Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


в   дыбысын шығаруда үстіңгі тіс астыңғы еріннің ернеуіне сәл ғана  тиіп тұрады да, дыбыс сүзіліп өтеді. Ал  с



Pdf көрінісі
бет21/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

в
 
дыбысын шығаруда үстіңгі тіс астыңғы еріннің ернеуіне сәл ғана 
тиіп тұрады да, дыбыс сүзіліп өтеді. Ал 
с

мен 
3
 
дыбысын шығаруда жоғарғы 
тіс пен төменгі тіс бір-біріне тиер-тимес болып тұрады да, дыбыс тіс 
аралығынан сүзіліп өтеді. Мұндай дыбыстарды жасалуы жағынан жуысың- 
қы, айтылуы жағынан ызың дауыссыз дыбыстар дейді. Оларға: 
ф, в, с, г, з, ш, 
х, ж, һ 
дыбыстары жатады
3. Д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р д ы ң ж а с а л у о р н ы н а қ а р а й
ж ү й е л е н у і 
Дауыссыз дыбыстар, негізінде, ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің 
жұмысы арқылы жасалады. Сондықтан қай дыбыс қандай дыбыстау мүшесінің 
басқа дыбыстау мүшесіне соғылысуынан немесе жақындап жуы-суынан 
жасалатын болса, сол дыбыстаушы мүшенің атымен аталып жікте-леді. 
Жасалу орнына қарай дауыссыз дыбыстар мына сияқты 8 топқа бөлінеді: 
1) ерін дауыссыз дыбыстары
:
п, б, м, у

(тау); 
2) тіс пен ерін дауыссыз дыбыстары: 
ф, в;
3) тіс дауыссыз дыбыстары: 
т, д, с, з, щ, ц;
 
4) тіл ұшы дауыссыз дыбыстары: 
н, л, ч;
 
5) тіл алды дауыссыз дыбыстары: 
р, ш, ж, й 
 
(тай); 
6) тіл ортасы дауыссыз дыбыстары:
к, г;
 
7) тіл арты дауыссыз дыбыстары 
қ, ғ, ң, х;
8) көмей дауыссыз дыбысы: 
һ. 
 
15-жаттығу

Мәтінді оқып шығып, әрбір сөздегі қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды теріп топ-
тобымен кестеге түсіріп жазыңдар. Бірнеше рет қайталанып келген дыбыстарды бір-ақ рет 
алыңдар. 
Шоқпардай кекілі бар, қамыс қүлақ.
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. 
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ. 
Теке мұрын, салпы ерін, үзын тісті,
Қабырғалы, жоталы, болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті. 
Шідерлігі жуандау бота тірсек, 
Бейне жел, тынышты, екпінді мініп жүрсек. 


Екі көзін төңкеріп, қабырғалап, 
Белдеуде тыныш тұрса, байлаи көрсек. 
(А. Қ.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет