Лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚАУ



Дата15.09.2017
өлшемі188,28 Kb.
#33646
Әдістемелік нұсқаулық Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі пәнінен


5В020700 «Аударма ісі» мамандық студенттеріне арналған
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Қазақ тілінен лабораториялық жұмыстар практикалық сабақтармен жүргізіледі, сонымен бірге олар студенттердің алған білімдері мен дағдыларын жеке берілетін тапсырмалардың көмегімен терендете түседі.

Лабораториялық жұмыстар студенттердің өздік жұмыстарының нәтижелерін жақсы бақылап отыруға құрылған. Лабораториялық жұмыстарының мазмуны «Қазақ тілі» пәні бойынша 5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған бағдарлама негізінде құрылған.

Лабораториялық жұмысы 16 тақырыптан тұрады, практиқалық сабақтарда терен қарастырылмайтын тақырыптарға ерекше көніл аударылады. Мысалы:

Лабораториялық жұмыстар үшін тақырып таңдаған кезде болашақ маманға алған мәліметтері тәжірибеде қаншалықты қажет болатыны да ескерілді.

«Қазақ тілі» пәнінен лабораториялық жұмыстарың кәсібі бағытылығы: тапсырманың тақырыптары қазақ тілімен мектеп оқұлықтарымен байланысты, ал ұсынылған әдебиеттер тізіміне оқушылар мен мектеп муғалеміне арналған оқу құралдары, түрлі сөздіктер енгізілген.

Лабораториялық жумыстарының барлық тапсырмалары (үй тапсырмалары, аудиториялық) жазбаша түрде орындалады, теориялық сүрақтардың жауаптары негізінен ауызша беріледі.

Лабораториялық жұмыстарының мақсатты – тілдік емес мамандықтар студенттеріне кәзіргі қазақ тілінің нормаларын практикалық жақтан меңгеруге кажетті кәсібі дағдыларды қалыптастырүға көмектесу.

В5020700 «Аударма ісі» мамандығы үшін (жалпы орта білім негізінде)

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖУМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ



Тақырып атауы

Сағат саны







Лексикалық, грамматикалық тақырыптар

Тапсырмалар





Лаб.




1.


Досым туралы.

1.Тезістік жоспар құрастыру.

2.Сын есім, дара, күрделі түрлері.

3. Ң дыбысы, ерекшелігі, дыбысталуы. Кейінді ықпал. Буын түрлері.

4. Синонимдер.


1. Мына сұрақтарға толық жауап қайтарындар:

Досын қашан, қайда туды? Досын отбасында кімдер бар? Олар кім болып істеп жүр?







1




2.


Отбасы.

(Туыстық қатынастар)
1. Зат есім. Дара, күрделі зат есімдер. Жалпылау есімдігі.

2. Н, Ң дыбыстары, ерекшелігін қайталау.

3. Омонимдер.



1. Сұраулы жоспар құрастыр.

2.Жатыс септігін, тәуелдік жалғауын және жалаң осы шақта қатыстыра отырып өздерің сөйлем құрап қөріндер.







1




3.



Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.

1. Мезгіл үстеуі.

2. Төл дыбыстарды қайталау. Дыбыстық өзгерістер (айдың аяғында – аяқ+ы=аяғы).

3. Сөздің этимологиясы (апта сөзі).


1. Көркем әдебиеттерден алынған мысалдардан сан есімдерді тауып, олар сан есімнің қай түріне жататындығын анықтандар.

2. Қазақша жыл қайыруды біліп алындар. «Жылың не»? деген сұракка жауап беріндер.





1




4.


Сағат неше?
1.Септік жалғаулары. Барыс, шығыс септіктері. Шылаулар: кейін, дейін.

2. Төл дыбыстарды қайталау.




Тәулік кезендерінің атауларын біліп алындар: таң, кеш, түн, күн,шанқай түс, түс, тал түс, сәске түс, сәске, түстен, кейін,түс ауа, ақшам,күн батар кез, күннің үясына батуы, қас қарайған шақ, ымырт,інір, түн, қаранғысы, кешқұрым т.б.






1




5.



Мереке күндері.
2.Етістіктің болымды, болымсыз түрлері. «Емес», «жоқ», «дұрыс-ақ», «жөн екен» сөздерін қолдана білу.

3. Төл дыбыстарды қайталау. Буын. Интонация. Мәнерлеп оқу.



1.Той және мейрам мен мереке туралы баяндама дайындау.

2. «Бесплатных объявлений» газетінде 11 (583) 11наурыз 2011ж, 90б. «Наурыз» тақырыбына арналған мақаласына конспект жасау.




1




6.

Шақыру. Құттықтау. Тілек айту.
1.Көсемше. Жіктік жалғаулардың түрлері. Келер шақ.

2. Төл дыбыстарды қайталау. Мәнерлеп оқу. Екпін.



1.Қонақтың той дастарқанына немесе үй иелеріне ризалық білдіріп, бата беруі (бата үйреніп келу).




1




7.



Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт – дәстүрі.

1.Өткен шақ. Жедел өткен шақ. Шырай категориясы. Қалау рай. Кейінді ықпал.

2.Жіңішке дауысты дыбыстар.


1. Қазақ тілі туралы қысқаша мәлімет дайындау.

2. «Хан», «Би», «Султан», «Шах», «Қазақ» сөздерінің мағынасың этимологиялық сөздіктен карап жазып келү.







1




8.


Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.

1.Етіс категориясы. Негізгі етіс. Септеуліктер.

2.Қатаң дауыссыз дыбыстар.


1.Қазақ музыкасы. Павлодар өңірінен шыққан әнші Майра Уәліқызы түралы мәлімет.

2. Атаулы жоспар құрастыру.







0,5




9.

Тіл білімінің ғылымның әр түрлі салаларымен байланысы

1.Хабарлы сөйлем. 2.Бұйрықты сөйлем






  1. Мәтінді ықшамдап әнгімеле.

  2. Соңғы абзацқа морфологиялық талдау жасау




1




10.

Дүниежүзі тілдері және оларға классификация жасау туралы

Атаулы сөйлем.



  1. Мәтін бойынша глоссарий жасау.

  2. Тезістік жоспар құрастыру.




1




11.

Тілдің қоғамдық әлеуметтік қызметтері


Толымды сөйлем және толымсыз сөйлем.

1.Мәтінді ықшамдап әнгімеле.

2. Атаулы жоспар құрастыру.







1




12.

Әлеуметтік – тұрмыстық қарым-қатынас тілі және әдеби тіл


Баяндауыш. Жасау жолдары.

1.Метафора, метонимия, синекдоха туралы казақ тілінде сөздіктен жазып әкелу.

2. Атаулы жоспар құрастыру.







1




13.

Сөз әдебі


Пысықтауыш.

  1. Мәтінді ықшамдап мазмұнда.

  2. Комплимент туралы айту.







1




14.

Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері


Сөйлем мүшелерінің өткенді қайталау.

1.Мәтінді ықшамдап әнгімеле.

2. Атаулы жоспар құрастыру.







1




15.

Іскерлік қарым-қатынас тілі


Құрмалас сөйлем Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері.


  1. Құжаттардың үлгесің әкелу

  2. Тезістік жоспар құрастыру.




1




16.

Сібір жазбалары


Ыңғайлас сөйлем.


В.Радловтың мақаласың «Сібір жазбалары» конспектеу.




0,5






Барлығы





15





Зертханалық жұмыс №9

МӘТІН

Тіл білімінің әр түрлі ғылымдармен байланысы


  1. Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді.
    Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын-жазушының
    шығармашылығын зерттеу, тілі мен стилін зерттеуді де қамтиды, өйткені «тіл-
    әдебиеттің бірінші элементі» (М.Горький)

  2. Тіл білімінің философиямен тығыз байланысы бар. Тіл білімі философиямен
    біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан байланысса, екіншіден, зерттелінетін
    ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.

Диалектикалы материализм табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар
қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады, осыған орай, тіл де баяу болса да өзгереді,
дамиды. Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мен дамуы, ойлау мен
тілдің ара қатысы және т.б. проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл
біліміне бағыт-бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принципін
белгілейді.

Тіл халықтың дүниеге көзқарасына да әсер ете алмайды, адамның ойлауын да айқындап белгілей алмайды, өйткені тілдің өзі ойдың құралы, тілді халық иеленеді, тіл қоғамға, ондағы адамдарға қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Ойдың құралы болу, оның басшысы және билеп-төстеуші қожасы болу дегенді білдірмейді.



Зертханалық жұмыс №10

МӘТІН

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КЛАССИФИКАЦИЯ ЖАСАУ ТУРАЛЫ
Дүние жүзінде үш мың шамасында тіл бар деп есептелінеді. Дүние жүзіндегі тілдердің санын дәлме-дәл көрсетудің қиындығы мынада: кейбір елдердегі тілдер мен диалектілер жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген. Осылай болғандықтан, олардың ішінен қайсылары дербес тілдер екендігін, қайсылары бір тілдің диалектілері екендігін қазірде дөп басып айту мүмкін бола бермейді.Демек, дүние жүзі тілдерінің дәл саны олардың күллісі түгел қамтылып, жан-жақты зерттелінгенде ғана, айқындалмақ. Дүние жүзі тілдерінің ішінде тайпа тілдері де (мысалы,Африкадағы кейбір тілдер, Америка индеецтерінің тілдері және т.б), халық тілдері де, ұлт тілдері де бар. Дүние жүзі тілдері ішінен орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, қытай тілі, араб тілі және испан тілі халықаралық тілдер болып саналады. Бұл тілдерде халықаралық ұйымдардың мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Бейбітшілікті қорғау комитетінің және т.б материалдары жарияланып отырады. Орыс тілі халықаралық тіл болуымен бірге, біздің еліміздегі халықтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын ұлт аралық тілі болып саналады.

Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі түрлі тұрғыдан: 1)тілдік материалдың (түбірлер иен аффикстердің және сөздердің) бірлігі, яғни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан, 2) шығу тегіне байланыстырылмай, құрылысы мен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысының, ыңғайластығы, ұқсатығы тұрғысынан топтастырылады.


Зертханалық жұмыс №11

МӘТІН

Тіл – адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші, ұйымдастырушы. Ендеше тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бір – бірімен сөйлесу, пікір алысу қызметін атқарады.

Қазақ халқы бір – бірінің қуаныш пен қайғысына ортақтасып отыруды парыз санаған. Қуанышқа құтты болсын айтып, қайғы – мұңды сөзбен, тіл күшімен жеткізуді дәстүр еткен. Халықта барлық қызық пен қуаныш, қайғы мен зар сөзбен өрнектелсе, дай – дамай, ұрыс «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен» шешілген. Қазақ тілінде ұлттық сипаттағы сөздер қоғамның түрлі жағдайларында үлкен қызмет атқарған. «Айтылған сөз – атылған оқ» деген халық қағазға түспесе де, хатқа жазылып басылмаса да айтылған тұжырымды заң деп қабылдаған. Тілдегі сөздің осындай ерекшеліктерін ескеріп, қоғамдық қызметін бірнеше топтарға бөлуге болады:


  • шешендік сөздер, билер дауы

  • сыйыну, табыну сөздері

  • аластау, бәдік және түрлі ауруларды емдеу кезінде айтылатын сөздер

  • өткенді айтып, болашақты болжар сөздер (бал ашу, құмалақ салу, қобыз ойнау)

  • тілек, жақсылыққа арналған сөздер (бата, тілек, алғыс)

  • тыйым сөздер, қарғыс сөздер;

  • жан жадыратып, қуаныш әкелер сөздер

  • есе қайырып, кек қуып, намыс оятар сөздер (аруақ шақыру, ата – баба аруағына сыйыну)

  • қуаныш, қайғыға ортақтасар сөздер (құттықтау, көңіл айту)

Қызметіне қарай түрлі орындарда қолданылатын сөздер көркемдік бояумен, әуенінің бөлектігімен айшықталады.

Зертханалық жұмыс №12

МӘТІН

ӘЛЕУМЕТТІК - ТҰРМЫСТЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ТІЛ

Қазақ халқының тұрмыстық қарым-қатынастағы тілдесуі салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты болады.

Баласының болашағын адал, бақытты ғана елестетіп, соны арман еткен халық ұрпағын туған күнінен бастап бесік жырымен әлдилеп жақсылық тілейді. Есейе келе баланың әр ісіне, қадамына қуанып, «Азамат бол!», «Көп жаса!», «Елдің алды бол!», «Бағың жансын!», «Жұлдызың жоғары болсын!» т.б. мейірімге толы сөздермен өсіреді.

Әдеби тіл халықтың қоғамдық-әлеуметтік өміріне, саяси шаруашылық жағдайына байланысты туып қалыптасады. Қоғамдық өзгерістерге қарай әдеби тілдің де жалпыхалықтық тілмен сабақтастығы үзлмейді.

Ешбір әдеби тіл халықтың әлеуметтік-тұрмыстық тілінен бұрын пайда болған емес. Сондықтан да белгілі бір халықтың әдеби тілі - өзінен бұрын өмір сүрген тілдердің жалғасы.Жалпыхалықтық тіл - әдеби тіл стильдерінің де басты белгілірін айқындаушы әрі айырмашылық нышандарының да көрсеткіші.

Әдеби тіл мен әдебиет тілін бір деп, бірінің орнына бірін қолдануға келмейді. Көркем әдебиет тілі әдеби тілдің бүкіл болмысын, сан алуан мүмкіндіктерін аша алмайды.Әдеби тілі - бейнелі сөз қолданыс үлгісі. Қазақ тілі - көркем, айшықты, ұлттық тіл. Қазіргі қазақ тілінің стильдері нақтыланған, әдеби тіл нормасы жүйеленген тіл екені белгілі. Әлеуметтік-тұрмыстық тіл - әдеби тілдің негізгі арнасы.

Қазіргі тілде ауызекі тіл стилі, ресми тіл стилі, әдеби тіл стилі, ғылыми тіл стилі, публицистикалық стиль түрлері бар. Сөздің түрлі сипатта айтылып, қызмет аясының, қолданылу өрісінің кеңеюіне де бастау болатын сөздердің өзі - әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынастағы сөздер. Осы сөздердің алғашқы негізгі әлеуметтік-тұрмыстық сөздер тілде түрлі стиьлдік бояуымен құлпыра түседі.

Әдеби тілдің өзі де - жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған түрі, әрі жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүреді.

Тілдің басты қызметі - халықтың рухани құндылығы, қарым-қатынас құралы бола алуы.Әлеуметтік-тұрмыстық тіл қазіргі қазақ тілінде барлық стильдің тұғыры болады.Онда қазіргі қазақ тіліндегі стильдер белгісінің барлығы бар:

-публицистикадағыдай белгілі тыңдаушысы бар, жұртты қыздырып, елітіп әкетер күші бар;

-іскерлік: қарсылас елдің дау-дамайына қарсы тұрар қуаты, қарсыласын тоқтата алар уәжді мүмкіндігі мол;

-көркем әдебиет: бейнелі сөздер мен құрылым сипаты бөлек ұйқас, тармаққа бағынады.

Әлеуметтік - тұрмыстық тіл - әдеби тіл тірегі, ал әдеби тіл - әлеуметтік-тұрмыстық тіл белгілерін жинақтаушы.

Зертханалық жұмыс№13

МӘТІН

Сөз әдебі

Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді білмей, ынта қойып, аяғына дейін тыңдай білуі де – мәдениеттілік.

Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп, жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебін білдіретін сөздер бар.

Ұлттық тілімізде жасы үлкен адамдарды атымен атамай, аға, әпке, ата, әже деу, қатарластарды құрдас, құрбы, замандас, жолдас деу де - ізеттілік.

Мереке, мейрам, қуанышты күнмен құттықтай білу де-тәрбиелілік. Құттықтау тілінің өзіне тән сөз орамдары мен сөз тіркестері бар. Құттықтау тілінде мақтау, мадақтау, көңіл көтеру сөздері қолданылады.

Мақтау-мадақтау айтушының жүзіне тура қарап, шын ниеттен айтса, ол дауыс мәнерінен де байқалып тұрады, әрі таза көңілден шыққаны сенімді болады.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын жеңіл тимесі анық. Ендеше оларды қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жететіні белгілі. Келісімге келуге тырысу, егер әңгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгерту тәрбие мен әдеп белгісі. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгімелесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.
Зертханалық жұмыс№14

МӘТІН

Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді.

Ауызша сөйлеудің де, жазбаша тілдің де түп негізі-ұлттық» ұлттың ғасырлар бойы жасаған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, жылдар сыннан өткізген жалпы халықтық тілі.

Қазақ тілінде ұлттық дағды-дәстүрімен біте қайнасқан, елдің тарих, шаруашылық, мәдени, әдеби құндылықтарын молынан көрсететін - ауызша сөйлеу тілі.

Бұны ауызекі сөйлеу стилі қарастырады. Оның басты ерекшелігінің өзі - өзара сөйлесу кезінде адамдардың пікірі ғана емес, мінез-құлқы, ой-өрісі, сөйлесе білу, тілдесе алу мәдениет, әдебін де көрсететіндігінде.

Әдептіліктің басы сөйлесу, тілдесуден-ақ аңғарылады. Ұлттық дәстүр, мәдениетті бойға сіңірген жанның халықтық сөйлеу әдебін үйренуі, білуі шарт.

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін бір отбасына теліп қоймай, ауыл, ел, ру, болып қолға алған. Бір ауыл, ел, рудан өрескел іс істеген, әдепсіздік көрсеткен адам табылса, жұрт болып түзеген.

Пікір алысу, сөйлесу кезінде адамның қимыл-қозғалысы, бет-әлпет өзгерісі де оның жан-дүниесін, ішкі ойын білдіріп отырады. Дауыс ырғағы, сөзді орынды қолдану, екпін, кідіріс сияқты қосымша белгілер де сөйлеушінің пікірін білдіріп қоймай, мәдениетін, тәрбиесін көрсетеді. Орынсыз дауыс көтеру, даурыға сөйлеу, жөнсіз айғайлау, дауысын құбылту, бет-пішінін өзгерту, сөйлесіп тұрған адамды соңына дейін тыңдамау, сөзді бұзып сөйлеу, сөйлемді бұзып айту, дөрекі сөздерді қолдану-тәрбиесіздік, әдепсіздік белгісі.

Мәдениетті, тәрбиелі адам ойын еркін жеткізуді мұрат етіп, тілдегі сөздік қорды барынша мол пайдаланып, орнымен жұмсап, ойды жүйелі, нақты, сабырмен айтуды дағдыға айналдырады. Ауызекі сөйлесудің басты шарты-сөйлесушіні тыңдай білу, пікірін, ойын дұрыс түсіну.

Зертханалық жұмыс №15

МӘТІН

Іскерлік қарым-қатынас тілі

Бүгінгі қоғам білім мен қабілетті, мінез бен мәдениетті, еңбек пен ақылды орнымен қолдана алатын іскер маманды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне тән ерекшеліктері: қалыптасқан әдеттері мен қолданар сөз, сөз орамдары, тұрақты құжаттары бар. Қазіргі қоғам әр адамнан өз ортасы талаптарына қарай мәдениетті игерумен бірге, сөз әдебін қолданудағы сауаттылықты да талап етеді. Сауаттылық - іскерлік қатынастағы жазба тіл үшін де, ауызша сөйлеу тілі үшін де қажет.

Іскерлік қарым-қатынас тілі - белгілі бір мекемеде, кәсіпорын, өндірісте қолданылатын қызметтік пікірлесу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, құжаттар алмасу, іс қағаздарын жүргізу, ресми кеңес, жиналыс, мәжілістер өткізуде қолданылатын тіл.Талқыға түсетін мәселе жөнінде жан-жақты хабардар болу, сол салаға қатысты терминдерді орнымен қолдану, сұраққа нақты, жүйелі жауап беру де -іскерлік қарым-қатынастың талаптары.

Қоғамдағы басты міндеттердің бірі-құжат пен іс-қағаздарын ана тілінде жазу. Ана тілімізде ресми іс-қағаздарының қалыптасқан тілдік орамдары, тұрақты үлгілері бар. Тілдің тарихын зерттеушілер қазақ тілінде ресми іскерлік қарым-қатынас тілі ертеден бар екенін айтады.



Хат мәтінінде қазіргі әдеби тіл нормасынан ерекшеленетіндей көне формалар, араб және парсы сөздері тым сирек. Ғалымдардың зерттеуінше, ондағы 180 сөздің 120-сы, яғни 67 пайызы-қазақтың төл сөздері, 20 (яғни 36 сөз) пайызы-араб, парсы сөздері, қалған 13 пайызы орыс сөздері мен ономастикалық атаулар үлесіне тиеді.
Зертханалық жұмыс №16

МӘТІН

Сібір жазбалары

...Мен өзім қазақ арасында тұрып, мына нәрселерге көзім жетті: оларда анархия емес, біздегі мәдени қатынастардан айрықша, бірақ сонда да өзінше қалыптасқан мәдени қатынастар үстем.

Кең-байтақ далада өмір сүрген қазақтардың тілі жағынан тұтас бірлікте болып, Каспий теңізі мен Жоғарғы Ертіс қазақтары тіліндегі диалектілік айырмашылық онша-мұнша байқалмайтынына қарамастан, барлық жерде де олардың салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының, тұрмысының, мінез құлқының бірдей болуының байқалмайтынына қарамастан, барлық уақытта да олардың басқа түркі тілдес халықтардан айырмашылығы бар. Халық жиналған барлық той-думандарда әдетте ақындар қатысушыларды тарихи жырлармен, сондай-ақ ақындар сайыстарында және мадақтау өлеңдерін орындау кезінде өздерінің суырып салма өнерімен еліктіреді. Ақындарды барлық жерлерде қуана қарсы алады. Қазақтар тамаша шешен сөйлеп, әңгіме айтуды ұнатады, күлдіргі әзілді жиі айтады.Сондықтан да қазақтарда аса бай халық поэзиясының болуына еш таңдануға болмайды.

...Өз көршілестеріне қарағанда қазақтардың арасында шешендік өнер дамыған... Қазақтың әр сөзі ойнақы, өлеңдері суырып салма шешендік сөздерге толы және де әдеттегі тілі сөздер мен тіркестерінде белгілі бір әуен-ырғақпен ерекшеленеді, сөздері айқын да дәлме-дәл мағына береді, демек қазақтарды Батыс Азияның француздары деп атауға толық негіз бар. Менің жазғанымдай, осы халықтың өте-мөте бай халық әдебиеті пайда болғанына еш таңдануға болмайды... (В. Радлов)



ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1.В.Ю.Франк. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. Алматы: Болашақ балапандары, 1999

2.Мусинов А.,ж.б.Қазақ тілі:Студенттерге арналған окулық/А.Мусинов,М.Мухеметқалиева,Е.Құдайбергенов.-Алматы,1995.

Қосымша әдебиеттер тізімі:


1. О. Күлкенова. Тіл ұстарту /жаттығулар жинағы/ - Алматы: Қазақ университеті, 1992.

2 . Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

Алматы: «Жеті жарғы» 1998.

3 . Бектұров Ш.К.

Читаем газеты на казахском языке. Қазақша газеттерді оқып үйренейік. Алматы: ВШП «Әділет» 1999.

4 .Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: «Ана тілі» 1994.

5. Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі» ЖШС, 2003.

6. Б.Қ.Капасова, Б.Х.Әбдіжүсіпова Қазақ тілі 10 сынып. Астана: Арман ПВ 2006

7 Аханов К. Тіл білімінің негіздері – Алматы: Рауан, 2002
Сөздіктер:

1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 28-том. Экономика және қаржы. Алматы: Рауан, 2000.

2. Х. Махмудов, Ғ. Мұсабаев. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 1989.

3. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы: Қазақстан, 2001.



4. Ү. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет