Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


д ы б ы с т а р д ы ң ү н д е с у і



Pdf көрінісі
бет36/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

д ы б ы с т а р д ы ң ү н д е с у і
немесе
д ы б ы с т ы қ з а ң д а р
дейді. 
Дыбыстық заңдар немесс дыбыстардың үндесуі қазақ тілінде екі түрлі 
болады: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі. 
 
§ 15.
Буын үндестігі
Бір буынды
сөздің түбірінің, көп буынды сөздің соңғы буынының
не 
жуан, не жіңішке болуына қарай қосымшалардың да не жуан, не жіңішке 
болып ыңғайласып жалғануын б у ы н ү н д е с т і г і
дейді.
Әдетте буын құрайтын дауысты дыбыстар болатындықтан, түбірдің соңғы 
буыны-ның жуан не жіңішке болуы сол буындағы дауысты дыбыстың жуан я 
жіңішке болуына байланысты. Сондықтан буын үндестігі дегенді дауысты 
дыбыстардың үндесуі деп те атауға болады. Сөз ішінде дауысты 
дыбыстардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін тіл 
ғылымында с и н г а р м о н и з м немесе с и н г а р м о н и з м з а ң ы дейді. 
Дауысты дыбыстардың осындай үйлесіммен жуан, жіңішке болып
жұпталып айтылуынан сингармонизм заңы туады да, қазақ тіліндегі түбір 
сөзге жалғанатын қосымшаның бәрі де жуанды, жіңішкелі болып жұпталып 
қолданылады. Сондықтан түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан 
болып жалғанады да, түбірдін соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да 
жінішке болып жалғанады. Мысалы: 
кітап 
— 
кітап + тар
— 
кітап+қа; 
қызмет 
— 
қызмет+ші 
— 
қызмет+ке; Әлімқұл 
— 
Әлімқұл + ға 
— 
Әлімқұл+да; Ақтөбе 
— 
Ақтөбе + ге 
— 
Ақтөбе + де.
Бірақ қазіргі қазақ тіліндегі сөздерге жалғанатын косымшалардың 
барлығы бірдей буын үндестігіне бағынып, сөздің соңғы буынының жуан я 
жіңішкелігіне сәйкес не жуан, не жіңішке болып құбылып отырмай, кейбір 
қосымшалар қазактың байырғы сөздеріне де, термин сөздерге де бір калыпты 
жалғанады. Ол қосымшалар мыналар: 
1. Көмектес септік жалғауының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет