Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет206/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 78. Есімше 
 
Түбірі етістік сөзінен бола тұрса да, тұлғалануы және сөйлемдегі син-
таксистік қызметі ерекше болып келетін етістіктің бір түрі е с і м ш е
деп аталады. 
Есімше етістіктер үнемі қимыл, іс, қозғалыс, амал, әрекет түрінде қолда-
нылмай, белгілі есім сөзінің қимылдық сапасы, белгісі, қасиеті түрінде ұғы-
нылады. Белгілі субъектінің қимыл, амал, әрекетін білдіретін етістіктер есім-
ше тұлғасына енгенде, сол өз субъектісінің қимылдық белгісіне айналады. 
Мысалы, 
Кітап 
оқылды
. Адамдар 
келді.
 Ән 
шырқалды.
 Оқушы 
сөйледі
деген 
сөйлемдердің 
 оқылды, келді, шырқалды, сөйледі
деген етістік баяндау-
ыштарының үшінші жақтық өткен шақтық грамматикалық мағынаны білді-
ретін
-ды,-ді
қосымшаларын алып тастап, оның орнына есімшенің
–ған,-ген
жұрнақтарын жалғап,субъектінің (бастауыштың) алдынан келтіріп айтса, 
оқылдған кітап, келген адамдар, шырқалған ән, сөйлеген оқушы
болып, сол 
субъектінің амал, әрекетін білдірмей, қимылдың сапасын, белгісін білдіреді. 
Есімшелерде етістіктің де, есім сөздерінің де белгісі болады. Етістіктің бел-
гісі- есімшелердің етістіктің түбірінен жасалатындығында. Есім сөздеріне 
ұқсастығы –етістіктің түбірінен жасала тұрса да, есімшелердің есім сөздердің 
үлгісімен көптеліп, тәуелденіп, септеліп және жіктеліп айтылатындығында. 
Есімдердің ішінде есімшелер сын есімдерге ұқсайды. Сын есім сияқты зат 
есім сөзінің алдында келіп, қабыса байланысып, анықтауыш болып келеді. 
Мысалы: 
Орылған
 егін, 
шабылған
 шөп, 
айтатын
 сөз, 
оқыған
 адам.


199 

Есімше зат есім сөзіне тіркесіп айтылғанда, зат есім сөзі тұлғалық өзге-
рістерге еніп, құбылып отырса да , есімше өзгеріссіз атау тұлғада қалып 
отырады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет