Золотой Желтый и Белый Утонченная Органическая Мода Маркетинговая Презентация



Дата20.06.2024
өлшемі1,74 Mb.
#203446
Байланысты:
Эрболдқызы Ақмарал пр5


«Математиканы оқытудың әдістері мен заманауи технологиялары»
Эрболдқызы Ақмарал
Кіріспе
Математиканы оқыту әдісі
Оқыту әдістері
Жоспар:
«Кіріспе»
Әдіс сөзінің тегі – гректің «metod» термині, оның мағынасы «қандай да бір мақсатқа жетудің жолы, тәсілі» дегенді білдіреді. Метод - әдіс, методика - әдістеме деп аударылады. Әдіс дегеніміз кең мағынада алғанда, мақсатқа жетудің жолы, белгілі бір тәртіппен реттелген іс- әрекет.
Математиканы оқыту әдісі
Математиканы оқыту әдісі – математиканы оқытудың мақсаты жүзеге асырылатын дидактикалық тәсілдердің реттелген жиынтығы. Ол оқушылардың математика сабақтарындағы оқу-танымдық қызметін қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара бірлескен мақсатты ісәрекеттерін сипаттайды. Математиканы оқыту әдісі – математикалық білімдерді меңгертудің тәсілдері. Математиканы оқытудың кез келген әдісі мақсатты, әрекеттердің жүйесін және көзделетін нәтижені қамтиды. Оқыту әдісінің объектісі мен субъектісі оқушы болып табылады. Математиканы оқыту әдістері мейлінше әр алуан болып келеді, олар жыл өткен сайын кемелдендіріліп, онан әрі жетілдіріліп тұрады. Сондықтан оларды ұдайы жүйеге түсіріп отыру қажет болып табылады
Оқыту әдістері:
- танымдық қызметтің сипаты бойынша: 1) түсіндірме-иллюстрациялық әдістер (әңгіме, дәріс, әңгімелесу, демонстрациялау, т.с.с.); 2) репродуктивтік әдістер(есептер шығару, тәжірибені қайталау, т.с.с.); 3) проблемалық әдістер(проблемалық есептер, танымдық есептер, т.с.с.); 4) эвристикалық әдістер; 5) зерттеу әдістері.
-дидактикалық мақсаттар бойынша: 1) жаңа білімдерді меңгеру әдістері; 2) білімдерді бекіту әдістері; 3) білімдерді бақылау мен тексеру әдістері. - оқу материалын баяндау тәсілдері бойынша: 1) монологтық әдістер (әңгіме, дәріс, түсіндіру, т.б.); 2) диалогтық әдістер( әңгімелесу, проблемалық баяндау, диспут, т.б.);
-білім берудің көздері бойынша: 1) сөздік әдістер (әңгіме, дәріс, әңгімелесу, инструктаж,дискуссия,т.б.); 2)практикалық әдістер(жаттығу, лабораториялық жұмыс,практикум, т.б.); 3)көрнекі әдістер (демонстрациялау, иллюстрация, схема, материалдарды көрсету, график, т.б.), т.с.с.
Дәстүрлі әдіс
Математиканы оқыту әдістерін дәстүрлі және қазіргі заманғы әдістер деп те бөлуге болады. Дәстүрлі әдістерге жататындар: әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, жаттығу, көрнекі әдістер, ауызша баяндау әдістері,т.б. Математиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістеріне жататындар: проблемалық-ізденушілік әдістер, интерактивті әдістер, конструктивтік әдістер, эвристикалық әдістер, зерттеушілік әдістер, аксиоматикалық әдістер, математикалық модельдерді құру әдістері, программалап оқыту әдістері, лабораториялық әдістер, ақпараттық-коммуникациялық әдістер, т.б. Оқыту әдісінің ешқайсысын да әмбебап әдіс деңгейінде түсінуге болмайды. Алайда, оқыту әдістерінің ішінен оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыратын түрлеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Әдетте, жекеленген оқыту әдісін ғана қолдану жақсы нәтижеге жеткізе бермейді. Сондықтан оқыту әдістерінің бірнеше түрлерін тиімді және үйлесімді ара қатынаста қолданған жөн.
Назарларынызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет