Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет29/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Бір буынның соңғы
дыбысының екінші буынға ауысып, буын-
дардың бастапқы сапасының
ө
згеруін б у ы н н ы ң ж ы л ы с у ы немесе
а л м а с у ы дейді.
 
18-жаттығу

Мына мәтінді окып шығып, ондағы сөздерді буынға бөліңдер. Әрбір 
буынныц дыбыс құрамын, түрлерін ауызша айтып беріндер. 
Әйт, шу... ала атым! Жаз шөпті шабатын, 
Сүйеніш, қанатым! Пайданы табатын. 
Жалғыз сен бейнетпен Күн болса, алақай, 
Егінді салатын, Еңбегің жанатын!.. 
(Б. М.) 
Қазақ тілінің сөздік кұрамына орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге 
тілдерден көптеген термин сөздердің енуі, қазіргі қазақ тілінің дыбыстық 


жүиесіне өзінің игілікті әсерін тигізгені сияқты, қазақ тілінің буын 
құрылысына да біркелкі өзгерістер енгізді. 
Қазақтың байырғы сөздеріндегі буынның дыбыстық құрамы мен термин 
сөздеріндегі буындардың дыбыстық құрамы бірдей емес. Оның мына сияқты 
елеулі ерекшеліктері бар: 
а) қазақтың байырғы сөздерінде бір буында дауысты дыбыстың алдынан 
екі дауыссыз дыбыс еш уақытта келмейді. Ал орыс тілінен енген термин 
сөздерінде жиі кездеседі. Мысалы: 
план, класс, трактор;
ә) қазақтың байырғы сөздерінде кейбір үш дыбыстан тұрған тұйық 
буынды сөздер мен төрт дыбыстан тұрған бітеу буынды сөздерде болмаса, бір 
буын ішінде дауысты дыбыстан кейін де екі дауыссыз дыбыс келе бермейді. 
Мұндай жағдайда дауысты дыбыстан кейін сонор дыбыс, одан соң қатаң 
дыбыстардың бірі келуі шарт, басқаша орналасуы мүмкін емес. Мысалы. 
мұрт, жұрт, жылт, қаңқ, бұлт, қант, ант, арт, өрт.

Термин сөздерінде бір буын ішінде дауысты дыбыстан кейін екі дауыссыз 
дыбыс келе береді және ол дауыссыз дыбыстардың орналасуы ерікті. Мысалы: 
метр, литр, танк, акт;
б) қазақтың байырғы сөздерінде бір буындағы дыбыс саны, ең көп 
дегенде, төрт дыбыстан аспайды. Ал термин сөздерде бір буындағы дыбыс 
саны бес дыбысқа дейін барады және ондағы дауыссыз дыбыстардың 
орналасуы ерікті болып келеді. Мысалы: 
Маркс, текст, трест, Омск. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет