САБАҚ:
Аспан әлемінің құпиялары
|
Ақтөбе қаласы №38 орта мектеп
|
Күні: 28.04.17
|
Мұғалімнің аты-жөні: Кузбаева Эльмира Букенбайқызы
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ_қа_негізделген'>Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
ӘТН4. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
|
Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:
|
Мәтіннен тірек сөздерді тауып, сұраққа жауап береді, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, қолданады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Мәтіннің негізгі идеясын талдай отырып, сөйлемдерді көркем тілмен құрастыра білу дағдылары қалыптасады,сөздік қоры дамиды
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
шоқжұлдыздар, Қарақұрт, Жетіқарақшы, Темірқазық, т.б.
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:навигациялық жұлдыздар, полярлық жұлдыз, т.б.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен халық жұлдыздарға ат қойған?
Аспан әлемінің қандай құпияларын білесіздер?
Бүркіт шоқжұлдызы туралы не білесіздер?
|
Алдыңғы оқу
3 мин
|
«Сәтті сұхбат» стратегиясы бойынша ширату жаттығулары жүргізіледі.Барлығы екі тізбек болып,бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Бірінші тізбектегілер алдыңғы сабақ бойынша сұрақ қояды,екінші тізбектегілер жауап береді.Белгі берілген кезде,екінші тізбектегілер сол жаққа қарай бір орынға жылжып,келесі адамның сұрағына жауап береді.
|
Жоспар
|
Жоспар
ланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басы
5 мин
|
І. «Шаттық шеңберін» құрып тұрады.
ІІ. Ой шақыру. «Аспан әлемінің құпиялары» тақырыбында бейнеролик көрсету арқылы ой шақыру.
ІІІ. Әр түсті жұлдызша стикерлермен топқа бөлінеді
І топ. Темірқазық
ІІ топ. Жетіқарақшы
ІІІ топ. Торпақ
Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен халық жұлдыздарға ат қойған?
Аспан әлемінің қандай құпияларын білесіздер?
Бүркіт шоқжұлдызы туралы не білесіздер?
|
Бейнеролик
kaztube.kz
|
Ортасы
20 мин
|
«БББ» әдісі бойынша алғашқы екі бағанды толтырады.
Бейнероликтен көрген шоқжұлдыздар туралы мәліметтерін «Домино» әдісі арқылы құрастырып шығарады.
А деңгейлі тапсырма. Ең танымал шоқ жұлдыздарды «Дара диаграмма» әдісі бойынша толтырады.
«Танысу үшін және сканерлеу»стратегиясы бойынша «Бүркіт шоқжұлдызы» атты мәтін оқылады.Мәтіннің мазмұны мен идеясын ұғу үшін тез көз жүгіртіп оқып шығады.
В деңгейлі тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді тауып «Хикая картасына» түсіреді.
Мәтінді мұқият оқып, тірек сөздерді тауып, оқиғаның суретін сала отырып, айтып береді. Өздері білетін аспан әлемі туралы ертегілерін баяндайды.
Мәтінді қорытындылау мақсатында «Құрылымдық кесте» толтырады.
С деңгейлі тапсырма. Мәтіннен « Екі жақты талдау күнделігі» арқылы жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер мен күрделі сөздерді табады.
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер
|
Күрделі сөздер
|
|
|
|
мәтін
үлестірме парақшалар
|
Соңы
5 мин
|
БББ әдісінің соңғы бөлімін толтырады.
|
парақшалар
|
Кері байланыс
5 мин
|
«Ұялы телефон арқылы смс-хабарлама» стратегиясы бойынша сабақтың сәтті және сәтсіз өткен тұстары мен ұсыныстарын жазып,кері байланыс жасайды.
|
қима қағаздары
|
Бағалау
2 мин
|
бағалау критерийлері
|
дескрипторлар
|
балл
|
Мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.
|
Мәтіннен негізгі ойды анықтайды.
|
3
|
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін табады
|
3
|
Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты түсінеді.
|
Мәтіндегі айтылатын ойды анықтайды
|
4
|
Мәтіндегі ақпараттарды ажыратады.
|
4
|
Мәтін мазмұны бойынша өзіндік ой түйін жасайды.
|
5
|
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
|
Жұрнақ аркылы жасалган туынды және күрделі сөздерді табады.
|
5
|
«3» 6-7 балл
«4» 8-9 балл
«5» 10 балл
|
|