Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Талғаулықты салалас сөйлем. Құрмаласқа енген жай сөйлемдердің



Pdf көрінісі
бет363/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Талғаулықты салалас сөйлем. Құрмаласқа енген жай сөйлемдердің 
арасы
не, немесе, я, я болмаса, яки, әлде 
 жалғаулықтары арқылы 
байланысып, ол жай сөйлемдердің біріндегі амал-әрекет, болмыс
орындалса, кіншісіндегі - орындалмайтындығын білдіретін салаластың 
түрін т а л ғ а у л ы қ т ы с а л а л а с с ө й л е м дейді. 
Мысалы:1) Бар жерін 
не
 өздері білмейді,
не 
білгеннің сөзіне ермейді. 
Қарттың тоқталып қалғаны тойтарыс көргендей болды ма, 
болмаса 
бұл 
әдетке айналған ба деп те еді. (К. О. ).
5.Кезектес салалас сөйлем. Құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасы
кейде, біресе, бірде 
 жалғаулықтары арқылы байланысып, жай 
сөйлемдердегі амал-әрекет , болмыс кезектесіп іске асатынын білдіре-тін 
салаластың түрі к е з е к т е с с а л а л а с с ө й л е м деп аталады. 
Мысалы:Үй иесі безектеп 
біресе
 өзі есінен адасып тұрған маған жүгіреді, 
біресе
 қирап жатқан ыдыстарына жүгіреді (Ә.Әбішев.). 


329 
 

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1)
 
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді? 
2)
 
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдері қандай мағыналық 
қатынасқа құрылады? Қандай шылаулар арқылы байланысады? 
3)
 
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдері қандай 
мағыналық қатынасқа құрылады? Қандай шылаулар арқылы 
байланысады? 
4)
 
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдері қандай 
мағыналық қатынасқа құрылады? Қандай шылаулар арқылы 
байланысады? 
5)
 
Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдері қандай 
мағыналық қатынасқа құрылады? Қандай шылаулар арқылы 
байланысады? 
6)
 
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері қандай мағыналық 
қатынасқа құрылады? Қандай шылаулар арқылы байланысады? 
 
 
195-жаттығу
Не, немесе, болмаса,я,яки 
жалғаулықтарын келтеріп жеті салалас 
құрмалас сөйлем құрастырып жазыңдар да, құрмаласқа енген жай сөйлемдердің мағыналық 
қарым-қатынасын айтып беріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет