Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 143. Құрмалас сөйлемдердің түрлері



Pdf көрінісі
бет357/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 143. Құрмалас сөйлемдердің түрлері 
Құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық 
қарым-қатынастары да, байланысу тәсілдері де үнемі біркелкі бола бермейді. 
Кейде құрмалас сөйлемнің қүрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан 
бір мезгілде біріне-бірі іргелес өтіп жатқан оқиғаларды, не екі сөйлемдегі 
айтылған қимылдық процестің бірі екіншісіне қарама-қарсы екендігін, не екі 
оқиғаның себептестігін білдіріп тең дәрежеде байланысқан жай сөйлемдердің 
баяндауыштары (етістік баяндауыш болса да, есім баяндауыш болса да) 
тұлғалық жағынан тиянақты түрде қолданылады. Мысалы: 1) 
Ербол 
Тоғжанды апарып тастады да, өзі қайта шауып кетті. (М. Ә.) 
2. 
Қабыш 
екеуі біраз созғыламақ еді,Шығанақ оған келтірмеді. (Ғ. М.) 
Бұл сөйлемдер-
дің екеуі де құрмалас сөйлемдер. Олардың әрқайсысы өзара тең дәрежеде 
байланысқан екі жай сөйлемнен келіп, бір күрделі ойды білдіріп тұр. Әрбір 
жай сөйлемнің баяндауышы 
апарып тастады, шауып кетті, созғыламақ еді, 
келтірмеді 
деген сияқты ашық райлы етістіктерден келіп тұр. Құрмаласқа 
енген бұл жай сөйлемдердің мағыналық дербестігі және баяндауыштарының 
тиянақтылығы сонша, бұлардың әрқайсысын осы қалпында езгеріссіз бөлек 
сөйлем ретінде колдануға да болады. Бұларды ұласып айтылған бір күрделі 
ойды білдіретін құрмалас сөйлемге енгізіп байланыстырып тұрған — олардың 
мағыналык жақындығы мен жалғаулық шылау және сөйлемнің интонациясы. 
Құрмаласқа енген жай сөйлемдер кейде бірімен-бірі тең дәрежеде 
айтылмай, бірі мағыналық жағынан және баяндауыш тұлғасы жағынан дербес 
сөйлем боларлық дәрежеде айтылады. Енді бірі мағыналық жағынан 
бағынышты болып келеді де, оның баяндауышы не көсемше, не есімше, не 


болмаса шылау сөздері тіркескен күрделі баяндауыш түрінде қолданылып, 
тұлғалык жағынан тиянақсыз болады. Мысалы: 1) 
Әшім күлкіге аралас-тырып 
сөзінің ізін жасырмақшы болса да, Әсетті адастыра алған жоқ. (К. 0.) 
2) 
Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық толған кісі екен. (М. Ә.) 
Бұл 
сөйлемдер де екі жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемдер. Бірақ бұл 
кұрмаластардағы жай сейлемдердің ара қатынастары мен баяндауыш 
тұлғалары бұдан бұрынғы талданған сөйлемдерге ұқсамайды. Құрмаласқа 
енген жай сөйлемдердің 
Әшім күлкіге араластырып сөзінің ізін жасырмақшы 
болса да... Абай сәлем беріп үйге кіргенде... 
деген бөлімдері белгілі ойды 
өздігінен тиянақтай алмайды, мағыналық жағынан өздерінен кейінгі айтылған 
ойға бағынышты. Баяндауыш тұлғалары да 
жасырмақшы болса да, кіргенде 
түрлерінде айтылып, тиянақсыз түрде колданылып жүр. 
Сөйтіп, кұрмалас сөйлемдер компоненттерінің мағыналық қарым-қатына-
сына, өзара грамматикалық байланысу тәсілдеріне қарай негізгі үлкен үш 
топқа жіктеледі: 1)
салалас құрмалас сөйлемдер,
2)
сабақтас құрмалас 
сөйлемдер.
3)
аралас құрмалас сөйлемдер. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет