Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет203/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 76.
Қимыл атауы 
 
Іс, қимыл, амалдың шағын, жағын көрсетпей, тек сол қимыл, 
амалды атап қана қоятын етістіктің түрі қ и м ы л а т а у ы деп 
аталады.
Қимыл атауы
 
етістіктің негізгі түбірі мен туынды түбіріне

жұрнағы 
жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 
жаз-у, бар-у, ал-у, ұйымдастыр-у, 
сырла-у, ақта-у т. б. 
Қимыл атауы - е
тістіктің грамматикалық категорияларының ішіндегі бір 
ерекше түрі
.
Қимыл есімдері өзінің грамматикалық қасиеттері мен 
тұлғалану белгілері және синтаксистік қызметі жағынан етістіктерден гөрі 
есімдерге бейім болып келеді. Олар есімдерше тәуелденеді, септеледі. 
Мысалы: баруым, баруың, баруы, баруымыз, баруыңыз; 
Осы ерекшеліктеріне қарай қимыл атаулары сөйлемдегі орнына, 
морфологиялық тұлғасына байланысты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де, 
тұрлаусыз мүшелері де болып келе береді.
Сөйлемнің басында атау тұлғада келіп, бастауыш болады: Мысалы: 
1)
Ерте тұрып,
дене шынықтыру, 
таза ауада 
серуендеу 
- денсаулық кепілі. 
Ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қызметінде қолданылады:
Білмегеніңді сұрап, 
біліп алудың 
 еш ұяттығы жоқ. 

Ілік пен атаудан басқа септік тұлғаларында келіп, толықтауыш болады:
 Ол 
оқуды
 қойып, 
жазуға
 кірісті. 
С
өйлемнің аяғында атау және жатыс септік тұлғаларында келіп, баяндауыш 
та болады: 
 Бізідің алдымыздағы негізгі міндет- еңбек өнімділігін 
арттыру.
 
Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайы 
өтуде.

Қимыл атауынан
 
кейін 
тиіс
,
 керек
сияқты модальдық сөздер тіркесе 
айтылса, үнемі баяндауыштық қызмет атқарады:
 Мысалы: Бұл жұмысты 
бүгін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет