Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 38. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі



Pdf көрінісі
бет85/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 38. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі 
 
Сөзжасам-тіл білімінің жеке, дербес саласы.Оның зерттейтін мәселесі -
сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар, сөз жасаушы типтер 
мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, 
сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы
т.б.
Қазіргі қазақ тілінің қалыптасқан, күрделі сөзжасам жүйесі бар.
Әдетте, белгілі бір сөзден басқа бір жаңа сөз тудырсақ та, басқа-басқа бір 
неше сөз тудырсақ та, ең әуелі сол туынды сөзге негіз болған сөздің тұлға-


87 
тұрпаты, морфологиялық құрылысы өзгереді. Мысалы, жұрнақ арқылы бір 
түбірден 
ісші, іскер, істе, іскерлік
деген сияқты бірнеше сөз тудырсақ та, 
немесе, қосарлау арқылы әр түбірден 
көзбе-көз, жүзбе-жүз, бетпе-бет
сияқты әлденше сөз тудырсақ та, сөздің бастапқы тұрпаты өзгереді. Сондай-
ақ, екі түбірді бір-бірімен біріктіру арқылы туған
бүгін, түрегел, ендігәрі, 
біресе (бұл күн, тұра кел, ендігіден әрі, бір ерсе)
сөздерін алсақ та, олардың 
морфологиялық құрылысы өзгеріске ұшырайды. Осы сөздер не түбірге 
қосымша қосу арқылы, не екі түбірді біріктіру арқылы, қысқасы, солардың 
морфологиялық құрылымын өзгерту арқылы жасалған. Олардың қай-қайсысы 
болса да тіліміздің грамматикалық құрылысына тән заңдарға лайықты 
құрылған. Осы сөздердің сол құрамдары олардың сыртқы формасының да, 
ішкі мазмұнының да әрі таянышы, әрі көрсеткіші ретінде қызмет етеді. 
Өйткені түбірге жұрнақ жалғау, түбірлерді қосарлау я біріктіру тәсілдерін 
алсақ, олар 
сөз тудырудың сыртқы формасы
болады да, сол тәсілдер 
(формалар) арқылы туған жаңа сөздердің лексикалық мағыналары
сөз 
тудырудың мазмұны
болады.
Сөйтіп, тілдің жүйесіне лайық қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет