Сабақтың тақырыбы: Т.Молдағалиев «Біздің ту» Тасымалдауға болмайтын сөздер.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау. Бір буынды және бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер туралы түсінік беру.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
б) Оқушыларға Қазақстанның рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан картасы, Ш.Ниязбеков, Т.Молдағалиевтің потреттері, рәміздер туралы слайд, АКТ, постер.
Пайдаланылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын ойнау.
Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Қазақстан картасы» әр жолды жатқа айту.
Туған жер туралы мақал-мәтел жатқа айту.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
«Тез айт» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
Жуан дауыстыларды кім айтып береді?
Жіңішке дауыстыларды кім айтып береді?
Буын дегеніміз не?
Сөзде Й, Ң, У дыбыстары келсе қалай буындалады?
Тасымал дегеніміз не?
IV. Мақсат қою кезеңі: Тасымалдауға келмейтін сөздер туралы айтамыз. Тұманбай Молдағалиев туралы біліп, «Біздің ту» өлеңімен танысамыз және тудың авторы Шәкен Ниязбеков туралы білетін боламыз.
V. Жаңа сабақ:
Қазақ тілінде кейде жазып келе жатқанда тасымалдауға болмайтын сөздер де кездеседі. Ондай сөздерді ешқашан тасымалдауға болмайды.Оларды тұтастай жазу керек.
Ережемен таныстыру. (Интерактивті тақтадан көрсету)
Тасымалдауға болмайтын сөздер:
1) Бір буынды сөздер: от, сүт, қант;
2) Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер: о - рақ, ө - зен, а - ю, ұ - я, қи – я.
Енді осыны тереңірек түсіну үшін жаттығулар орындаймыз.
76-жаттығу. Өлеңді оқыту.
Сергіту сәті.
77-жаттығу. Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөздерді буынға бөліп оқыту.
Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау. (Слайд)
- Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
- Қазақстан қандай ел? (Егеменді, еркін, тәуелсіз)
- Елбасымыз кім? (Н. Ә. Назарбаев)
- Рәміздерге не жатады? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
Біздің бүгінгі танысатын өлеңіміздің аты «Біздің ту». Тудың суретін көрсету, авторы Шәкен Ниязбеков.
1 - слайд. ҚРМ - тік туының авторы Ш. О. Ниязбеков. Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері. Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.
слайд мемлекеттік рәміздер - тудың суретін слайдпен көрсету арқылы
таныстырып өту.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді. Ашық аспан бейбітшіліктің, аманшылықтың, белгісі болған. Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыранының бейнесі – қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны. Өрнек - белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
«Біздің ту» өлеңінің мазмұнын ашу, авторы Тұманбай Молдағалиев. Автор туралы слайд арқылы қысқаша мағлұмат бере келіп, өлеңді мәнерлеп оқып кезекпен өлеңді оқыту
Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды пысықтау:
Қазақстан
VII. Бекіту кезеңі:
Сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау. Электронды түрде сұрақтарға жауап беру арқылы тудың бейнесін келтіру.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: «Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу. Тасымалданбайтын сөздер туралы біліп, есте сақтап келу.
Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |