65
болыс Баянауыл елінің указной молдасы Рахметолла хазреттікі. Мешітке
тұспа-тұс көшенің қарсы бетінде. (Ғ.М.)
1.Бөлмемізге кірсем, Бораш жүруге әзірленіп жатыр. Қып-қызыл бір
шамадан әкеліпті. Үстел үстінде көмірі қызарып үтік тұр. 2.- Біздің жақсы
мамандарымыздың бірі, жылдық жоспарын төрт айда орындаған Сартәлиевке
берілетін бәйге... деп, ақ кастюм, елу сом ақша, жылтыр қара бәтеңкені
ұсынғанда, басқалармен бірге байсалды басып барып мен де алдым. (М.Ғ)
41- жаттығу.
Сөйлемдерден қазақ тіліне араб, парсы, орыс
тілдерінен ауысқан сөздерді
теріп жазып, олардың тілдегі қандай мағыналық топтарға жататынын анықтаңыздар:
1)Тәңірберген оны оңаша алып отырып, қайын атасы мен екеуінің
арасына делдал, дәнекер болуын өтініп еді, анау құлшына
кірісетін пейіл
білдіріп, жүгініп отыра қалды ( Ә. Н. ). 2) Сопы пәтуасын айтқанда, олар да
шұғыл құптап, бастарын шұлғып, құнжыңдады да қалды ( Ә. Н. ). 3) Көп
ішінен оның бір өзіне
ілтифат етіп, оң тізесін сәл бүгіп, сәлем беріп еді ( Ә. Н.
). 4) Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан мына қиянаты мен күнәсі мол
дүниеде күәһар болмай, тал бойын таза алап жүрген жалғыз кісі бір өзі
сияқты
( Ә. Н.) 5) Оны осы сәтте көрген кісі: «Ойпырмай, мына баланың иман
жүздісін-ай!» -деп ойлаушы еді. Болыс ағасы өлген соң бұрынғы мүләйім
мінезін қойып, бет пердесін сыпырып тастады ( Ә. Н.) 6) Мұнда келгесін
Ебесін өзінің дағдылы кәсібіне кірісіп, жұрттың тері-терсегін шай, шекерге
айырбастай бастады ( Ә. Н.). 7. Мәғрүп жағында күн бата бастағаннан кейін,
күйеуге беретін қызды киіндіре бастайды. 8. Теке деген халықтың қыз беру
рәсімі тағы да бір түрлірек болады-дүр. Әуелі һәммадан бұрын құда
болуға
кісілерді жібереді ( «Д. у.» ). 9. Осы выставкада болған бүкіл Ташкент
халықтарының ешқашан көңілдерінен шықпастай-ақ болды және ұлы дәрежелі
қазынахананың министр хазратының Ташкент жақтарына
келгені анық
көрсетіп, білідіріп тұр ( «Д. у.» ). 10. Жоңғария уалаяты һәм Қытайдағы Нань-
лу уалаятына қараған күншығыстағы Алтышаһардың мән-жайын баян етіп
жазған Шоқан Уалихановтың жаһатын патша құзыреттерінің дүниа ғылымын
басқарып тұрған мекемесіндегі Россия хүкім иелері тәрбиелеп басып
шығараған еді ( «Д. у.»
Достарыңызбен бөлісу: