1)
Жұрнақтар дыбыстық құрамы жағынан қалай бөлінеді ?
2)
Синонимдес жұрнақтар деп қандай жұрнақтарды айтады ?
3)
Омонимдес жұрнақтар деп қандай жұрнақтарды айтады ?
4)
Синтетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз тудыратын жұрнақтар қандай
топтарға бөлінеді ?
5)
Аналитикалық тәсіл деп қандай тәсілді айтады? Аналитикалық тәсіл
ішінен қандай топтарға бөлінеді ?
6)
Біріктіру тәсілі деп қандай тәсілді айтады ?
7)
Қосарлау тәсілі деп қандай тәсілді айтады ?
8)
Сөздерді қосарлап қолданғанда, сөз сыңараларының мағынасы қалай
өзгереді ?
9)
Қандай тәсіл тіркестіру тәсілі деп аталады ?
10)Тіркестіру тәсілінің моделі, тірек сөздер дегендерқандай сөздер?
11) Қысқарған сөздер қандай жолдармен жасалады ?
12) Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі деп қандай тәсілді
айтады
13) Сөз тұлғалары деген не ?
14) Қазақ тілінде сөздер тұлғалық ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді ?
51- жаттығу:
Сөйлемдерден аналитикалық тәсіл арқылы
жасалған сөз тұлғаларын
тауып,
түрлеріне қарай талдау жасаңдар.
1)Үй іші бірталай жым-жырт отырып қалды ( М. Ә ). 2) ЕҚЫҰ – ның
Астана Саммитінің алдында күрделі саяси және
әлеуметтік міндеттерді шешу
тұрды («Егемен Қазақстан» ). 3) «Қос шалқар» – қос босағаға орнатқан күміс
бағана тәрізді екі көл ( Ғ. Мұст.).4)
Ол туған жерде демалуды, сөйтіп
денсаулығын түзеп алуды ойлаған еді ( С. Бақ.). 5) Елең-алаңнан көшкен ауыл
күн қыза құм арасындағы ойдым көгалға келіп қонған еді ( Ө. Қ. ). 6)
Құнанбай мұның сәлемін алды да, тебініп қап, жүр деді ( М. Ә. ). 7) «Алуан-
алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады», - дейді халық мақалы ( «ҚӘ» ). 8)
«Қарын шашы алынбай келе жатқан халықтың анық қаскөзі, қаскөйі осылар»
дейтін. ( М. Ә. ). 9) Үй үш қанат екен: киіз, қап-қара, тозығы жеткен,
шоқпыттан жамаса да, шұрқ-шұрқ, қай тесігінен қарасаң да, дала көрінеді ( Ғ.
Мұст.). 10) Бұл кезде Алтын Орданың елу мың қосындарын басқарып,
Қайдауға жәрдемге келген Беркенжар кенет қатты сырқаттанып қалған (І. Е. ).
52- жаттығу:
Сөйлемдерден лексика-семантикалық тәсіл арқылы
жасалған сөздерді
тауып, жасалу жолына түсінік беріңіз.
1)«Нұр Отан» халықтық-демократиялық
партиясының Астанада болып
өткен кезекті конференциясы қоғамымыздың демократиялық
сипатын
тереңдетіп, еңбек адамдарының құқықтарын одан әрі кеңейту қажет
деген
шешім қабылдады. ( «Егемен қазақстан»). 2) «Арай» журналы жаңа күннің,
жаңа тыныстың жаршысы. Жұлдызы биік, жүзі жарқын болсын. Алматы
97
көктемінің салқындау ауа райы екі-үш күннен бері маужырап тұр ( «Арай»
журналы ). 3) Бұл сәтте табиғат та
қалың қардың , қалың қайғының астында
жүдеп-жадап жатқан ( «Жалын» журналы. ).
Достарыңызбен бөлісу: