздер 
 
Тілде жаңа мағыналы сөз тудырудың бірнеше тәсілі бар. Казақ тіліндегі 
сөзден сөз тудырудың өнімді амалының бірі — екі сөзді қосарлап қолдану. Бір 
сөзді екі рет қайталап айту арқылы немесе екі түбірді бір сөз ретінде қосарлап 
айту арқылы да қос сөз жасауға болады. Мысалы: 
мезгіл-мезгіл, айта-айта, 
ата-ана, кемпір-шал, үлкенді-кішілі, бақа-шаян, жан-жануар, қолма-қол.
Сөйтіп, 
сөздердің косарланып айтылып, бір ұғым ретінде қолданы-
луынан жасалған сөздерді қ о с с ө з д е р
дейді. 
Қос сөздердің құрамындағы сыңарлары (компоненттері) я бір сөздің өзінің 
ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының , не бір буынының, 
не бір дыбысының өзгеріп жамалуынан құралады немесе морфологиялық 
жағынан біртектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады.Осы 
ерекшеліктеріне қарай, қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан я бірдей, 
я пара-пар болады да, синтаксистік жағынан я ұқсас, я тепе-тең болып келеді. 
Сөзді қайталау және қосарлау тәсілінің мағыналық ерекшелігі мынада: 
сөзді қайталап қолданудан сөздің неше алуан жаңа формалары жасалғанымен 
лексикалық түсінігі өзгермейді, яғни жаңа сөз тумайды. Ал, сөздерді қосарлап 
қолданудан туған күрделі сөздердің ішінде грамматикаланған да, 
лексикаланған да тіркестер болады.
Қос сөздер ең алдымен қ а й т а л а м а қ о с с ө з д е р және қ о с а р -
л а м а қ о с с ө з д е р деген үлкен екі салаға бөлініп қарастырылады.
Қ а й т а л а м а қ о с с ө з д е р белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я 
қосымша жалағанған түрінің екі рет қайталануы арқылы , я сол сөздің не бір 
(я бірнеше) дыбысының, немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы 
жасалады. Мысалы: 
қора-қора, үлкен-үлкен, бара-бара, сөйлей-сөйлей, таудай-
таудай, үй-үйге, өзді-өзі, бес-бестен, қолма-қол, сарт-сұрт, ап-ашық, т.б.
Қ о с а р л а м а қ о с с ө з д е р лексикалық мағынасы басқа-басқа екі 
түрлі сөзден құралады. Мысалы: 
ата-ана, үлкен-кіші, ертелі – кешті, 
жиырма – отыз, ол-пұл, қарғап-сілеп, сүріне-жығыла, жатса-тұрса, ілгері – 
кейін, іші-сырты т. б.
Сыңарлары (компоненттері) морфологиялық жақтан біртектес, синтак-
систік жағынан өзара тең болғандықтан, қосарлама қос сөздердің мағынасы 


101 
құрамындағы екі сыңарының да мағынасын бірдей қамтиды да, жалпылау, 
топшылау, жинақтау, болжалдау, мөлшерлеу тәрізді ұғымдарды білдіреді. 
Сыңарларының мағыналық дербестігі болу я болмауы жағынан алғанда, 
қосарлама қос сөздердің өздері де біркелкі емес. Мысалы: 
құрбы-құрдас, 
шыбын-шіркей, қауіп-қатер, жығыла-сүріне, ұрмай-соқпай 
деген қос 
сөздердің екі сыңарларының да дербес лексикалық мағыналары бар. Ал, 
жаман-жәутік, тоқты-торым, қойшы-қолаң, әуре-сарсаң, жылап-сықтап
дегендердің бір сыңарларының дербес лексикалық мағыналары жоқ, я олар 
әлсіреген. Сонымен қатар тілімізде екі сыңарының да дербестігі жоқ 
алба-
жұлба, алай-түлей, астан-кестен, тым-тырақай, бұлқан-талқан, қыран-
топан
сияқты қос сөздер де бар.
Сөйтіп, қосарлама қос сөздер с ы ң а р л а р ы н ы ң д е р б е с т і г і
б а р я ж о қ т ы ғ ы н а қ а р а й :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет