Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


қызық кітап бүгін маған тиді



Pdf көрінісі
бет356/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

қызық кітап бүгін маған тиді, 
2) 
Біз қонақ болып түскен 
үйдің иесі
біздің біреумізге таныс болып шықты.
3)
Асқар ішінде келе жатқан 
полк көптен бері қажырлы қарсылық көрсетерлік жау кездестірген жоқ
еді. 
(С. 
М.)
4)
Иығына салып алған орамалы бар
Жақия жез леген алып 
жүріп жүртқа жағалай су құйып тұр. 
(М. Ә.)


323 
Шынында, бұл сөйлемдердің бәрі де үйірлі мүшелі жай сөйлемдер. 
Мұндағы негізгі ой ... 
қызық кітап бүгін маған тиді, ... үйдің иесі біздің 
біреуімізге таныс болып шықты, ... полк көптен бері қажырлы карсылық 
көрсететін жау кездестірген жоқ еді, 
... 
Жақия жез леген алып жүріп 
жұртқа жағалай су құйып тұр 
деген жай сөйлемдер арқылы беріліп тұр. 
Бұл сөйлемдер құрмалас сөйлем бола алмайды. Өйткені олардың қарайтылып 
берілген бөлімінің тұлғалық көрініс жағынан грамматикалық бастауышы мен 
баяндауышы бола тұрса да, сөйлем боларлық мағыналық ой дербестігі жоқ, 
интонациялық жағынан сөйлемдік ерекшелігі жоқ. 
Сейтіп, 
белгілі құбылыс, оқиға, әрекеттердің ара қатынастарын 
білдіру үшін өзара тиісті грамматикалық тәсілдермен байланысып, бір 
күрделі ойды білдіретін бірнеше жай сөйлемдердің тіркесінен құралған 
сөйлемді қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді.
Мысалы: 1)
 
Төменгілер сөзімді тыңдамаса, жоғарғы бастықтың өзіне 
айтам. (К. Т.) 
2) 
Ащылы шөптің тұқымы да күшті, мал тез семіреді және 
ащыға семірген малдың еті де, сүті де тұщыға семірген малдан күшті 
болады. (С. М.) 
3) 
Жомарт бітірген шаруасын қысқаша айтты да, үшеуінің 
бас қосып шыға қалуын сұрастырды. (Ғ. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет