Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 9 . Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі



Pdf көрінісі
бет22/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 9 . Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 
 
Дауысты дыбыстар сияқты дауыссыз дыбыстардың да қолданылуы
бірдей емес. Дауыссыз дыбыстардың көпшілігі барлық буындарда талғаусыз 
қолданыла береді де, бірқатары тек белгілі сөздерде, белгілі позицияда ғана 
қолданылады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстар әріптерінің де қолданылу емлесі 
болады. ; 
1. 
з, ц, к, л, м, н, п, р, с, т, ш
 
дауыссыз дыбыстарының әріптері қазақтың 
байырғы сөздерінде де, өзге тілдерден енген сөздерде де барлық буындарда
(сөздің басында, ортасында, аяғында) жазыла береді: 
заң, қазақ, қағаз, 
момын, мал, ласта, тап, нар, көйлек, шал, секер, рас, шам, сат, нан.
2.
ж, ғ
 
әріптері қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданыл-
майды. Тек 
ж 
әрпі ғана 
мұқтаж, лаж 
сияқты сөздерде сөз аяғында келеді. 
3.
ң
 
әрпі қазақтың байырғы сөздерінде сөздің ортасында, аяғында ғана 
жазылады да, сөз басында қолданылмайды: 
оң,
таң,
жаңа, аң, сең, шаңғы, 
тұңғыш, сенің.
4. 
в, ф, ч, ц, щ
 
әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, ал 
орыс тілі арқылы енген терминдік сөздерде барлық буындарда да қолданыла 
береді: 
авиация, автор, дифтонг, диспетчер, завод, инспекция, концерт, 
фотография, мотоцикл, ведомость, взвод, актив, щётка, чемпион, цирк, чек, 
цифр, философ, революция.
щ
 
әрпі қазақтың 
ащы, тұщы, кеще 
деген байырғы сөздерінде ғана 
жазылады да, 
ашшы, қашшы, шашшы 
сияқты сөздерде 
щ 
әрпі жазылмайды. 
Ол сөздер морфологиялық принцип бойынша 
аш, қаш, шаш 
деген түбір 
тұлғасы мен - 
шы 
жұрнағының тұлғасы сақталып жазылады. 
5.
б, в, г, д
 
дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолда-
нылмайды. Бұл дыбыстар сөз аяғында орыс тілі арқылы енген термин сөздер-
де ғана қолданылады: 
актив, пассив, эпизод, штаб, клуб, каталог, педагог.

Бұл дыбыстар орыс тілінде де, қазақ тілінде де айтылуда сөз аяғында 
қатаңға айналып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет